Ресми

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің

ЖАРЛЫҒЫ

 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен

наградтау туралы

 

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

 

Мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін мыналар наградталсын:

 

«Парасат» орденімен

 

Өтеуұлы Хамит – «Алтын-Әсел» ЖШС директоры, Ақтөбе облысының Ырғыз ауданы.

Тиль Виктор Вальдемарович – «Казхром» ТҰК» АҚ президенті, Ақтөбе қаласы.

 

«Құрмет»  орденімен

 

Бандровская  Наталья Глебовна – «РИКА ТВ телекомпаниясы» АҚ бас директоры, Ақтөбе қаласы.

Болатов Асқар Ескендірұлы  «Стар Тайм» ЖШС директоры, Ақтөбе қаласы.

Жұмағазиев Мұхтар Сабырұлы – «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ басшысы.

Елубаев Қуаныш Далабайұлы – «МұғалжарНефтестрой» ЖШС директоры,  Ақтөбе қаласы.

Сәрсембаев Мұрат Киясұлы – «Авиакомпания «Евро-Азия Эйр» АҚ Ақтөбе филиалының директоры, Ақтөбе қаласы.

Төлегенова Апуажан – «Казахстан Халық Банкі» АҚ Ақтөбе облыстық филиалының директоры, Ақтөбе қаласы.

Османғалиев Аязбай Қайырғалиұлы – Ақтөбе облысы Хромтау ауданының әкімі.

 

«Ерен еңбегі үшін» медалімен

 

Бахонов Әділхан Кенжетайұлы – «Қарғалы орталық аудандық ауруханасы» МҚК бас дәрігері, Ақтөбе облысының Қарғалы ауданы.

Бишенов Әкімжан Әуелбайұлы – «ТҰК «Казхром» АҚ филиалы АФЗ директорының орынбасары, Ақтобе қаласы.

Ведюшкин Сергей Александрович – «Қандыағаш қаласының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» ММ аға жаттықтырушысы, Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданы.

Гороховский Мирон Левкович – «Ақтөбеқұрылыс» ЖШС директоры, Ақтөбе қаласы.

Данияров Самат Бағдатұлы – «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ басшысының орынбасары.

Ізғарин Қадыржан Ескендірұлы – «Ақтөбе политехникалық колледжі» АҚ оқытушысы, Ақтөбе қаласы.

Меркашев Кәдірбек – «Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ басшысы.

Сәндібеков Төреахмет Қожахметұлы – «Ақтөбе нан өнімдер комбинаты» ЖШС құрылтайшысы, Ақтөбе облысының Хромтау ауданы.

Смағұлова Ғайни Смағұлқызы – «Ақтөбе облысы әкімі аппараты» ММ бөлім басшысы.

Табылдинова Нәзира Сәрсембайқызы – «Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» ММ басшысы.

Шманов Қайырғали Сағынтайұлы – «Қайрақты селолық округі» ММ  әкімі, Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданы.

Шушпанников Виталий Дмитриевич – «Алтынсарино» ЖШС директорының орынбасары, Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданы.

 

«Шапағат» медалімен

 

Әділбаев Оразбай Әділбайұлы«Қазақстан Республикасының  ардагерлер ұйымы» ҚБ  Шалқар аудандық филиалының төрағасы, Ақтөбе облысы.

Нармұхамедов Жәнібек Қараұлы – «Қалалық №3 емханасы» МКК бас дәрігері,  Ақтөбе қаласы.

Пашкевич Александр Александрович – «Қалалық техникалық шығармашылық орталығы» ММ директоры, Ақтөбе қаласы.

Төлегенова Шандоз Ілиясқызы – «Ақкемер орта мектебі» ММ директоры,  Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданы.

 

Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен

 

Әбдіғали Болатбек Қанашұлы – «Аксай-АГРО» ЖШС директоры, Ақтөбе облысының Темір ауданы.

Әкімов Конысбай Мырзағалиұлы – «Арман» ШҚ басшысы, Ақтөбе облысының Қобда ауданы.

Бойко Елена Михайловна – «Стройдеталь» ЖШС көпірлі кран машинисі,  Ақтөбе қаласы.

Елеуов Ғалымжан Алмасбекұлы – «Оңалту медициналық орталығы «Дәру» клиникасы» ЖШС директоры, Ақтөбе қаласы.

Жексенбай Сабытай Жексенбайұлы – еңбек ардагері, Ақтөбе облысының Байғанин ауданы.

Қалменов Ойрат Мәжитұлы – «Тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөніндегі шағын несие ұйымы» Ақтөбе аймақтық қоры» ҚҚ директоры, Ақтөбе қаласы.

Кенбай Жәдігер Қылышбайұлы – «Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» РМК аға оқытушысы, Ақтөбе қаласы.

Мұздақ Қуанышбай Мұздақұлы – еңбек ардагері, Ақтөбе облысының Шалқар ауданы.

Петухова Лидия Васильевна – еңбек ардагері, Ақтөбе облысының Мәртөк ауданы.

