Жаңалықтар

Атыс қаруынан көз жұмды

3 ақпан күні атыс қаруынан жарақат алған жол-патрульдік полиция қызметкері Талғат Баяділов жедел жәрдем ауруханасында көз жұмды.
Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға таңғы сағат сегіздер шамасында орын алған. Талғат Баяділов табельдік атыс қаруынан кеуде тұсынан жарақат алады. Ал қару қайтыс болған азаматтың қолынан табылған.
Қазіргі күні ішкі істер қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Ал көз жұмған 35 жастағы азамат ішкі істер саласында 2008 жылдан бері қызмет атқарып келген.

К.ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button