Мәдениет

Махаббат— мәңгі ертегі

Театр

 Ақтөбеде елеулі мәдени оқиға өтіп жатыр. Т.Ахтанов театрының қазақ труппасы Тахауи Ахтановтың «Махаббат» мұңы» пьесасын сахнаға шығарды. Қазір оның тұсаукесері өтуде. Астаналық режиссер, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбай қойған қойылымды көрген де арманда, көрмеген де арманда.

Спектакльдің қоюшы-суретшісі — Айбек Орынбасар.  Хормейстері — Әйгерім Әбілханова.

Студент қыз бен ақын жігіттің махаббат хикаясы өзек болған формасы өзгеше спектакль көрермендерін бірден баурап алды. Албырт жастық шақ, көгілдір көктем, қызығы мол студенттік өмір көркем поэзиямен көмкеріліп, әсем әндермен әдіптеледі.

Ахтанов театрының қазақ труппасын жаңа бір қырынан көрсеткен спектакльде олар  өздерінің шетінен әнші екенін байқатты. Бақытжан Байқадамовтың (сөзі Нұрсұлтан Әлімқұловтікі) «Алма бағы», «Нені ойладың, құрбыжан», Нұрғисаның «Қайран менің жүрегім», «Куә бол» сияқты небір  көңілдің қылын шертетін әндер спектакль оқиғасымен астасып, әрбір кейіпкердің көңіл күйімен қабысып жатты.

Спектакльдің мазмұнын толық баяндауды артық деп санадық, әйтеуір осы қойылымды көргендердің театрға деген ынтызарлығы арта түсетініне сөз жоқ.

 

Ардақ ҚОНАҚБАЕВА.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button