Рахымов Әділбек Қалиоллаұлы – «Рахым» ШҚ басшысы , Ақтөбе облысының Ойыл ауданы.

 

2. Әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде, елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін нығайту кезінде көрсеткен ерлігі мен қажырлылығы үшін мыналар наградталсын:

 

II дәрежелі «Айбын» орденімен

 

Сүлейменов Бақыт Қасымғалиұлы – Ақтөбе облыстық Ауған соғысы жауынгер-интернационалистері қоғамдық бірлестігінің заңгері, Ақтөбе қаласы.

 

3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының Президенті   Н.НАЗАРБАЕВ.                                                                    

 

Астана, Ақорда, 2013 жылғы 9 желтоқсан

№707

 

Ақтөбе облыстық мәслихатының  2013 жылғы

11 желтоқсандағы №172 шешімі   

 

Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесі және қоғамдық өмірге белсене қатысқаны үшін «Ақтөбе облысының Құрметті азаматы» атағы мыналарға берілсін:

 

БЕРКІМБАЕВ Сматолла Молдашұлына — еңбек ардагері, республикалық дәрежедегі дербес зейнеткерге.

                                                                        

ЗОТОВ Владимир Александровичке —  еңбек ардагері, Батыс Қазақстанның бірқатар кен орындарын алғаш ашушыға.

                                                                        

НЕДЮЖИН Виктор Васильевичке — еңбек ардагері, «Ақпан» ЖШС-нің бас гидрогеологіне.   

                                                   

                                                                        

 

Ақтөбе облысы әкімінің 2013 жылғы 10 желтоқсандағы

«Ақтөбе облысының жыл адамы — 2013» атағын беру

туралы

 

 

АҚМҰХАМБЕТОВА Айзада Жолдыбайқызына, «Айс» ЖШС-ның бұзаушысы — облыста ауыл шаруашылығы саласының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін.

 

БАЙДӘУЛЕТОВ Жанболат Төлепбергенұлына, Ақтөбе қаласы ІІБ есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің аға жедел уәкілі-полиция майоры — жоғары кәсіби деңгейі және заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі абыройлы еңбегі үшін.

 

БАЙМАҒАМБЕТОВ  Бағлан Әуелбекұлына, «ҚазАвтоЖол» АҚ Ақтөбе облыстық филиалының директоры — «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі, «Ақтөбе қаласын солтүстік жағынан айналып өту» жолайрығы  құрылысына белсене қатысқаны және облыста жол инфраструктурасының дамуына қосқан үлесі үшін.

 

БИХАМБЕТОВА Шарипа Шайкамалқызына,  «Ақтөбе» облыстық футбол клубы» акционерлік қоғамының бас директоры — «Ақтөбе» облыстық футбол клубы» АҚ қызметін тиімді басқарғаны және өңірде кәсіби футболдың дамуына қосқан елеулі үлесі үшін.

 

ДҮЙСЕНҒАЛИЕВ  Шаттық Ерланұлына, Ойыл ауданы, Саға мектеп-балабақшасының  11 класс оқушысы, Қазақстан Республикасының спорт шебері — жоғары спорттық көрсеткіштері және 2013 жылғы Азия паралимпиялық ойындарының жеңіл атлетикадан жеңімпазы атанғаны үшін.

 

ЕСЕНҒҰЛОВ Такталифум Сәдуұлына, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ бас директорының бірінші орынбасары — облыста мұнайгаз өнеркәсібінің дамуына қосқан елеулі үлесі және өндіріске жаңа технологияларды шебер енгізгені үшін.

 

ӨТЕУЛИЕВ Бауыржан Бабажанұлына, облыстық «Ақтөбе» газетінің бас редакторы — мемлекеттік саясатты және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен қоғамдық-саяси өмірін кеңінен насихаттаудағы зор еңбегі үшін.

 

САБДИН Асқар Кәлімжанұлына, «Аңсар» кеңес беру-оңалту орталығы» ҚБ директоры — облыстың қоғамдық және діни ахуал тұрақтылығын қамтамасыз етуге қосқан зор үлесі және тұрғындар арасында ақпарат-насихат жұмыстарын ұйымдастырғаны үшін.

 

САЛЖАНОВ Исламбек Төлеубайұлына, «Алтын қыран» халықаралық қайырымдылық қорының президенті — Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесі және «Көркейе бер, туған жер!» акциясына белсенді қатысқаны үшін.

 

ТЕЛЕУШЕВ Таймас Ниязбекұлына, суретші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі —  бейнелеу өнерін дамытуға қосқан үлесі және жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие берудегі зор еңбегі үшін.

 

 

 

Облыс әкімідігінің 2010 жылғы 9 желтоқсандағы №385 қаулысына сәйкес, мәдениет және өнер саласындағы облыс әкімі сыйлығының лауреаттарын іріктеу және анықтау жөніндегі комиссияның 2013 жылғы 4 желтоқсандағы отырысының шешімімен мына қызметкерлерге облыс әкімінің сыйлығы берілсін:

 

1.      Абилов Ерқосай, қолөнер шебері — ұлттық қолөнерді дамытуда елеулі еңбек сіңіріп, жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие берудегі жетістіктері үшін.

