Буын-буының ауырса…

ХХІ ғасырдың негізгі індеттерінің бірі — буын аурулары. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне қарағанда, әлемдегі әрбір үшінші адам буын ауруларына шалдыққан. Бұл дерт көптігі жөнінен дүние жүзі бойынша жүрек-қантамыр ауруларынан кейін екінші орында тұр.
Дамыған елдерде буын ауруларымен күрес бірнеше жылдан бері жүргізіледі. Жасанды буын жасайтын кәсіпорындар ашылған. Ауру саны көбейген сайын емдеу тәсілдері де жетілдіріліп келеді.
Егер бұрын сүйек, буын ауруларымен тек қарттар ғана ауыратын болса, бүгінде 14-15 жастағы балалардың арасында да аталған дертке шалдыққандар көп екенін айтады мамандар.
Қазақстанда 200 мыңнан астам адам буын ауруының зардабын тартып отыр. Консервативтік ем дауа болмайтын науқастарға мемлекеттік тапсырыс бойынша квота арқылы буын ауыстыру операциялары жүргізіледі. Жыл сайын әр облысқа шамамен 30-50 шақты жасанды буын алу үшін қаржы бөлінеді екен.
Мамандар бұл аурудың пайда болуының бірнеше себебін айтады. Буындардағы шеміршек майының таусылуы, сүйектері қисық, жарақат салдарынан сынған сүйектері дұрыс бітпеген, ревмотологиялық аурулар, остеартроз салдарынан, экологиялық ахуалдың нашарлығынан, жейтін тағам мен ішетін судың сапасыздығынан, қимыл-қозғалыстың аздығынан, салмақтың көптігінен, буындарға дұрыс салмақ салмау немесе артық салмақ салу сынды түрлі жайттар буын ауруына әкеліп соқтыруы мүмкін.
Буын ауырса, омыртқаға әсер етеді, ал ол тұтас ағзаның қалыпты жұмысын бұзады. Мамандардың айтуынша, егер науқас емделмесе, бұл дерт мүгедектікке әкеліп соқтыруы да мүмкін. Сондықтан буын ауруларына бей-жай қарауға болмайды.
Жасанды буын Америкадан әкелінеді
Елімізде тізе және жамбас буындарын жасанды буындармен ауыстыру сынды күрделі операциялар 2003 жылдан бері жасалады. Ақтөбеде 2010 жылдан бастап қолға алынды. Осы жылы облыстық денсаулық сақтау басқармасы ортопедиялық операциялар жасау үшін түрлі электронды оптикалық, күштік құрал-жабдықтар, конструкциялар сатып алды.
— Егер бұрын ота жасау кезінде блокталмайтын қарапайым біліктері бар пластиналарды пайдалансақ, қазір жетілдірілген конструкцияларды қолданамыз. Яғни, бұрын протездерді орналастырғанда науқасқа гипс салатын едік. Қазір гипс қолданылмайды. Польшадан шыққан арнайы құралдар арқылы жамбас, тізе, иық буындарына салынатын заманауи құралдар гипссіз-ақ ағзаға бейімделіп кетеді, — дейді травматолог, ортопед дәрігер, жедел жәрдем ауруханасының бөлім басшысы Ерғали Базарқұлов.
Советтік дәуірде мұндай жабдықтардың барлығы Ресейден әкелінді. Күрделі операциялар да сонда жасалды. Қазір білікті мамандар өзімізден табылғанымен, қажетті протездер, жабдықтар бәрібір сырттан, нақтырақ айтсақ, Америкадан әкелініп жатыр. Сапалы, бірақ қымбат. Елімізде мұндай құралдар, аспаптар шығаратын бірде-бір кәсіпорын жоқ. Ал науқастар саны артып барады. Әрбір науқастың ауру буынын алып тастап, пәленбай мың доллар тұратын аса қымбат жасанды буын салуға мүмкіндік жоқ. Сондықтан олар жылдар бойы кезекте тұрады.
— Жамбас буындарына арналған бір импланттың өзі шамамен миллион теңгенің айналасында. Ал тізе буындарына арналған имплант 1600-1700 миллион теңге тұрады. Ота жасаушы дәрігерге қажетті құрал-жабдықтар жинағы тіпті қымбат. Мысалы, тізе буындарын ауыстыруға қажетті навигатор 30 мың доллар, Америкадан шығарылған дрель аппараты 10 мың доллар тұрады, бұл құралдарсыз, блоктайтын пластиналар, біліктер, навигаторларсыз жұмыс жасай алмаймыз. Сондықтан буын ауыстыру операциялары өте күрделі әрі қымбат тұрады. Науқастардың оны өздігінен сатып алуы қиын. Олар тек мемлекеттік тапсырыс негізінде арнайы квотамен емделеді.
