«Ақтөбе»-90

Тоғызқұмалақшылар тартысы

 «Ақтөбе»90

Облыстық «Ақтөбе» газетінің 90 жылдық мерекесі аясында тоғызқұмалақтан ұйымдастырылған дәстүрлі облыстық турнирге аудандардан 130-дай ойыншы қатысты. Жарыс жас ерекшелігіне қарай төрт топта өтті.

Жеті турдан өткізілген жарыс жүйесі бойынша бірінші орынды спорт шебері, ҚР құрама командасының мүшесі Нұрбек Қабиев жеңіп алды. Екінші, үшінші орындарды спорт шеберлері Медет Құсайынов, Арсен Есетов бөлісті. Қыз-келіншектер арасынан Құралай Төлеуова, Үзіл Атшыбаева топ жарып шықты.

Жас талаптар арасынан Нұргүл Шаймарданова, Лепар Әділбекұлы, Айда Сәрсембайқызы, Еркінбек Ақылбеков, Жансая Хамит, Алмат Құрмансейітов, Берік Қабидоллаев өз шеберліктерін танытты.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін облыстық «Ақтөбе» газетінің бас редакторы Бауыржан Өтеулиев құттықтап, грамоталар мен ақшалай сыйлықтар тапсырды.

Жарыстың бас төрешісі Қабидолла Нұршин турнирдің жоғары деңгейде өткенін айтып, қатысушыларға алдағы уақытта да жеңісті жолдар тіледі.

 

Н. ӘБДІЛДАҰЛЫ.  

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button