Денсаулық

Би — денсаулық үшін

Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен Қобыланды батыр атындағы орталық стадионда «Би — денсаулық үшін» атты флешмоб ұйымдастырылды. 

Шараға Ақтөбе техникалық колледжінің оқушылары мен қала тұрғындары қатысты. Стадион алдына жиналған жастарды облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының директоры Дәмеш Қайдарова салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

Ацияның негізгі мақсаты — жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, оларды зиянды әдеттерден аулақ болуға шақыру. Бүгін барлығыңыз би билеп, спорттық жаттығулар жасап, өздеріңіз сияқты жастарға үлгі болуларыңыз керек. Қозғалыс дегеніміз — өмір. Қозғалу арқылы барлық аурудан айығуға болады. Сондықтан жас кездеріңізде денсаулықтарыңызды сақтаңыздар, — деді Дәмеш Қайдарова.

Жастардың барлығы бірге би билеп, спорттық жаттығулар жасады.Олар бұндай шараның ұйымдастырылғанына дән риза. Ақтөбе техникалық колледжінің 1-курс оқушысы Аружан Пана бала кезінен биді жақсы көретінін, бүгінгі шараға белсене қатысқанын айтты.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button