Білім

Кім қайда оқиды?

Бүгін жоғары оқу орындарында талапкерлерден білім гранттары үшін арыздар қабылдау басталады.

Ақтөбеде талапкерлер арыздары үш жоғары оқу орнында – Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінде, Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтында және М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінде қабылданады. Қабылдау мерзімі – шілденің 23-і мен 31-і аралығы.

Талапкер азайып,

грант көбейген шақ…

…Бүгінде оқу ақысы аспандап тұрғанымен, талапкерлердің тегін оқуға ілігуге мүмкіндігі көбірек. Өйткені грант саны жылдан-жылға көбейіп келеді. Мысалы, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетіне өткен жылы 500 студент қабылданса, соның 380-і – грант иегерлері.

Ал егер 1990 жылдардағы демографиялық жағдайды ескерсеңіз – грантқа таласушылар саны жылдан-жылға, керісінше, азая бермек.

Алдағы оқу жылына еліміз бойынша техникалық мамандықтарға – 11 005 грант; білім беру саласына – 8075 грант; денсаулық сақтау саласына – 5000 грант; ауыл шаруашылығы саласына – 1600; жаратылыстану ғылымдарына – 1000 және қызмет көрсету саласына 970 грант бөлінген. Бұларға қоса, шығармашылық саласына: Т.Жүргенов атындағы Қазақтың ұлттық өнер академиясына – 250; Құрманғазы атындағы ұлттық консерваторияға – 180; Қазақтың ұлттық музыка академиясына түсемін деп талаптанушылар үшін 170 грант бар. Сондай-ақ, шетелдік оқу орындарының Қазақстандағы бөлімшелеріне тегін оқуға түсуге тілек білдірушілер үшін де  мүмкіндіктер қарастырылған: Ломоносов атындағы ММУ-дың қазақстандық филиалына – 125; Қазақ-Британ техникалық университетіне – 200 және халықаралық ақпараттық технологиялар университетіне 300 грант бөлініп отыр.

Мемлекет тарапынан бөлінген білім грантынан ҰБТ немесе кешенді тестілеу кезінде 45-тен жоғары балл жинаған барлық талапкерлер үміттене алады. Ал медициналық жоғары оқу орындары кемінде 60 балл жинаған талапкерлердің ғана құжатын қабылдайды.

Талапкер өзінің қалауы бойынша, сонымен қатар ҰБТ кезінде таңдау жасаған пәніне байланысты 4 мамандықты және 4 жоғары оқу орнын көрсетіп, арнайы парақша толтырады. Осы парақшаның көшірмесі Білім министрлігіне жолданады да, грант иелерін сол жақ анықтайтын болады.

Балл «шаба» ма, бақ шаба ма?

Әрине, ҰБТ-да жиналған балл неғұрлым жоғары болса, грантқа ілігуге деген үміт те соғұрлым басым болмақ. Әйткенмен біреулер 70-80 балмен тегін оқуға қол жеткізіп, екінші біреулер одан әлдеқайда жоғары балмен гранттан құр қалып жататын оқиғалар да кездеспей қалмайды.

Осыдан үш-төрт жыл бұрын бір апайдың: «Менің қызым 78 балмен Ақтөбедегі Жұбанов университетіне тегін оқуға іліге алмай қалды да, ал жұмыстасымның қызы 70 балмен Алматыдағы ҚазҰТУ-ға грант арқылы түсті», – деген шағымын естігеніміз бар.

Бұл жерде бар кілтипан – қай мамандыққа қанша грант бөлінгенінде екенін тағы бір еске салғымыз келеді. Айталық, бухгалтерлік есеп және аудит мамандығына еліміз бойынша не бары 80 грант бөлініп отыр. Бұл «сексеннің» қатарына өте жоғары балл жинағандар ғана іліге алатыны түсінікті. Сондай-ақ, халықаралық қатынастар, т.б. беделді саналатын мамандықтарға әдетте өте жоғары балл жинағандар, «Алтын белгі» иегерлері көп құжат тапсырады. Орташа балл алғандар, міне, осындай жайттарды ескерулері керек.

Бүгінде қабылдау комиссиялары еліміздің жоғары оқу орындарында оқытылатын барлық мамандықтардың тізімін іліп қойды. Сол тізімнен талапкер өзі ҰБТ-да таңдау жасаған пәніне орай қандай мамандықтарға құжат тапсыра алатынын анықтайды.