2.      Ашабаева Райса Мырзалықызы, Темір аудандық Н.Байғанин атындағы мәдениет үйінің методикалық кабинетінің меңгерушісі — ауылдық жерлерде халық шығармашылығын дамытудағы ұзақ жылғы еңбегі үшін.

3.      Ази Есентүгел Аманкелдіұлы, айтыскер ақын — республикалық деңгейдегі жыр додаларында облысымыздың беделін арттырып, ұлттық өнерді дамытуға қосқан үлесі үшін.

4.      Балдайыров Қазихан Әлімұлы, Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрының актеры — қазіргі заманғы образдарды Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театры сахнасында сомдаудағы жоғары актерлық шеберлігі үшін.

5.      Есембаев Бақыткерей  Қойбағарұлы, Алға аудандық мәдениет үйінің директоры —  ауылдық жерлерде халық шығармашылығын дамытуда ұзақ жыл аянбай еңбек етіп, жастар арасында эстрада жанрын насихаттауға қосқан үлесі үшін.

6.      Жақсымбетова Арайлым Әдліханқызы, Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясы «Аққу» би ансамблінің әртісі —  хореография өнерін дамытуда елеулі үлес қосып, облыс, республика көлеміндегі шараларға белсене қатысқаны үшін.

7.      Жанәділова Ақбөбек Жолдығалиқызы, облыстық «Алақай» қуыршақ театрының актрисасы — жоғары актерлық шеберлігі мен ұлттық қуыршақ театрының халықаралық дәрежеде танылуына қосқан үлесі үшін.

8.      Жұмағұл Несібелі Сағымбайқызы, С.Бәйішев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры — облыс көлемінде кітапхана ісін дамытудағы ұзақ жылғы еңбегі үшін.

9.      Жұмалин Бақтығали  Жұмалыұлы, облыстық халық шығармашылығы үйінің көркемдік жетекшісі — облыстық, республикалық деңгейдегі мәдени шараларға белсене қатысқаны және музыка өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін.

10. Курманалина Ирина Викторовна, суретші, ҚР Суретшілер одағының мүшесі —

      бейнелеу өнерін дамытуға қосқан елеулі үлесі, жас ұрпаққа эстетикалық   

      тәрбие берудегі еңбегі үшін.

11. Қапанов Қайрат Мергенұлы, ди-джей — музыка өнері саласындағы жетістіктері және республикалық деңгейдегі «Х фактор» музыкалық жобасындағы жеңісі үшін.

12. Құрманғалиев Құралбек Демегенұлы, Ақтөбе облыстық «Екі Езу» эстрадалық миниатюра театрының әртісі — театр өнерін дамытуға және насихаттауға қосқан үлесі үшін.

13. Мырзақанова Құралай Ырғызбайқызы, Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің бас есепшісі — мәдениет саласын дамытудағы ұзақ жылғы еңбегі үшін.

14. Мөңкебаева Айнагүл Есенгелдіқызы, облыстық мәдениет басқармасы ішкі бақылау қызметінің жетекші маманы — мәдениет саласын дамытудағы ұзақ жылғы еңбегі үшін.

15. Ниязова Дина Аманғазықызы, Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының камералық оркестрінің концертмейстері —

     шығармашыл жастарды кәсіби шеберлікпен  дайындап, облыста музыка өнерін  

     дамытуға қосқан үлесі үшін.

16. Өтеғалиев Хайдар Серғазыұлы, әнші-термеші — дәстүрлі ән өнерін насихаттап,  дамытудағы еңбегі үшін.

17. Рамазанова Күлшат Жағыпарқызы, Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының бас есепшісі —  мәдениет саласын дамытудағы ұзақ жылғы еңбегі үшін.

18. Савицкая Полина Яковлевна,Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театры  актрисасы — қазіргі заманғы образдарды театр сахнасында сомдаудағы жоғары актерлық шеберлігі үшін.

19. Сүйінғарина Айнагүл Табылдықызы, Қарғалы аудандық тарихи-өлкетану мұражайының директоры — туған өлке тарихын насихаттап, музей ісін дамытуда қосқан үлесі үшін.

20. Тобағабылов Қоянбай Несіпбайұлы, әнші-термеші — дәстүрлі ән өнерін насихаттап,  дамытудағы еңбегі үшін.

21. Югай Ангелина Владимировна, облыстық Достық үйі Корей этно-мәдени бірлестігінің «Чхинсон» ансамблінің солисті — ұлтаралық келісім мен халықтар достығын  нығайту жолындағы шығармашылық еңбегі үшін.

 

Облыстық мәдениет басқармасының басшысы Н.ТАБЫЛДИНОВА.                                                                          

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button