«Едіге» эпосы: эпикалық шындық пен тарихи шындық

Ер Едігенің туғанына – 655 жыл
Мұндай басты кейіпкердің арғы ата-бабаларын тізбелеу түркі халқына танымал «Манас» жырында кездеседі. Эпостың М.Мұсылманқұлов вариантында Манастың ата-бабалары Төбей, Чаян, Беен, Кегей, Қарахан болып келеді.
Шоқан: «Эдиге был один из генералов Тамерлана, был темником в Золотой Орде при Тимур-Кутулука и известен в истории победой над Витовтом при Ворскле» [Валиханов Ч.Ч. 1985,с.249], – дейді. Тоқтамыстың әлденеше рет Орданы басып алмақ болған ниеті жүзеге аспады. 1398 жылы Темір Құтлықтан ойсырай жеңіліп, Витовтқа қашты. Тоқтамыстың келуін Витовт өз пайдасына шешудің қамын жеді. Бұл кезде Литва мен Польша күшейіп, Ресейдің батыс бөлігін өздеріне қаратқан еді. Енді Жошы ұлысын басып алу, одан әрі өтіп Ақсақ Темірді күйрету жоспарларын жасады. Витовттың жоспары бойынша Алтын Орданы дәрегейіне қаратқан соң, Ресейдің қалған бөлігі де оңай уысқа түспек. Ал ұлы князь Василий Дмитриевич болса Витовт пен Алтын Орданың арасындағы соғыстың тезірек басталғанын қалады. Себебі Смоленскіні басып алған Витовт Мәскеуге үлкен қауіп төндіріп тұр еді. Оның үстіне орыс княздіктері Алтын Ордаға тәуелді болды. Шын мәнісінде, орыс княздіктерінің, оның ішінде Василий Дмитриевичтің жағдайы толық күйреудің алдында тұрған-ды. Сонымен, Витовт әскерлерін Киев қаласына шоғырландырып, соғысқа ұзақ дайындалды. Ағасы Ягайло да көмегін аямады. Егер Витовт Алтын Орданы жеңсе, бүкіл Шығыс Еуропа, оның ішінде орыс княздіктері тегіс бағынып, Литва князінің табанына түсетін еді. Осындай оймен 1399 жылы Алтын Орданың шекарасына тақап келген Витовт әскерінің құрамында Тефтон орденді рыцарларь мен Польшаның және батыс орыс княздіктерінің ең таңдаулы әскері болды. Алтын Орда жерін бес саусағындай білетін, мұндағы соғыс әдісін толық меңгерген Тоқтамыс сарбаздары Литва князінің сенімін одан әрі орнықтырған болатын.
Мұздай қаруланған саны мол Витовт әскерлері мен Алтын Орда ханы Темір Құтлық Борсықты өзенінің бойында кездесті. Темір Құтлық соғыстан қашып, келісімге келуге ұмтылды. Тіпті күміс есебінен ақша төлемек болды. Басынған Витовт Алтын Орданың ақшасында өзінің туы менен мөрі тұруын талап етті. Хан ойлануға үш күн мұрсат алды. Бұл аралықта өз қол астындағыларды бастап, хан әскеріне Едіге келіп қосылды. Екі ортадағы жағдайды білген соң, аса қиын мәселені екшей келіп, Едіге ханды соғысуға көндірді. 1399 жылы 12 тамыз күні өткен ұлы майданда Алтын Орда әскері жеңіске жетті. Витовт пен Тоқтамыс әрең қашып құтылды. Бұл жеңіс туралы Н.М.Карамзин Шыңғыс пен Батый тұсында да мұндай ұлы жеңіс болған жоқ деп жазады. Алтын Ордалықтар Борсықтыдан Киевке дейін 500 шақырымдық жолда европалық әскерлерді қырып салды. Олардың ішінде көптеген орыс княздері де бар еді. Киев 3 мың күміс ақша беріп, Едігенің қаһарынан аман қалды. Бұл жеңіс Едігенің даңқын аспанға шығарды [Гумилев Л. Н. От Руси к России. 2004,с.225; Урманче Ф. 1999 ,170-171-б].