Қай мамандыққа қанша грант бөлініп, қанша талапкер құжат тапсырғаны және құжат тапсырғандардың ішінде «Алтын белгі» иегерлері қанша екендігі туралы деректер қабылдау комиссияларында 23 шілдеден бастап, 29 шілдеге дейінгі аралықта әр күн сайын ілінетін болады. Сол деректерді саралай келе, талапкер өзі қалаған мамандық бойынша грантқа ілігуден үміт үзген жағдайда, құжаттарын басқа мамандықтарға алмастырып жіберуге құқы бар.

Қалада бірнеше күн күтуге жағдайы болмаса, ауыл балаларының құжат тапсыруға асықпай келгендері жөн. Өйткені қабылдау мерзімінің алғашқы күндерінде құжат тапсырып, үйлеріне қайтып кетер болса, жоғарыда айтылғандай, деректерді қарап, саралау арқылы құжатын алмастыру мүмкіндігінен айырылады.

Грант бөлген кезде «Алтын белгі» иегерлеріне, халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалардың жүлдегерлеріне артықшылық көрсетіледі. Сонымен қатар жетім балаларға, ауыл балаларына, мүгедектерге және оралмандарға арналған квоталар бар.

Жылына – 227 мың теңге

Грантқа іліге алмаған жағдайда, амал жоқ, оқу ақысы ата-ананың қалтасынан шығады. Өткен оқу жылында елімізде жоғары оқу орындарындағы бір жылдық ақы, орта есеппен алғанда, 227 мың теңгені құрады.

Көптеген оқу орындары алдағы жылы оқу ақысы қанша болатынын әзірге нақты белгілеген жоқ. Бағалар грант бөлінісінен кейін белгілі болмақ. Қазақстандағы жоғары оқу орындарының рейтингісі бойынша алдыңғы қатардағы университеттер мен институттарда – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л. Гумилев атындағы Еуразия университеті, Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, т.б. – оқу ақысы жоғары болатыны белгілі. Соның ішінде соңғы кезде еңбек нарығында үлкен сұранысқа ие техникалық мамандықтарға оқу ақысы өсіп отыр. Жергілікті жоғары оқу орындарына келсек, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінде студенттер 31 мамандық бойынша білім алады. Өткен жылы, сол мамандықтардың қайсысына оқыса да, оқу ақысы жоғарыда аталған Қазақстан бойынша орта есеппен алғандағы ақыдан асқан жоқ.

М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінде ақылы оқу бағасы жылына 282 200 теңге болды. Бұл – медициналық оқу орындарына Қазақстан бойынша бекітілген ортақ тариф. Ал Ақтөбе  мемлекеттік педагогикалық институтында бір жылғы оқу ақысы 130-140 мың теңгені құрады.

Біздіңше, жергілікті ЖОО-ларда алдағы жылғы оқу ақысы да былтырғы ақыдан ұзап кете қоймайтын секілді.

Кім болам?

Жоғары оқу орнына құжат тапсыратын кезде талапкерлер бармақ тістеп жатады: өзі қалаған мамандыққа барайын десе, ҰБТ кезінде таңдаған пәні сәйкес келмейді. ЖОО-лардағы қабылдау комиссиялары мүшелерінің айтуынша, мұндай жағдай аз кездеспейді. Бір қызығы, ҰБТ-ға дайындық кезінде оқушылар нақ осы таңдау пәнінің болашақ мамандығымен байланысты екенін ескере бермейтін көрінеді. Ал мұғалімдер де осы төңіректе түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, т.б. көмек шараларын ұйымдастыруға құлықсыз. ҰБТ-ға дайындық кезінде олар баланың болашағынан гөрі, мектептің беделін, яғни көрсеткіштерін ақсатып алмауды көбірек ойлайды. Кей мектептерде тіпті сыныптағы бүкіл оқушы ортақ бір пәнге «бір ауыздан» таңдау жасайтын жағдайлар да кездесіпті.