Күрделі операциялар жасала бастаған 2010 жылдан бастап буындарын ауыстыруға кезекке тұрған азаматтар баршылық. Қазір облыс бойынша 300-дей адам өз кезегін күтіп тұр. Осы төрт жылдың ішінде 40-80 жас аралығындағы шамамен 100-ден астам адамның жамбас буындарын, 50-ден астам науқастың тізе буындарын ауыстыру операцияларын жасадық, — дейді дәрігер.
Өткен жылы 30 адамның жамбас буындары, 20 адамның тізе буындарына операция жасалған. Биыл мамыр айында тағы 30 протез сатып алынды. Содан бері 8 адамға жасанды буындар салынған.
Жамбас және тізе буындарына арнайы титан материалдарынан жасалған америкалық фирмалардың конструкторлары қолданылады. Олар адам ағзасына тез бейімделеді. Екі ай ішінде сүйек тіндері өсіп, конструктормен үйлесіп, бітіп кетеді. Ол үшін науқастарға арнайы жаттығулар беріледі екен.
«Науқас операция столына жатпас бұрын, өзінің учаскелік емханасында толықтай зерттеуден өтеді. Дәрігерлер науқастың организмін дайындайды. Үлкен дайындықпен келгендіктен, жасанды буындардың ағзаға бейімделмеген кезі болған емес. Айтып кеткеніміздей, мұндай құралдар Еуропа елдерінде 30 жылдан астам уақыт бойы қолданылып келеді. Себебі Еуропада буын аурулары өте көп. Оларда жасанды буын салу ісі жылдар бойы жетілдірілу үстінде. Америкадан әкелінген жасанды протездер адам ағзасында 15-20 жыл мінсіз «қызмет етеді». Уақыт өткеннен кейін буын ортасындағы қозғалмалы пластина желінеді, оны ауыстырамыз. Ал темір протездің өзі бұдан да көп уақыт бойы жүре береді», —дейді дәрігер.
Мамандардың айтуынша, қазір жамбас, тізе буындары ауыратын науқастар саны көбейіп барады. Жамбас буындары кішірейіп, сүйек солып, адамды ақсақ етуге әкелетін асептикалық некроз да, туғаннан пайда болатын диспластикалық коксартроз да көп. Екінің бірінің тізесі қақсайды. Жамбасы желініп, төсекке таңылғандар да қаншама. Буын-буындары сырқырап, кемпір-шалдың кебін киіп жүрген жастар да бар.
— Адамның буындары неге ауырады? Себеп көп: экология, дұрыс тамақтанбау, денсаулықты күтпеу. Ал жамбас буындарының идиопатикалық коксартрозының неден болатыны әлі күнге дейін ғылымда белгісіз. Ғалымдар оны «жамбастағы ұршық буындарының қан айналымының бұзылуымен» түсіндіреді. Алайда, оның неге бұзылатыны туралы нақты тұжырым жоқ. Туғаннан болатын диспластикалық коксартроз баланы дер кезінде емдемеу салдарынан асқынады. Ол ата-ананың да, дер кезінде ем қолданбаған балалар хирургтерінің де кінәсі. Көпшілігі қазақы емді жағалап уақыт өткізіп алады. Бұдан өзге жарақаттан кейін болатын коксартроздар бар. Жарақат алған адамға операция жасалғанда сәтті шығуын шығады, бірақ жамбас сүйектері басы сынған кезде буындарына зақым келеді де, ол бұрынғыдай жұмыс жасай алмай қалуы мүмкін. Мұндай науқастарға да жасанды буындар салынады, — дейді Е.Базарқұлов.
Жаңа жарақат бөлімі ашылды
Енді мұндай күрделі оталар өткен жылдың аяғында ашылған жаңа облыстық ауруханада да жасалатын болады. Мұндағы жарақат бөлімінің меңгерушісі, ортопед дәрігер Серік Исаевтың айтуынша, бөлімде 25 кереует бар.
— Облыста жарақат бөлімдері темір жол, жедел жәрдем ауруханаларында және жаңадан ашылған облыстық ауруханада бар. Алғашқы екі ауруханада әдетте науқастарға жедел көмек көрсетіледі. Ал облыстық ауруханаға енді тек қана жоспарлы түрде ота жасалатын науқастар жатады. Біздің жарақат бөлімі наурыз айында ашылды. Әзірге протездер сатып алынған жоқ. Егер құралдар алынса, ота жасауды біз де бастаймыз, — дейді ол.
