Мереке

Наурыз-тілек

 Құрметті ақтөбелік жерлестер!

Сіздерді Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Дана халқымыз бұл мерекені еңсесі биік елдіктің, іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың бастау алар тұсына балайды.

Наурыз мейрамы салт-дәстүріміздің, тіліміз бен дініміздің, бірлігіміз бен татулығымыздың, жаңаруымыз бен жарасымды ынтымағымыздың үйлесімді дамуына себепші болуда.

Күн мен түн теңелетін, ырысы мол мереке біздің жан дүниемізді шуаққа бөлейді, ой-ниетімізді таза арнаға бұрады. Бұл — кешірім мен мейірімнің, үміт пен сенімнің, ізгілік пен түсіністіктің мерекесі.

Наурыз мейрамы елге құт-береке әкелсін. Баршаңызға амандық-саулық, дастарқандарыңызға молшылық тілеймін!

Ұлыстың ұлы күні Сіздерге игілік пен бақыт, бақ-дәулет, ырыс сыйласын!

 

Ізгі ниетпен, Бектас БЕКНАЗАРОВ,

ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Ақтөбе облысының құрметті азаматы. 

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button