Мамандық таңдау мәселесіне келгенде, қазіргі балалар қайсысында грант көбірек болады дегенді ойламай қоймайды. Бұған қоса, ертеңгі күні еңбек нарығындағы сұраныс қандай болады деген сауал және толғандырады. Ал өмір аумалы-төкпелі. Күні кеше екі баланың бірі мұнайшы болуды армандайтын. Мұнай бағасының күрт құлдырауы мұнайшылар басына қонған бақтың мәңгілік еместігін көрсетті. Оның үстіне, жақын болашақта мұнайдан басқа қуат көзі табылып қалмасына кім кепілдік береді? Ал, керісінше, бүгінде «бағы тайған» ауыл шаруашылығы мамандарына деген сұраныс артып, олардың табысы да көтерілетін күн тууы және ғажап емес…

Жалпы, мамандық таңдау мәселесінде мектеп бітіретін балаға ата-анасы, туыстары, жанашырлары ертерек көмекке келгені дұрыс. Баланың икемін ескеріңіз, интернеттен, баспасөзден Қазақстандағы қат мамандықтар жөнінде ақпараттар жинаңыз, таныстарыңыздың арасындағы тәжірибелі, көзі ашық жандармен осы тақырыпта көбірек әңгімелесуге тырысыңыз, мұғалімдерімен ақылдасудан да қашпаңыз.

Ал біз талапкерлерге сәттілік тілейміз!

***

Кім қайда оқыды?

Облыс әкімі Елеусін Сағындықов Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын және Ақтөбе педагогикалық институтының физика-математика факультетін бітірген. Мамандығы – ауыл шаруашылығы өндірісінің инженер-механигі және математик. Елеусін Наурызбайұлы 2000 жылы Санкт-Петербург қаласында диссертация қорғап, экономика ғылымдарының докторы атағына ие болған.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Ізбақ Өмірзақов та екі жоғары оқу орнын бітірген. 1980 жылы ол Қазақтың ауыл шаруашылығы институтын тәмәмдап, орман шаруашылығы инженері мамандығына ие болған. Ал кейін Алматыдағы саясаттану және басқару институтын саясаттану мамандығы бойынша бітірген.

Облыс әкімінің орынбасарлары Роза Кемалова мен Александр Дубовенко – экономистер. Екеуі де Алматы халық шаруашылығы институтын бітірген.

Облыс әкімінің орынбасары Сара Нұрқатова – филолог. Ол А.С. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын бітірген.

Ал Ақтөбе қаласының әкімі Архимед Мұхамбетов Ресейдің Самара қаласында оқыған. Ол Самара техникалық университетінде оқып, инженер-электрик мамандығын алып шыққан. Кейіннен Қазақ-орыс халықаралық университетін бітіріпті. Екінші мамандығы – қаржыгер.

Қала әкімінің орынбасары Сәния Қалдығұлова – филолог. Ол – Ақтөбе педагогикалық институтының түлегі. Екінші мамандығы – заңгер, Қазақтың мемлекеттік заң академиясын бітірген.

Қала әкімінің орынбасары Абай Байжомартов Қазақтың политехникалық институтын бітірген. Мамандығы – тау-кен инженері. Екінші мамандығы – заңгер.

Қала әкімінің тағы бір орынбасары Ерхан Омаров та екі жоғары оқу орнын бітірген. Алдымен Қазақтың мемлекеттік көлік және коммуникация академиясын бітіріп, инженер-механик мамандығын алып шыққан. Ақтөбе қаласы әкімінің басқа орынбасарлары секілді оның да екінші мамандығы – заңгер.

Индира ЖАЙМАҒАМБЕТОВА.

Басқа жаңалықтар

73 Comments

  1. Салем достар!маган физика панинен кандай мамандык тандауга болады жане канша балмен  тусуге болатыны туралы оз пикирлеринизди айтсаныздар.кандай сайттардан карауга болады?

  2. 1. Акпараттык жуйе /мин. 93/; 2. Радиотехника, электроника, телекоммуникация /мин.90/;
    3. Стандартизация и сертификация /87/; 4. Автоматтандыру жане баскару /85/

  3. мен 9-сыныпты бітіріп Ақтөбе қаласына химия пәні бойынша грантқа қалай түсуіме болады?ол үшін оқу орындарын қалай білуге болады?егер интернет арқылы тест тапсыруға болатын болса,сайтын қалай табуыма болады?

