Мәдениет

Қырық күн тұзды суға шомылдыру салты

Періштелер Аюп пайғамбарды мақтап, оны үнемі үлгі етеді екен. Олардың әңгімесін естіп қалған Ібіліс Алланың дәргейіне барып:

— Періштелер Аюп құлыңды сабырлы, мықты   тақуа адам  деп мақтап жатыр. Ол — төрт құбыласы түгел, жегені алдында, жемегені артында, бала-шағаасы дін аман, ай наласына сыйлы, дәулеті шалқып тұрған уайымсыз адам. Егер оған шын қиындық туатын болса, басымен қайғы боп, сені  еске алуға мұршасы  болмас еді.  Себесең, оны сынаққа алуға маған рұқсат бер, – дейді.

Ұлық Алла рұқсат етеді. Ібіліс оның бар малын бір қыста жұтқа  ұшыратады. Аюп бір күнде кедейленіп, таяқ ұстап қалады. Артынша бала-шағасына қаза жетеді. Ағайынмен арада араз әңгімелер өршиді. Бірақ Аюп сонда да сыр бермей, құлшылық тағатын үзбейді. Айла-шарғысы таусылған Ібіліс оның денсаулығына ауыз салады. Артынша оның денесі жидіп, шіри бастайды. Бүкіл тәнін құрттар қаптайды. Аюп өлі мен тірінң арасында өлімші халге түседі. Сонда да тілімен жүрегі Аллаға зікір айтып тұра береді. Ібіліс оның иманын ұрлай алмай, ақыры жеңіледі. Ұлық Алла құлының төзімі мен сабырына риза баолып, жерден шипалы бұлақ шығарады. Аюр Алланың әмірімен сол суға қырық күн шомылып, әбден ширап, тәні сауығып, мана қалады. Осыдане бастап өлі мен тірінің арасында  жатқан адамды қырық күн шомылдыратын дәстүр қазақ арасында  пайда болыпты. Ата-анасы жаңа туған нәрестесін ширату үшін қырық күн тұзды суға шомылдырады. Ондағы мақсат — бала болашақта Аюптай сабырлы, төзімді бо өссін, өмір жолында кездесетін барлық қиындықтарға мойымайтын мықты тұлға болсын деп ырымдағаны.

 

Тұсау кесу

 

Ұлық Алла Әбілет пен Тәбілет деген екі мақұлықты  жаратып, жер бетіне жібереді. Олар өте ажарлы, сұлу болған екен. Бір-бірін ұнатып қалады. Ұлық Алла екеуіне:

— Некелерің қиылмай, бір-біріңе қосылмаңдар, — деп ескертеді.

Бір күні екеуі шыдай алмай, бір-біріне қосылып қояды. Дүниедегі зинақорлық осыдан басталыпты. Діни аңыздарда қиямет-қайымда зинақор адам дар Әбілет пен Тәбілет қауымында тіріледі екен деседі. Екесіз қатынастан дүниеге Ібіліс келеді.

Адам ата мен Хауа ананы жер бетіне жіберер кезде Ұлық Аллар оларға да ескертіп:

— Некелерін қиылмай қосылмаңдар, — дейді. Адам ата мен Хауа ана: «Мақұл!» – деп уәде береді. Бірақ, ол заманда Ібіліс малғұн атанып, оларды азғырып, тура жолдан тайдыруға серт берген кезі екен.Ұлық Алла Жебірейілге:

Адам мен Хауаның аяғын тұсаула. Жерге табаны тиген соң, тұсауларын кес. Ібілістің азғыруына еріп, тура жолдан таймасын, —  дейді. Жебірейіл олардың аяқтарын көк шөппен байлағанекен.

Жерге түскен соң тұсауларын кеседі. Некелерін қияды.

Кейін бұл оқиға дәстүрге айналды. Содан бастап жаңа туған баланың табаны жерге тиер кезде тұсауын кесіп, күрмеуін шешеді екен. «Баламыз алғаш қара жерге қадам басты, тура жолдан таймасын» деп ырымдайды. Тұсау кесілмеген сәбидің иманы әлсіз болады деген де түсінік бар.

