Мереке

Ата заң және дала заңдары

Конституция -20

Қазақстан Республикасының Конституциясы, яғни Ата Заңымыздың тамыры тереңнен, дәстүрлі қазақ қоғамының дәстүр-салты мен
әдет-ғұрпынан бастау алады.
Керей мен Жәнібек хандар сонау 1465 жылы қос өзен — Шу мен Талас алқабында Қазақ хандығын құрды. «Еркін», «ерікті», «тәуелсіз», «азат» деген ұғымды білді¬ретін атаумен өз алдына ел болды. Әу бастан-ақ біз үшін бостан¬дық, еркіндік, тәуелсіздік деген ұғымдар басты құндылық болып қалыптасты.
1995 жылдың 30 тамызында бүкілхалықтық референдумда мақұлданған Конституцияның бірінші бабында: «Қазақстан Республикасы — унитарлы, құқықты, зайырлы, әлеуметтік мемлекет», деп жазылған. Біз сол конституциялық ұстанымдар ішінен «құқықты» деген түйінге арнайы тоқталамыз, себебі, әр азаматтың өмірлік бостандығы мәселесі бүкіл мемлекеттің күш-қуатына зор әсер етеді.
Өткеннен тәлім ала білген, ел бірлігін тәуелсіздігіміздің басты қағидаларының бірі етіп қадірлеген халқымыз Қазақстан мемлекетіндегі тағдыры ортақ 130-дан астам ұлт өкілдерімен бір шаңырақ астында жұдырықтай жұмылып, еліміздің баянды бола-шағы үшін талмай еңбек етуді о бастан айқын жол етіп таңдады. Бұл Конституциямыздың әр бабында көрініс тапқан. Аузы дуалы билеріміз де ұрпа¬ғына тек қана бірлікте болған халықтың бағы жанатынын, баянды ел болатынын айтып кеткен.
Қазақтың 550 жыл бойғы тарихына көз салсақ, халқымыздың әрдайым мемлекеттілікті нығайтып, ілгерілеу жолында келе жатқанын көреміз. Керей мен Жәнібек хан¬дардың бастамасын одан кейін билікке келген Қасым хан жал¬ғастырып, жандандыра түсті. Жауынгерлік, қолбасшылық қабі¬летімен қатар, алдымен ел бірлігін мақсат тұтып, сол мақсатына жете білген көреген саясаткер Қасым хан Қазақ хан¬-дығы тарихында конс¬титуция¬лық құдіреті бар «Қасым ханның қасқа жолы» атты мемлекет тұрақ¬тылы¬¬ғына бағыт сілтейтін ереже-ұстанымдарды паш етті.
Осы ізбен жет¬кен Есім ханның «Ескі жолы» мен әз Тәукенің «Жеті жа𬬬ғысында» заң-намалар бірін-бірі тлықтырып, бүгінгі Конст謬ту¬¬ция¬ның негізіне сенімді іргетас болды. Қазақ қоғамында ертеден-ақ билер соты деп ата¬латын мемлекеттік биліктің демо¬кра¬тия¬лық жүйесі қалып¬тасқа¬ны баршаға аян. Ел тарихы мен әдебиетінде Дешті Қып¬шақ дәуірінде, Жошы ұлы¬сы, Қазақ Ордасы, одан кейінгі орыстың бодандығында болған кезеңдердің өзінде де қазақ арасынан суырылып шы¬ғып, қара қылды қақ жарып, билік айтқан билер есімдері жиі кездеседі. Би¬лердің негізгі рөлі – заңгерлік және бітімгерлік болған. Себебі, ел арасындағы дауларды талқылағанда, бір би — айыптаушы, екіншісі — ақтаушы, үшіншісі төреші болып, бір ортақ әділ шешімге келу тәжірибесі жинақталған. Олай болса қазақтың төл тарихында бүгінгі заманның прокуроры мен адвокаты да, судьясы да — би болған. Ал бітімгер дейтініміз, халық пен ханның арасында, екі елдің арасында дәнекер, үйлестіруші болып, қазіргі тілмен айтқанда мәмліегерлік қызметті де атқарған. Бір тарихи сәтке көңіл аударалық. XVIII басындағы жоңғар шабуылы барысында аса ауыр өткен ұрыстардың бірінен кейін, екі жақ бітімге келу мақсатымен келіссөз жүргізуге ықылас білдіреді.