  4. мен жургенов атындагы Актобе университетине туским келеди.бул туралы кимдермен пикир алыссам болады.хабарларынызды кутем.87754184973ке хабарласындар

      1. «педогокикалық институттан» садаға кеткір, сауатты жазып үйрен әуелі. Сосын мұғалімдік оқу орнында қаңғып жүрген қайдағы қаржыгерлік оқу??? 1 жыл көше сыпыр, сосын маған хабарлас

  5. Салеметсиздер ме! Менин Актобе каласындагы ЖОО-на тапсырсам келеди. Осыган байланысты осы каладагы мемлекеттик жогаргы оку орындарындагы орташа бал кандай екен? Грантка тусу ушин неше бал кажет?

  6. Салеметсиздер ме! Менин актриса болгым келед. Актобе каласында онер студиясы бар дегенді естіп едік, бар ма? Жалпы 9-сыныптан кейін Актобе каласында актрисалык, онер окуына мумкіндіктер бар ма? бірнеше рольдерді ойнап журмін. Жауап асыга кутемін. Жанна.

  7. Актобедеги М.Оспанов атындагы мед академия акысы жылына канша болды 2013 жылгы тусушилерге? Осы жылы канша грант болинди?грантка тусу ушин канша балл жинау кажет???

  8. Сәлеметсіздерме, мен ҰБТ-дан 76 балл жинадым, орыс тілсіз 61 болып тұр. Осы балмен Жұбанов университетіне тех. мамандығына түсуге мүмкіндігім бар ма ? жауап күтемін.

  9. салеметсi3дерме? Мен биыл убт тапсырдым. 88бал жинадым. Орыс тiлн алып тастаганда 67. Казак тилынен 17
    Казак тарихы 20
    Математика 15
    Тандау паным биология 15.
    Орыс тлым 21. Менин батыс казакстанда медициналык универнде окыгым келед. Мен чимкент каласнда турамын. Грант барма 67баллмен. Ауылдык квота. Жетiм.

  10. Сәлеметсиздерме,Мен 2013 жылы Ш.Уәлтханов атындағы Көкшетау мемлекеттик университеттің физика-математика факултетине грантка окуға туским келеди,Грнаттың орташа балдарын билгим келеди?Убт -а 78 балл алдым
    Казқ тили 21
    Каз тарих 21
    Орыс тили 13
    Матем 9
    Таңдау паним физика 14
    орыс тилинсиз балым 65 балл

  11. Салеметсi3дерме?5ншы пан биология.общ 92,орыс тiлiн алганда 76.Батыс Ка3 М.Оспанов атындагы медуниверге жалпы медицина бойынша грантка тусе алуым мумкiн бе?ка3 тiл 23,орыс т 16,тарих 19,матем 19,био 15.жауап жа3уларыны3ды отiнiп сурайм,nаz_еrке_345@майк.ру га жа3уларн3ды сурайм

  12. Сәлеметсіздер ме! мен кешенді тесттілеуден жалпы 48 балл алдым. биологиядан 19, қазақ тілден 15, тарихтан 9, матемнен5 балл алдым. Батыс Қаз М.Оспанов атындағы медуниверге ақылы оқуға түсе алам ба? Жауабын era_shagan39@mail.ru осы почтаға жазып жіберулеріңізді сұраймын.

  13. Салеметсиздерме. мен Кешенди тесттен 64 балл алдым. тандау паним география. Мен каржы немесе есеп жане аудит саласы бойнша грантка тусе аламынба

  14. Сәлеметсіздерме! мен ҰБТ-ден орыс тілі пәнінің ұпайын санамағанда 61 алдым. мемлекеттік грантқа тусе алмадым. тандау пәнім биология. Медицина саласында оқығым келеді. Қайда тапсырсам болады?

  15. 2014 жылы ҰБТ-тен 48 балл жинадым. Спорттан қала.облыс, республикалық жетістіктерім бар, «1 разрядтық» , «Спорт шеберлігіне үміткер» куәлігім бар. Ақтөбе мемлекеттік Қ.Жубанов университетіне грантқа түсуге мүмкіншілігім бар ма ?