Тұсау кесер кезде Адам ата мен Хауаның арасы жеті қадам болған екен. Жебірейіл Адамды жеті  қадам жүргізіп барып, Хауаға қосады. Осыған орай сәбидің тұсауын кесуші адам оны жеті қадам жүргізіп барып кесу салты сақталыпты.

Баланың тұсауын көк шөппен, малдың тоқ ішегімен, ала жіппен кеседі. Ала жіппен кесерде өзгенің «ала жібін аттамасын», яғни «біреудің дүниесіне көз тікпесін, қолы сұқпасын» деп ырымдайды. Тоқ ішекті байлағанда «Бай болсын, дәулетті болсын» деп тілек тілейді. Бұл жерде тұсауды өткір пышақпен, жүзін көкке қаратып кесу дәстүрге енген.

 

Қолға су құю

 

Қазақ халқында үйге қонақ келгенде  жас баланың қолына құман беріп, мойнына сүлгі асып, ас і шердің алдында қонақтардың қолына су құйғызатын дәстүр бар. Аңыз бойынша бұл дәстүр Сүлемен пайғамбардан қалған деседі.

Дәуіт пайғамбар отыз ұлынан айрылған соң қайғыдан қан жұтады. Ұлық Алла оны жұбату үшін оған тағы бір ұл сыйлайды. Дәіт ұлды болардың қарсаңында  Жебірейіл періште уахи әкеледі.

— Әй, Дәуіт! Ұлық Алла саған бір ұл нәсіп етеді. Бірақ шарты сол: ол баланың қызығын тоғыз жыл ғана көресің. Осыған ризасың ба? — дейді. Дәуіт іштей қынжылса да : «Жаппар иемнің әміріне не қылса да, ризамын», — деп келіседі. Көп ұзамай Дәуіт ұлды болып, есімін Сүлеймен қояды. Дәуіт патша болғандықтан, оның сарайына күн сайын жүздеген адам қонаққа келеді екен.Сол кезде жеті жасар Сүлейменді бір қолына құман, бір қолына сүлгі ұстатып, сарайдың  алдына қызметке қояды. Бала күні бойы кірген-шыққан қонақтардығ қолына су құйып, алғысын алады. Оның адал қызметіне риза болған қонақтар:

— Ғұмыр жасың ұзақ болсын!

— Құдайдың сүйікті құлы бол!

— Басыңнан бақ, астыңнан тақ кетпесін!

— Әділ патша бол!

— Екі дүниенің сырын біл!

— Дұшпаныңа қатал, досыңа адал бол!

— Ғалым бол! — деп тоқсан тоғыз түрлі тілек айтып, бата береді екен. Арада он бес жыл өтеді. Сүлейменнің бұғанасы бекіп, қабырғасы қатайып, ойы да, бойы да өсіп азамат болып ер жетеді.

Бір күні Дәуіт Ұлық Аллаға:

— Уа, Алла, маған ұлыңның қызығын тоғыз жылы ғана көресің деп едің. Бұл не хикмет? — деп сұрайды. Ұлық Алла:

— Рас айтасың. Сүлейменнің пешенесіне тоғыз жылдық ғұмыр жаздым. Бірақ зерек ұлың қонаққа қызмет етуден шаршамады. Ақсақалдардың батасын алуға құмар болды. Күн сайын адамдар оған менің 99 есімімді  айтып, шын жүректеп алғыс жаудырып, батасын берді. Көптің алғысымен оның ғұмыр жасы ұзарды. Менің бір есімім — Халық. Халықтың  тілегін қабыл етпеу  ұлықтығыма  сын болар. Бүгіннен бастап Сүлейменге 99 түрлі мұғжиза берем. Жердегі бүкіл тау-тас, аң-құс, он сегіз мың ғаламға патша қыламын, — деді. Содан бастап Сүлейменге дарымаған керемет қалмапты деседі.

Осыған орай «Сүлеймен де су құйған», «Су иесі Сүлеймен» деген сөздер ел арасына таралыпты. Қазір де қазақ халқы үйге қонақ келгенде жас баласының қолына құман мен сүлгі  беріп: «Үлкен кісілердің батасын ал», — деп су құйғызады. «Батаменен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер» дегентәмсіл сөз Сүлейменнен қалған екен.