Осы кездесуде сөз алған қазақтың танымал биі:
«Біз, қазақ деген мал баққан елміз,
Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз,
Басымыздан құт-береке қашпасын деп,
Жеріміздің шетін жау баспасын деп,
Найзаға үкі таққан елміз.
Ешбір дұшпан басынбаған елміз,
Басымыздан сөз асырмаған елміз,
Достықты сақтай білген елміз,
Дәм-тұзды ақтай білген елміз…
Танымайтын жат елге —
танысқалы келгенбіз,
Танысуға көнбесең —
шабысқалы келгенбіз.
Сен қабылан болсаң,
Мен арыстан —
алысқалы келген¬біз,
Тұтқыр сары желіммен жа¬быс¬қалы келгенбіз.
Бітім берсең — жөніңді айт,
бермесең — тұры¬сатын жеріңді айт!», — деген¬де, жоңғарлардың өкілі сөзге тоқ¬тап, бітім¬ге келген екен. Би¬лер¬дің мәмілегерлік жүгі, міне, осындай болған.
«Жау¬ластыр¬мақ – жау¬шы¬дан, елдес¬тірмек – елші¬ден», «Ел¬шісіне қарап елін таны» деген аталы сөз осындай ел тағдыры талқыға түскен сәттерде пайда болса керек. Қазақ биі — дау-жанжалды шешіп, кесімді төрелік айтып, әділ үкім шығару арқылы кең бұқараға танылған тұлға болған. Дәстүрлі қазақ қо¬ғамында билерді сайлау, таға-йын¬дау немесе бекіту деген түсі¬нік және сол мақсаттардағы ұзын сонар шаралар да кездеспейді. Би деген атақ мұраға қалып, оның қызметін ұрпақтары жалғас¬тыру дәстүрі де кездеспейді. Билер қазақ қоғамының «ақсүйектер» (төре, қожа) қауымына да кірмеген. Бидің дәрежесін халық зиялы ұстанымы мен әділдігі, білімі мен тәжірибесі арқылы таныған. Бидің табиғаттан дарыған шешендік, өткірлік, ақыл-пара-сат, қызыл тілде еш¬кімге дес бермес қасиет¬тері¬н халық ерекше бағалаған. «Дала заңы¬ның» негіз¬гі қа¬ғид¬алары мен ережелерін білуі, өзіне дейін¬гі атақты би¬лердің үлгілі сөзі¬нен нәр алуы¬ қаншалықты — осы жағына аса назар аудар¬ған.
Бала билер көрген-түйгені мол, көр¬нек¬ті, жұрт алдында беделді б謬лердің тәрбиесінде болып, көмекшілікте жүріп, тәжірибе жинаған. Билер қара қылды қақ жарған әділдігімен халық қалаулысына айналған. Билердің кесім-бітімі көп¬шіліктің көз алдында, ашық аспан астында жария етілген. Қазақтың ақсүйектері, отаршылдық замандағы старшындар да билер сөзіне құлақ асқан, кесіміне тоқтаған. Дұрыс үкім шығармаған жағдайда, би өзінің абыройынан айырылып, оған жүгінушілер тыйылып, сол кезден бастап ол өзінің билік ету міндетінен шеттетілген. Қазақ қоғамындағы билер роліне патшалық Ресей де мән берген, санасқан. Сондықтан 1801, 1822, 1824, 1867-68 жылдардағы мемлекеттік реформаларда және одан кейін де билер мәртебесі сақталған.
