Құрметті мәдениет қызметкерлері!
Қымбатты өнер ардагерлері мен қайраткерлері, шығармашылық одақ өкілдері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен — Мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күні біз мәдениет және өнер мекемелерінің — мұражайлар мен кітапханалардың, театрлар мен концерттік ұйымдардың, халық шығармашылығы және мәдениет үйлерінің, қалалық және селолық клубтардың қызметкерлеріне, сондай-ақ, ақындарға, жазушыларға, әртістерге және басқа шығармашылық мамандық өкілдеріне шын көңілден алғыс сезімін білдіреміз.
Біздің елімізде қоғамымыздағы руханиятты дамытуға, игілікті, адамгершілікті, қайырымдылық пен өзара түсіністікті өрістетуге жол ашатын үздік мәдени дәстүрлерді сақтауға және молайтуға ерекше мән беріледі.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІ сессиясында сөйлеген сөзінде «Қазіргі заманғы әлемде еліміздің берік мәдени тұғырынсыз экономикалық және саяси табыстары болуы ақылға сыйымсыз. Планетаның 30 лайықты ұлтының біріне айналу үшін, бәрінен бұрын, ХХІ ғасырда ең танылған мәдениеттің қатарында болу керек. Біз Қазақстанның әлемдік «жоғары мәдениет қоғамының» үш ондығы шоғырына енуін қамтамасыз етуге тиіспіз» деп атап көрсетті.
Мәдениет пен өнердің әрбір қайраткері үшін Ұлт көшбасшысының бұл сөздері айқын өмірлік бағдар болуы тиіс.
Біздің өңірімізде мәдениет пен ағартудың дамуы үшін көптеген істер жүзеге асырылуда, өйткені мұның өзі болашаққа мейлінше сенімді инвестициялар болып табылады. Бүгінгі күні облысымызда 474 мәдениет және өнер мекемелері қызмет етеді, оларда үш мыңдай қызметкер еңбек етуде.
Ақтөбелік мәдениет және өнер қызметкерлерінің өз істеріне берілгендігі, шеберліктері мен таланты біздің облысымыздың одан әрі гүлденуіне игі ықпалын тигізетіндігіне сенімдімін.
Құрметті жерлестер — мәдениет саласының қызметкерлері және шығармашылық одақтардың өкілдері!
Осы мереке күні сіздердің әрқайсысыларыңызға жақсы денсаулық, бақыт, молшылық, жалыны мол күш-жігер, ұмтылыстар, шығармашылық табыстар, жарқын да қызғылықты бастамалар тілеймін!
Облыс әкімі Архимед МҰХАМБЕТОВ.