Серік Исаев бұл салада бірнеше жылдан бері жұмыс жасап келе жатқан білікті дәрігер. Бұған дейін жедел жәрдем ауруханасындағы жарақат бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.
— Бұл салада тек аппараттар ғана емес, емдеу әдістері де жетілдіріліп келеді. Егер бұрын буынды ашу үшін кесетін едік, қазір екі жерден тесік жасап, арнайы құралдарды сол тесіктерден енгізіп, артроскопиялық әдіспен емдейміз. Болашақта жаңадан ашылған біздің бөлімде де буын ауыстыру операциялары жасалатын болады. Қазір бізде жамбас, тізе буындары ауыратын, тізесінің майы таусылған, шеміршектері желінген 50-ге тарта адам кезекте тұр, — дейді дәрігер Серік Исаев.
P.S.
Денсаулық — зор байлық. Бұл жаттанды сөз емес. Дертіңді емдеуге дәрменің болса жақсы, болмаса, айналдырған аурудан құтылу қиын. С.Исаевтың айтуынша, буын ауыстыру операциясы емін, күтінуі мен ауыстыруын қоса алғанда жұмсалатын қаржы, шамамен, 7-10 мың доллар шамасында. Ал бұған екінің бірінің дәрмені жетпесі анық. Сондықтан өз байлығыңызды бағалаңыз…
Мейрамгүл РАХАТҚЫЗЫ.




Аяқ , қол буындарымның ауырып, сыр бергеніне 1,5 жылдай уақыт болды. Тексеруден өтіп, емделуге уақыт жіберіп алмай кірістім десем де болады. Бірақ қазір ревматолог тағайындаған методжект уколынан басқа ем алып жатқан жоқпын. 2-3 айдан бері шейный остеохондроз мазалайды. Оған кім ем тағайындайды? Дәрігер портал арқылы стационарға жатудың, квотамен емделу жолдарын түсіндірді. Бірақ ол мен үшін қол жетімсіз болып отыр. Айтуларынша, менің науқасым асқынбаған. былайша айтса, алып бара жатқан ештеңе де жоқ. Бірақ ауру асқынса мүгедектікке шалдығуым мүмкін. Оны дәрігер жасырып отырған жоқ .Ауру асқынып қосымша ауру жапам алмай тұрып қалай емделуге, қандай білікті дәрігерге қаралуға болады? Науқастың сырқат екенін, немесе ауруының оншалықты өміріне қатері жоқ екенін дәрігерлер болжап қана айтуды қашан қояды екен?!!
Менің жамбас сүйегімнің буыны ауырады,шалқамнан жатсам тұра алмай қалам орнынан тайып кеткен сияқты болады,ол неден екен?Жүктілік кезіндеде жүкті емес кездеде,сүйегім орнынан шығып кетіп орнына келмей жатқан сияқты
Жамбастагы уршык деген бар екен суйек сол тайып кеткен. Еки суйектин арасында ак тамыр кысылып калган дейди. Суйекти орнына койып ак тамырды жибитип уйып калган кандыда жибиту керек. емдей аласыздар ма канша болады отиниш +7 778 376 80 30 Есимим куаныш менин жакыным оиниш хабарласып ман жайды айтсаныз
меним жанбастан бастап балтырым тобык саусакка шин ауырып жур журе алмай киналам жамбас нервтери жыбырлайт уйкыдан калдым 1,5 ай дан асты не истеуге болад
Салеметсздер ме? Менин буыным ауырып жургенине бираз кундей болды. Даригерге але коринбедим. Куйеуим оган мен бермей жур. Айтсам ештене болмайды деп кояды. Бирак, менин журегим мазалап жур…..
салем баринизге.менинде жамбас суйеним аурат шалкамнан жатсамда етбетинен жатсамда кт ге тустим белди грыжа бар дит .бирак уршыкты тусирмедим.грыжадан аурп журма соны билми журмин доктор грыжадан дит.бирак грыжамен ауратн адамдардын уршыгы жамбас суйеги ауратынын естимдим олар тек аяк уййт деп аитат.комектесинизщи отинем.
Менiн екi аягымнын булшык етi аздап аурады сосын журiп келе жатып екi дiземнiн буыны устамай калып жерге кулап калдым себебi не екенiн бiлгiм келедi