АуылРесми

Сазды ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Айбала Опатайқызы СЕРМАҒАНБЕТОВАНЫҢ 2015 жылдың қорытындысы бойынша округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есебі

Сазды ауылдық округінің жалпы көлемі 39 696 га құрайды, соның ішінде 22 357 га ауылшаруашылық алқаптары, оның 10 764 га егістікке, 11 573 га жайылымға арналған жер, ал елді мекен жерлері — 3078 га.
Округ аумағында 816 тұрғын үй тіркелген, ондағы тұрғындар саны — 4110 адам. Округте қазіргі уақытта тіркеуде 28 шаруа қожалығы, 3 ЖШС және 1 өндірістік кооператив бар. Мал саны: 1950 бас мүйізді ірі қара және 3457 қой.
«Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға қатысып, «Амина» шаруа қожалығы 23 бас ірі қара мал сатып алып, санын 37 басқа және қой санын 506 басқа көбейтті. Мал жемдейтін кешенді өндірісті «Құмсай» шаруа қожалығы 127 ірі қара мал сатып алды.
ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған 2015 жылдың 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Жолдауында ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламасы одан әрі жалғасады деп нақтыланды. ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру жұмыстары, бекітілген кестеге сәйкес ауыл тұрғындары және шаруа қожалықтарымен кездесулерде жүргізіледі. Өткен жылы 12 кездесу өткізілді.
Округте шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау бойынша жұмыстар жалғастырылуда, бизнесті несиелеу 10 жылға 6 пайызбен жағдай туғызылған. 2015 жылы 3 дүкен, кафе, ТҚС, 2 автодөңгелек жөндеу цехы ашылды. «Өрлеу» бағдарламасы бойынша наубайхана іске қосылды.
Басқа да кәсіпкерлік субъектілерін ашуға сұраныс берілді, бұл-жүк көліктеріне қызмет көрсету бойынша логистикалық орталық және мемлекеттік-жеке серіктестік бағдарламасы бойынша 2 балабақша құрылысы. Жеңілдікпен несиелеуге бөлінген қосымша қаражаттар, қызмет көрсету саласында жаңа қосымша жобаларды ашуға ынталандырады және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.
Ағымдағы жылы Бауырластар, Бауырластар-2 тұрғын массивтерінде сметалық құны 240,2 млн. теңге құрайтын сумен жабдықтау желілерінің құрылысы аяқталды. Сазды-2 тұрғын массивінде сметалық құны 335 млн. теңгеге газдандыру және сметалық құны 625 млн. теңгеге сумен қамту бойынша жұмыстар толық көлемде аяқталды. Қазіргі уақытта барлық тұрғын массивтері жарықтандырылған және газдандырылған, тек Лесное ауылында жерасты су қорларын барлау жұмыстары жүргізілмегендіктен, елді мекенді сумен қамту мәселесі кезегін күтуде.
Тұрғын массивтердің жеке құрылыстарының қарқынды өсуіне байланысты Бауырластар-2 тұрғын массивінде жаңа мектеп құрылысы мәселесі туындады, 600 орынға арналған жаңа мектеп құрылысына жобалық-сметалық құжаттама дайындау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 3,6 млн. теңге бөлінді. Бұл қаражатқа 1,45 млн. теңгеге саябаққа қоршау жасалып, 1,55 млн. теңгеге 2 саябақта балалар ойын элементтері орнатылды. 198 мың теңгеге Сазды мәдениет үйінің жылыту жүйесіне сорғы сатып алынды.
Есепті кезеңде округ әкімінің жеке қабылдауында 90 адам болды, барлық сұраққа жауаптар берілді. Құжат айналымы 1150 бірлік құрады. Барлық жауаптар уақытылы берілді.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button