Қонақтың қолына құманмен суқұюға байланысты  ел аузында  мынадай  бір хикая сақталған. 1945 жылы соғыстан қайтқан бір жауынгер еліне келіп, ас беріп, Құран оқытады. Жауынгердің өзі қонақтардың қолына су құйып, бәйек болып, құрақ ұшады. «Беріңіз аға, мен құяйын», — деген жас балаларға кезек бермепті. Қонақтар үйлеріне қайтқан соң жауынгер аурып, төсек тартып жатып қалады. Көңілін сұрай келген ағайындарына ол:

— Майданда жүргенде Құдайдан күндіз-түні: «Иә, Алла, тек туған жеріме аман жеткізе гөр. Жат жерде өлуден сақта. Атамекеніме табаным тигесін, жанымды алсаң ризамын», —  деп тілеуші едім. Дұға қабыл болып, Отанға аман-есен оралдым. Ел ішінде ұзақ жасағым да келеді. Көптің батасын алсам, бір шарапаты тиер ме деп құманмен өзім су құйдым. Бірақ батаны аямай жаудырған жұрт: «Ғұмырың ұзақ болсын! Жүз жаса!» — деп бір тілек айтпады ғой.Егер осылай дегенде, Алла тағала көптің тілегін қабыл етіп, өмірімді ұзартар ма еді, кім білсін… Амал нешік, енді  қайтып басымды көтермеспін.Себебі, соғыста елге жеткен соң, жанымды алсаң ризамын деген сертім бар еді. Сол сертім жібермеді  білем, — депті. Содан көп ұзамай өзі де дүниеден өтіпті.

 

Жайнамаздың шетін қайырып қояды.

 

Бірде Ғайса пайғамбар  намаз оқып тұрған Ібілісті көріпті. Астына жайнамаз төсеп алыпты. Ғайса:

— Әй, малғұн, сен намаз оқитын болғансыңба? — деп сұрайды.

— Білмеуші ме едің? Мен қырық мың жыл періштелерге ұстаздық еттім. Жүз мың жыл Аллаға құлшылық қылдым. Бұл сонан қалған әдет қой, — дейді. Ғайса:

— Намазды әдет қылғаннан Құдай сақтасын. Жайнамазды қайдан алдың? — дейді.

— Ашық тұрған жайнамазда мен намаз оқимын, — деп жауап қатыпты.

Содан бастап жайнамазды жауып жүру, шетін қайырып қою туралы тыйымдар қалыптасыпты.

 

Беташар

 

Ұлық Алла атамыз Сафи Адамды балшықтан мүсіндейді. Оған Өзінен рух деген нығметін үрлеп, жан бітірген соң, жәннаттан жан береді. Бір күні Адамға серік болсын деп, оған әйел затынан жұп жаратуды ойға алады. Ұлық Алла Хауа ананың тәнін жасау  үшін Адам ата ұйқыда жатқанда, оның сол жақ бұғана қабырғасын таңдайды. Себебі, Тәңірі тағала Адамның бұғана сүйегін жердің қиыршық тасы жоқ, ұлпа құмнан жаратыпты. Адам атаның ең  нәзік, ең жұмсақ етінен жаратылғандқытан, әйел адамның денесі мамықтай жұмсақ, талшыбықтай нәзік болыпты. Адамның сол жақ қабырға асты босап  қалғандықтан, көкіректің ортасында тұрған ет жүрек босап қалған тарапқа қарай ойысады. Ет жүрек содан бастап, адамның сол жақ кеудесінің астында соғатын болыпты. Ерлі-зайыптылар ұйықтағанда әйел баласының ерінің сол жағына жататын содан екен. Тіпті  олар қандай да бір себеппен бөлек жату керек болса да, әйелді қол созым қашықтықта ғана бөлек  жатқызатын тәртіп қалыпты. Адам ата ұйқыдан оянған соң аппақ жаулық  жамылып отырған әдемі келіншекті  көріп  таңқалып:

— Иә, Алла, мына ақ жаулық жамылған кім? — деп сұрайды. Сонда Ұлық Алла:

— Бұл — Хауа Ана. Сенің  жан жарың, өмірлік серігің болады. Бар жаулығын ашып жүзін көр. Жарыңмен таныс, — деп бұйырады.