Билер ешкімге бұра тартпай, дұрыс шешім шы¬ғарса, еңбегі үшін кінә¬лі жақ¬тың есебінен дау¬да өнді¬рілетін мүліктің оннан бір бөлігіне тең сыйақы алବтын болған. Билердің аузынан шыққан даналыққа толы ой-толғамдар ел аузында таралып, жатталса, ондағы негізгі ой елді өркениетке, объективті жолға жетелеген. Әділ-дігімен, турашылдығымен жұрт көңілінен шығып отырған билер, ең алдымен, ел бірлігі мен татулығын ойлаған. Билер институты қазақ жерінің берекесі, отансүйгіштік, ерлік және ар-ождан сынды құндылықтарды жоғалтпауға және адами қасиеттерді сақтауға бағыт берді. Әділеттің ақ туын желбіретер биге қойылар талап қашан да қатаң. Қазақтың билер соты өзіне жүгінген тараптардың дау¬ларын қарастыра отырып, тарап¬тардың арасындағы, рулар ара¬сындағы бітімгершілікке және бірлікке қол жеткізуге күш салған. Билер сотының осы асқақ мұрат¬тарының талабына жауап беру үшін, билер Даланың даналық мектебінен өтуге, алдыңғы ұлы билердің сынынан сүрінбеуге тиіс болған.
Даланың данагөй данышпандары Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, олардан бұрын және кейін өмір сүрген қазақ ойшылдары, қазақ мемлекеттілігінің дамуына бағасы жоқ үлес қосып, ал рулар мен тайпалардың арасында пайда болған түсінбестіктерді тиімді амалмен шешудің қайталанбас жолдарын құрап, үлгі-тәжірибелерін танытты.
Бүгінгі қолданыстағы Конституциямыз бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданғаны белгілі. Референдум қарсаңында жоба талқылауға түсіп, оның барысында шет ел тәжірибесі ғана емес, жоғарыда келтірілген тек қазақ қоғамына тән ерекшеліктер төңірегінде де пікірлер айтылды. Және бұл пікірлер кейін басшылыққа алынды. Арада қаншама ғасырлар өтіп, дүние өзгерсе де, ескі дәстүріміздің бір ізі, жаңғырығы бізге жетті. Ендеше, өздерінің өмір жолдарын сот жүйесімен байланыстырып, судьялық қызметті таңдап алған әрбір азамат жаңа заманның әділ биі болу үшін, аталған ұлттық құндылықтарымыздан сусындап, кәсіби тәжірибесін талдап, оны халық тарихындағы артықшылықтармен толықтыратынына сенім артқан жөн.
«Өз елімнің басы болмасам да, сайының тасы болайын» деп алға ұмтылып, межелі мақсат пен асыл мұратқа жетуді көздеген азамат судьялық қызметті абыроймен атқаруы, айтулы ха¬лық билерінен үлгі алуы тиіс. Қазақтың ұлы перзенті Қаныш Сәт-баев: «Ханда қырық кісінің ақылы болса, биде қырық кісінің ары мен білімі бар», — деп жазған еді. Мемлекет атынан сөйлейтін судья заң мен ар-ожданды басшылыққа ала отырып, шешім шығаруы керек. Малайсары би: «Шырағым, үш сөз бар, соны ұмытпай жүрсең, халқың соңыңнан қалмас. Ұмытсаң, артыңа ермес. Ол үш сөз: ұят, борыш, обал!» — деген екен. Бұл — ғасырлар бойы билерге қойылған негізгі талап.
«Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген кесімді сөз бүгінгі күні де кез келген судья үшін берік ұстаным саналуы тиіс. Қазақтың біртуары ұлы, Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлы: «Әділін сұраса, атаңның болсын айыбын айт», — деп, әділдіктің ақ жолын ту еткен. Қай елді, қай заманды алсаңыз да, сот жүйесіне қарап, қоғамдағы билік жайы, оның халық мүддесі алдындағы адалдығы туралы пікір қалыптасады. Міне, осыларды саралай келгенде айтарымыз, ежелгі дәуірден бері жалғасып келе жатқан билер дәстүрі заман өзгерген сайын, өзгеріп, жаңарып отырғанымен, негізі, міндет-талаптар сол қалпында қала бермек. Қазақ елінің мем¬ле¬кеттік құрылым жүйесінің, Ата Заңының, құқықтық мәде¬ниетінің қалыптасып, дамуына өлшеусіз үлес қосқан билердің орны қашан да биікте болатыны сөзсіз.

Нұртаза АБДОЛЛАЕВ,
тарих ғылымдарының докторы,
Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің профессоры.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button