Эпостың архаитиптік версияларында (Шоқан, М.Османов, Ә.Сикалиев нұсқаларында) Едіге ешбір соғысқа қатыспай, бірде-бір рет біреумен жекпе-жекке шықпай, қарсыласын қара күшпен емес, айбарымен алса, кейінгі қарақалпақ, башқұрт, татар версияларында оның соғысқа қатысуы берілген. Мәселен, Қияс жырау нұсқасында Сәтемірдің қолымен Тоқтамыс қолы бір-біріне қарсы келгенде, Тоқтамыс жағынан жекпе-жекке шыққан алаңғасар Байназар Сәтемірдің батырларын шыдатпайды. Сонда майданға Едігенің өзі шығады. Едігенің сұсынан, айбатынан сескенген Байназар ұрыс алаңын тастай қашады. Осы жағдай жырда былайша көрсетілген:
Сол сөздерди баянлап, Сол сөздерді баяндап,
Көк ала қалқан қолға алып, Көк ала қалқан қолға алып,
Иши оттай жалынлап, Іші оттай жалындап,
Аш бүркиттей шабынып, Аш бүркіттей шабынып,
Буурыл тұлпар, боз баслы, Бурыл тұлпар, боз басты,
Бурқырап шапты Едиге. Бұрқырап шапты Едіге.
Алаңғасар Байназар Алаңғасар Байназар
Едигени бул танып, Едігені бұл танып,
Шийрин жаны ғай болып, Шыбын жаны қайғы боп
Қатты қаста болдым деп, Қатты қапа болдым деп,
Бақырып қашты геллеғар. Бақырып қашты бескесер [Едиге. Қияс варианты. 1990,342-б].
Едігенің соғыс алаңындағы айқасына, батырлығына эпостың татар, қарақалпақ версиясында айрықша көңіл бөлінген. Мысалы, татаршада:
Анда купты бер орыш – Онда қылып бір ұрыс –
Идегәйнең орышы, Едігенің ұрысы,
Дөньяларда булмаган Дүниеде болмаған
Ир Идегәй сугышы. Ер Едіге соғысы.
Румдан купкан Эскендәр – Үрімнен шыққан Ескендір –
Ул да андый орган юк. Ол да ондай болған жоқ.
Юзекәй улы ир Чыңгыз Есугей ұлы ер Шыңғыс
Бер сукканда ун суккан, Бір сұққанда он сұққан,
Ташка сукса, ут чыккан, Тасқа сұқса, от шыққан,
Жиргә сукса, су чыккан, Жерге сұқса, су шыққан,
Иргә сукса, кан чыккан, Ерге сұқса, қан шыққан,
Канга сукса, жан чыккан, Қанға сұқса, жан шыққан,
Ир Идегәй органда Ер Едіге органда
Аннан өстен орышы Одан өтті ұрысы! [Идәгә. – Казан.1988,145-б]
Жоғарыда айтқанымыздай, ХІV ғасырда әбден күшейген Литва мен Польша Батыс және Оңтүстік орыс жерлерін, Украинаны дәрегейіне қаратқан еді. Литва, Польша, Венгрия, Швеция жан-жақтан төніп, Ресейді қайтарымсыз бөліп алу алдында тұрған болатын. Орталық Ресей Едігенің жеңісі арқасында ғана аман қалды. Бұл жөнінде белгілі тарихшы Н.Гумилев: «Самый большой выигрыш от битвы на Ворскле получила Москва. Поражение Витовта спасло ее от угрозы литовского захвата, а литовский князь даже потерял на время Смоленск (1401)», – деп мойындайды [Гумилев Л. Н. От Руси к России. 2004,226-б].
