Жаңалықтар

Қателіктің үлкен-кішісі жоқ

Тәртіптік кеңес

Мемлекеттік қызметшіге әр кез жоғары жауапкершілік жүктеледі. Ол қолынан өтетін әрбір құжаттың мұқият жасақталуы үшін де жауап береді. Әйтпесе, бұл істегі мемлекттік қызметшінің салғырттығы жемқорлыққа жағдай туғызатын жолсыздықтарға соқтыруы әбден мүмкін. Заң алдында қателіктің үлкен-кішісі жоқ. Өткен аптада болған тәртіптік кеңестің отырысында осындай қателіктерге жол беріп алған жауапты тұлғалардың тәртіптік істері қаралды. Әйтеке би аудандық жер қатынастары және Ақтөбе қалалық спорт бөлімдері басшыларының осы орайдағы кемшіліктері беттеріне басылды. Сондай-ақ мемлекттік қызметшінің Ар-намыс кодексін бұзғаны үшін өз еркімен жұмыстан босауға мәжбүр болған жауапты тұлғаның іс-әрекеті де біраз әңгіме болды.

—Жауапты қызметкердің қателігі заң бұзушылыққа, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын қателіктерге әкелетін болса, ол адам тәртіптік жауапкершіліктен сытылып кете алмайды. Әрбір мемлекеттік қызметкер заңды бұлжытпай сақтап қана қоймай, өз тәртібіне, Ар-намыс кодексі талаптарын орындауға назар аударуы керек — деді, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары – Тәртіптік кеңестің төрағасы Қайыржан Тоқышев өзінің сөзінде.

Тәртіптік кеңестің отырысында облыстық статистика департаментінің басшысы Қайрат Жекеев өз мекемесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға байланысты жүргізіліп отырған жұмыстар жөнінде кеңес мүшелерінің алдында есеп берді. Басшының айтуына қарағанда, бұл мекемеде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары жан-жақты қамтылған. Қызмектерлердің біліктілігін арттыруға да жоғары мән беріледі. Жыл басынан бері мекемеде 8 қызметкер қайта даярлаудан өткен.

Сондай-ақ, осы жиында бұдан бұрынғы отырыстарда ісі қаралған мемлекттік қызметшілерге тәртіптік кеңестің шешімдері негізінде тиісті орындар арқылы қандай жазалар берілгені хабарланды.

 

Аманқос ОРЫНҒАЛИҰЛЫ.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button