Ресми

Тағайындау

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Ақтөбе облысының әкімі Б.М.Сапарбаевтың 2015 жылғы 26 қарашадағы өкімімен Жаңабай Мұратбекұлы Бексары облыс әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.

Жаңабай Бексары

1965 жылы туған, Воронеж политехникалық институтын электромеханика инженері, Қазақ мемлекеттік заң университетін заңгер мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1989 жылы «Қызылордажобалау» институтының инженері болып бастады. 1992-2002 жылдары «Харрикейн ҚұмкольМұнай» АҚ жетекші энергетикалық инженері, жобаны бақылау инженері, кәсіподақ комитетінің төрағасы лауазымдарында болды. 2002-2010 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратының бас инспекторы, автокөлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы, облыс әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып қызмет атқарды.
2010 жылғы наурыз айынан бастап «KEGOC» АҚ корпоративті басқару жөніндегі вице-президенті, корпоративті басқару жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарып келді.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button