Жеңіс

Тылда тер төккен әжелер

Ұлы Отан соғысы мен тыл еңбегі ардагерлерін құттықтау шаралары аясында қаладағы №13 орта мектепте «Ардагерлер, Сіздерге тағзым етеміз!» атты салтанатты кеш өткізілді.

— Біз Ұлы Жеңістің жетпіс жылдығы қарсаңында бүгінгі ұрпақтың атынан сіздерге деген құрметімізді білдіреміз. Бүгінгі ұрпақ сіздердің жанкешті ерліктеріңіздің арқасында келген бейбіт те тыныш заманда өмір сүріп жатыр. Жеңіске ұмтыла отырып көрсеткен ерліктеріңіз бен ерен еңбектеріңіз үшін Сіздер қашанда құрметке лайықсыздар! — деп құттықтады мектеп директоры А.Күштаев кештің қонағы болған соғыс және тыл еңбегі ардагерлерін.  Мектеп басшысы сонымен қатар, соғыс кезінде тылда еңбек еткен ардагер әжелерге мерекелік медальдар мен сыйлықтар табыс етті.

Салтанатты шара барысында сахнада соғыс жылдарының танымал әндері шырқалды. Әуендер және қойылымдар ардагерлерді толқытып, олар соғыс уақытында ұрыс даласында қалған жастық шағы мен достарын еске түсіріп, еріксіз көздеріне жас алды.

Бұл — ұлы мереке. Оққа ұшқан қарулас дос-жолдастарының аманатын арқалап, елге оралған ардагер аталарымыз мен жеңісті жақындата түсу үшін тылда жүріп ерлерше тер төккен әжелеріміздің ерен ерліктері ешқашан ұмытылмайды.

Г.СУХАНОВА,

№13 орта мектептің мұғалімі.

Ақтөбе қаласы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button