— Иә, Алла сен оны не үшін ақ жаулықпен жасырдың? — дейді

—  Ібіліс деген дұшпан бар. Сол малғұнның теріс назары түсетін болса жас келіншегің кеселге ұшырауы мүмкін. Сол себепті жұбыңның ай дидарын ақ жаулықпен жасырдым. Осы амалым сенің де кейінгі ұрпағыңа салт  болып жалғассың, — дейді.

Адам ата адал жарына тақап барып, ақ желекті ашып, оның дидарына көз салады. Сол кезде екі беті иба мен ұяттан нарттай  боп қызарып тұрған Хауа ана оң  қолын оң тізесіне қойып, еріне бірінші рет иіліп сәлем етіпті. Содан бастап, жаңа түскен келінге ақ жаулық жабылатын болыпты. Жыршылар жас келіннің бетін арнайы ашып, қария кісілер бата бергенше той иелері келіншектің жүзін ешкімге көрсетпей сақтанатын салт шығыпты. Тойға жиналған топ ішінде іші тар, сайтан пиғылды, дуакеш, қара ниет адамдар болса, солардың теріс назары келіншекке кесел қылмасын деп, сақтық ретінде келіншектің жаулығын үкі  де тағатын болыпты.

 

Қызыр күту

 

Наурыз кезінде  Қызыр мен Ілияс кездесіп, үйлерді аралайды екен. Жұрттың арман-тілегін Хаққа жеткізеді, үйлерге береке дарытады деседі. Сол күні ұйықтамай, дастархан жайып, тілек тілеп отырған адамның тілегі бірден қабыл болады. Жұрт топтасып күтіп отырса, олардың достықтарын берік етіп байлайды екен. Ұлық Алла да бір күні Ібілісті тұсаулап, тағдыр тақтасын ашып қояды. Қаламға бұйырып:

— Кімнің адал тілегі болса, орында. Пешенесіне арман-мақсатының орындалуын жаз, — деп әмір етеді екен.

Қазақтар 22 наурыз түнің ақ дастархан жайып күтеді. Кімнің дастарханы толы болса, ырысы да толы болады деп сенеді. Тағы бір аңыздарда Қызыр мен Ілияс ақтан істелген тағамдаррды жақсы көреді екен. Сондықтан дастарханға айран, сүт, құрт, май молынан қойылады.

Түркі танымында «Қызыр Еллез» байрамы, яғни «Қызыр — Ілияс» мейрамы деп тойлайды екен.

 

 

Көңіл айту салты

 

Қабыл Әбілді таспен ұрып мерт қылады. Ұлынан айрылған  Адам ата басын көтермей, жер бауырлап жатып қалады. Хауа ана екеуі қайғыдан қан жұтады.

Ұлық Алла періштелерге:

— Адам мен Хауаны жұбатыңдар. Көңілдерін демеп, жандарына медет болыңдар. Сабырға шақырып, менің мейірім-шапағатымның мол екенін жеткізіңдер, — дейді.

Жебірейіл бастаған барлық періштелер Адам ата мен Хауа анаға келіп, көңіл айтады. Алланың шексіз мейірім нұрын жүректеріне құяды. «Алла ақырын берсін. Жақсылық пен игіліктен күдер үзбеңдер», — деп уатады.

Бұл жайында қара өлең нұсқаларында:

Адам — ата, Хауа —ана — түп анамыз,

Жалғанды бүйтіп жүріп жұбатамыз.

Содан бізге қалыпты мирас болып,

Өлгенге көңіл айтып жұбатамыз, — деген шумақтар қалыпты.

Көп кешікпей, Алла Тағала екеуіне Шиш атты ұлды нәсіп етеді. Әбілге қатты ұқсайтын сәбиді көріп, екеуі көңіліндегі қайғы-шер мен мұңды  жойған екен.

 

 

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button