  16. сәлеметсіздер ме? ҰБТ-дан 85 балл жинадым орыс тілін алғанда 73 : математика 14, тарих 18, биология 20, қазақ тілі 21, орыс тілі 12… қай қалаға қандай мамандыққа грантқа түсуге мүмкіндігім бар? өтінемін жауабын айтыңыздаршы… janetta_1996@mail.ru

  17. Cәлеметсіздерме! Мен ҰБТ-дан 99 балл жинадым. Орыс тілін алып тастағанда 86. Таңдау пәнім биология. Маған грант керек. Жұбанов университетіне грантқа түсе аламынба??? Жауап күтемін…

  18. Сәлеметсіздерме құрметті менің хатымды оқушы ..!Мен сиздердің университтеріңізге оқуға түскім келеді.Мен ҰБТ-дан орыс тілінсіз56 балл иелендім..білемін менің грантка түсуге мүмкіндігім жоқ…білейін дегенім сіздерде оқу ақысы қанша сэс мамаедығы бойынша және тағы басқа мамандықтар бойынша…Жауабыңызды асыға күтемін

  19. Сәлеметсиздерме,Мен мемлекеттик университеттің физика-математика факултетине грантка окуға туским келеди,Грнаттың орташа балдарын билгим келеди?Убт -а 65 балл алдым
    Казқ тили 16
    Каз тарих 15
    Орыс тили 8
    Матем12
    Таңдау паним физика 14
    орыс тилинсиз балым 57 балл

  20. жалпы баллым 85 таңдау пәнім физика 20 балл казақ тілі 23 балл қазақстан тарихы 20 балл математика 12 балл орыс тілі 10 балл.Орыс тілін алғанда 75 баллға грантқа тусе алам ба?

    1. Сәлеметсіздер ме? ҰБТ-дан 62 балл жинадым орыс тілін алғанда 55 : математика 7, тарих 17, физика 12, қазақ тілі 19, орыс тілі 7… қай қалаға қандай мамандыққа грантқа түсуге мүмкіндігім бар? өтінемін жауабын айтыңыздаршы…
      номер 8702-814-53-22,8702-123-20-18.

  21. Саламатсыздарма. Мен УБТ 75алдым орыс тiлсi3 57 тандау панiм биология грантка тусуге мумкндк барма отiнем айтыныздаршы 87029977197 асыга кутем жауабын

  22. мен колледжден Жубанов универге тапсыргым келеди ол ушин Физика мамандыгына кандай сабактардан тест тапсырамын кыйн болмаса айтып жибериниздерши

  23. Салеметсиздерме. Менин есимим Сымбат. Мен жакында УБТ тапсырдым. УБТдан 70 балл алдым. Менин серпин багдпрламасы бойынша грантка тусу мумкиндигим бар ма. Отиниш жауап бериниздерши. Маган грантка тусу керек отиниш МУРАТ АБЕНОВ сиз менин отинишимди корсениз жауап беринизши

  24. Мен 9 сыныпты битирдим. Менин серпин багдарламасы бойынша грантка тусу мумкиндигим бар ма? Баска калага грантка тусу ушин мектептеги емтиханнан жаксы бага алу миндетти ме? 3 БАГА АЛГАН КУННИН ОЗИНДЕ МАГАН ГРАНТКА ТУСУ МУМКИНДИГИ БОЛА МА?

  25. Менің қызым «Алтын белгіге»үміткер еді.Жақсы балл жинап жүрген.Алайда ҰБТ-да қазақ тілінен 5-ке 2 балы жетпей қалды.Жауап парағын белгілеуде қате жіберіп қойыпты.Аппеляциядан еш нәтиже болмады.Халықаралық пән олимпиадасынан І-орын жүлдегері,Республикалық «Қоршаған ортаны жас зерттеушілер» ғылыми жұмыс байқауының І-орын иегері.Аттестеты-5. Медакадемияға түсе алама?Балы 111,орыс тілін алып тастағанда 87 балл

  26. Мен асем сиздерден мен алматыдагы кыздар университетинде окимын. Бирак мен Актобеге ауыскым келеди. Гранттан грантка ауысуга болама? Озим грантта окимын. Актобедеги Жубанов университетине гранка ауыскым келеди

  27. Сәлеметсіздер ме? Мен 10 сынып оқимын,11 кл. да биология тандайын деп отырмын, соған мен ҰБТ дан универге жетпейтін балл жинап қалсам, Талдықорғандағы мед. колледждегі грантқа түсу үшін қанша балл керек?

  28. Саламатсызба? Мен биыл 76 балл жинадым.Болашақта журналист болғым келеді. ЖОО (грант) түсуге мүмкіндік бар ма? Қай калада, кашан құжаттар тапсырсам болады. Рахмет.Кутем.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button