Құқық

Жемқорлыққа жол берілмейді

Ақтөбе қалалық дене тәрбиесі және спорт бөлімі сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл қою мақсатында Қазақстан Республикасының Заңнамалары мен нормативтік-құқықтық актілерін және Ақтөбе облыс әкімдігінің 2011 жылғы 3 мамырда №154 «Ақтөбе облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы» қаулысын басшылыққа алып жұмыс жасайды.

Жеке және заңды тұлғаларды қабылдау бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес әр аптаның дүйсенбі-сәрсенбі күндері сағат 9.00-14.00 аралығында жүргізіледі. Азаматтарды қабылдау регламенті Ақтөбе қаласы әкімдігінің ғаламтор желісінде орналастырылды. Бөлімде мемлекеттік қызметкерлердің этикасын бақылау кітабы бар. Лауазымдық қызметін асыра пайдаланған және мемлекеттік қызметкердің қызмет этикасының теріс қылықтары туралы жайларды хабарлауы үшін мекемеде 21-36-76 сенім телефоны жұмыс жасайды.

Қалалық дене тәрбиесі және спорт бөлімінде жыл басынан бастап ҚР Бас прокурорының 2011 жылғы қарашаның 16-сы күнгі №109 (14.06.2012 ж. №66 өгерістерімен) бұйрығына сәйкес «Айқын» бағдарламасы бойынша жұмыстар қолға алынды. «ҚР заңды және жеке тұлғалардың арыз-шағымдарын қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың (ауызша, жазбаша, жекелей қабылдауда, электронды түрде) арыз-шағым, ұсыныс пен өтініштерін тіркеу, қарау, орындалу барысы мен мерзімінде сапалы жауап берілуі үнемі бақылауда болады.

Тікелей жазбаша жүгінген жеке немесе заңды тұлға өз шағымдарының тіркелгендігі жөнінде хабардар болу үшін құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің http://service.pravstat.kz  сайтынан кіріп, «Мемлекеттік органдарға өтініш» бөлімін таңдап, талон нөмірін теріп алуға болады.

Шағымданушы жеке немесе заңды тұлға 1414  8-800-080-7777  СALL  орталығына қоңырау шалып, арызының тіркелгендігі жөнінде біле алады.

Осы тәртіп бұзылған жағдайда 115 нөмірі арқылы ҚР Бас прокуратурасының СALL  орталығына хабарласа алады.

Есепті мерзім кезінде мекемеге 7 жеке және 11 заңды тұлғаның ұсыныс-өтініштері тіркелді. Оның алтауына бірегей нөмірі бар талон берілді. Ел Президентінің 2009 жылғы 22 сәуірдегі №793 (17.08.2010 жылғы №1039 Жарлығымен өзгертілген) «Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Жарлығы мен ҚР Президент аппаратының басшысы бекіткен №52-8.1 бағдарламасы негізінде мекемеде лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттеріне қатысты азаматтардың арыз-шағымдары үшін арнайы жәшік орналастырылды. Жәшікке түскен шағымдарды алу үшін мекемеде комиссия мүшелері жұмыс жасайды.

Қалалық дене тәрбиесі және спорт бөлімінде сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында, мемлекеттік сатып алу рәсімін өткізу барысын басшылыққа алып жұмыс жасайды. Биыл бір деректеме бойынша бағалық ұсыныстар жарияланды. Бағалық ұсыныстардың нәтижелері мемлекеттік сатып алу веб-портал желісінде жарияланады.

«ҚР Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңына және ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 27 шілдедегі бекітілген №981 Қаулысына сәйкес «Екiншi және үшiншi разрядтар, бірiншi, екiншi және үшiншi жасөспiрiмдік разрядтар, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт төрешiсi спорттық разрядтары мен санаттарын беру» мемлекеттік қызмет стандарты халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы жүргізіледі.

Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы есепті мерзімде мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес 7 тұлғаның құжаттары жолданып, қалалық дене тәрбиесі және спорт бөлімі тарапынан  көрсетілген 7 тұлғаға біліктілігіне сәйкес қызмет көрсетілді.

Айта кету керек, бөлімнің ұйымдастыруымен өткізіліп жатқан барлық спорттық шаралар жергілікті бұқаралық ақпараттар құралдарында, теледидар арналары мен радио және ғаламтор желілерінде жарияланып тұрады.

        Е.МАХАНОВ,

бөлім басшысы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button