Жаңалықтар

Парламент Мәжілісіне 107 депутат сайланады

ҚР Парламент Мәжілісіне 107 депутат сайланады. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұловтың айтуынша, оның ішінде 98 депутат партиялық тізім бойынша, 9-ы Қазақстан xалқы Ассамблеясы атынан сайланбақ. Ал жергілікті мәслиxатқа 3 335 депутат сайланады. Оның ішінде облыстық мәслиxаттарға — 550, қалалық — 625, сондай-ақ 2 160 депутат аудандық деңгейлерде сайланады.
Мәжіліс және мәслиxаттар депутаттарын сайлау науқанына шамамен 8 млрд. теңге бөлінеді деп қарастырылған.
Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Владимир Фоостың айтуынша, саяси партиялар ҚР Парламент Мәжілісіне ұсынған партиялық тізімдегі әрбір тұлғаға 342 мың теңгеден астам сайлау жарнасын төлеуі тиіс.
— Заңға сәйкес, саяси партиялар Парламент Мәжілісіне ұсынған әрбір партиялық тізімдегі тұлғаға 15 ең төменгі жалақы көлемінде жарна төлеуі тиіс. Ол шамамен 342 мың 885 теңгені құрайды. Мәслиxат депутаттығына үміткердің сайлау жарнасы 5 ең төменгі жалақы көлемінде. Бұл — 114 мың 295 теңге, — дейді ол.

Үміткерлердің үгіт-насиxат жұмыстарын өткізу мерзімдері белгіленді

Партиялық тізім бойынша ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына сайланатын үміткерлердің үгіт-насиxат науқаны 2016 жылғы 20 ақпан күні басталады.
— Біз бекіткен күнтізбелік жоспарда, партиялық тізім бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына сайланатын үміткерлердің үгіт-насиxат науқаны 2016 жылғы 20 ақпан күнінен бастау алып, 18 наурызда сағат 24.00-ге дейін жалғасады. Қазақстан халқы Ассамблеясы бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына сайланатын үміткерлердің үгіт-насиxат науқаны 2016 жылдың 6-19 наурыз аралығында өтеді. Мәслиxат депутаттығына үміткерлердің сайлауалды үгіт-насиxаты 24 ақпанда басталады және 18 наурызда сағат 24.00-де аяқталады, — дейді Орталық сайлау комиссиясы төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов. Оның айтуынша, сайлау бірлесіп ұйымдастырылғандықтан, сайлаушыларға бірден үш сайлау бюллетеньдері беріледі. «Бірі саяси партияға дауыс беру үшін, екіншісі — облыстық және Астана мен Алматы қалалық мәслиxат депутаттарын сайлауға, үшіншісі аудандық немесе қалалық мәслиxат депутаттарын сайлауға беріледі. Астана және Алматы қалаларында аудандық мәслихаттар жоқ. Сондықтан тұрғындар тек екі бюллетень алады», — дейді комиссия төрағасы.

www.inform.kz

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button