МерекеҚазақ хандығы-550

Той хан ескерткішіне гүл қоюдан басталды

Ақтөбеде Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанат ұлтымыздың ұлы перзенттерінің бірі, дарынды саясаткер, даңқты қолбасшы, баһадүр Әбілқайыр ханның ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталды.
Гүл қою рәсімін облыс әкімі Бердібек Сапарбаев бастады. Одан соң облыстық, қалалық мәслихаттардың өкілдері, басқармалар мен департаменттердің басшылары, аудандық әкімдіктердің өкілдері гүл шоқтарын қойып, хан рухына тағзым етті.
Жұртшылық хан ескерткішіне гүл қоюға келген қонақтардың арасынан даңқты актер Асанәлі Әшімовті, әнші-композитор Алтынбек Қоразбаевты, белгілі ақын, айтыс өнерінің жоқшысы Жүрсін Ерманды, тағы басқа елімізге белгілі азаматтарды көріп, риза болысты. Олармен суретке түсіп жатқан жастарда есеп болған жоқ.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button