Жаңалықтар

Ырғызда дүбірлі той өтеді

Ырғыз ауданы — өзіндік дәстүрі қалыптасқан, бай тарихы бар өңір. Халқымыздың тарихында зор бетбұрыс болған Ресей мемлекетімен арадағы достық келісімге әйгілі Әбілқайыр хан осы Ырғыз жерінде қол қойған. Қазақ жеріндегі алғашқы мектеп пен кітапхананың бірі, ең алғашқы қыздар мектебі осында ашылған. Ырғыздан Үкімет басқарған Ұзақбай Құлымбетов, «темір нарком» Темірбек Жүргенов секілді көптеген мемлекет және қоғам қайраткерлері, ұлт мүддесіне қызмет еткен талай тарлан тұлғалар шыққан. Тарихи өңірдің орталығы Ырғыз қаласының іргетасы қаланғанына биыл 170 жыл толады. Аудан халқы 2015 жылдың 11-12 қыркүйек күндері мерейтойды кең ауқымда атап өтпекші. Осынау тойдың хабарын көпшіліктің назарына жеткізуді парыз көріп отырмыз. Қазақ хандығының 550 жылдығы мен қазақтың қастерлі өлке, қасиетті мекенінің бірі Ырғыздың мерейтойының тұспа-тұс келуі бізді қуантады.
Дүбірі алысқа кететін торқалы тойды жоғары деңгейде өткізу елге де, оның атпал азаматтарына да сын. Елдің елдігі мен азаматтарының ауызбіршілігі танылатын тұста атамекеннің қадір-қасиетін сезіне білетін жүрегі жомарт, түсінігі терең азаматтарға үлкен үміт артамыз. Бастаманы қолдап, белсене араласу әрбіріміз үшін киелі өлкенің кемел келешегіне қосқан сүбелі үлес болмақ. Осыған орай Ырғыздың перзенттері мен өз үлестерін қосуға ниеттенген барша азаматтарды шежірелі мекеннің мерейтойына атсалысып, қаржылай көмек көрсетуге шақырамыз.
Түсіністік пейілмен ұсынысымызға үн қататын барлық бауырларымызға алдын ала ризашылығымызды білдіреміз.
Ниет білдіруші азаматтардың 8 (71343) 22-1-62, 21-9-55, 22-1-00 телефондарға хабарласуын сұраймыз.
Ырғыздың іргетасы қаланғанына
170 жыл толу мерейтойының
ұйымдастыру алқасы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button