Осы тұстағы Алтын Орданың Ақсақ Темір мемлекетімен арадағы қарым-қатынасын, Едіге мен Темірдің ара жігін Р.Клавихо жазып кеткен мына сөздерден байқауға болады: «Теперь… я расскажу, как Тамурбек победил и разбил Тотамиха, императора Тарталии, могущественного и доблестного человека, более сильного, чем Турок, и как в Тарталии возвысился один кавалер по имени Едегуй, подвластный Тамурбеку, и теперь у Тамурбека нет большего врага, чем этот Едегуй» [Клавихо Г. История великого Тамерлана//ВластелинЕвразии Тамерлан. – Алматы:ТОО Издательский Дом «Кочевники», 2003,с.164].
Ол заман үшін тарихта үлкен із қалдырған оқиға Едігенің 1408 жылы орыс княздіктеріне жорық ұйымдастырып, Мәскеуді қоршауы болды. Кеңес үкіметі тұсында оның шегіндегі түркі тұқымынан шыққан тарихшылар отарлық езгі салдарынан бұл оқиғаның астарына тереңдеп бара алмады. Ресейдің қазіргі кезде де ықпалында отырған түркі тарихшылары (татар, ноғай, башқұрт т.б) бұл мәселені қозғаудан бастарын алып қашады. Ресей жерінде тұратын қазақ, қарақалпақ тарихшылары да осындай күйде. Орыс тарихшылары Лев Гумилев, Б.Д.Греков, А.Ю.Якубовский, Ю.В.Мизун бұл оқиғаның тарихын қысқаша қайыруға тырысады [Мизун Ю.В., Мизун Ю.Г. Ханы и князья. 2005,с.160; Гумилев Л. Н. 2004,с.226-227; Греков Б.Д., Якубовский А. 1950,с.396]. Едіге Мәскеуді ала алмады дейді. Отарлық бұғауда отырған Н.Г.Сафаргалиев Едігенің Мәскеу халқының сағын сындыруға шамасы келмеді деп ұрандатады [Ибн Арабшах. Чудеса предопределения в судьбах Тимура.2005,с.185]. Ал академик Б.Д.Греков болса Едігенің жүргізген бұл зор майданы және жеңістері хақында: «…собственно говоря, успехи эти прежде всего были обусловлены отсутствием единства между Литвой и Москвой. Если бы эти два государства объеденились в своей борьбе против татар в начале ХІVв., не могло бы быть и успехов Едигея», – деп іс жүзінде жүзеге асуы мүмкін емес нәрсені қиялдап кетеді. Бұдан кеңес тарихшысының шовинистік ой пиғылы анық аңқып тұр. Орыс князьдіктерінің жоғарыда аталған елдердің талан-таражына түсіп, біржола жоқ болып кетуінен аман алып қалған Едігеге рахмет айтудың орнына шовинист кеңес тарихшысы осылай деп адас сөз жазады [Греков Б.Д., Якубовский А. 1950,с.400 ].
Едігенің Мәскеуге жасаған жорығына байланысты молырақ қамтып әңгіме қылған – орыстың атақты тарихшысы М.Н.Карамзин. Ол қалдырып кеткен тарихи жазбада да Ресейге іш тарту анық байқалады, бірақ нақтылы шындықтан ауытқып кетпейді, кеңес тарихшыларына ұқсап теріс қиял қуып кетпейді. Н.М.Карамзин өзінің «История государства Российского» деген әйгілі еңбегінде: «Никто не беспокоился в Москве, где, по сказанию одного Летописца, уже мало оставалось Бояр старых и где юные советники Великокняжеские мечтали в гордости, что они могут легко обманывать старца Эдигея и располагать в нашу пользу силами Моголов. Однако ж, Василий Дмитриевич был изумлен скорым походом Ханского войска и немедленно отправил Боярина Юрия в стан оного, чтобы иметь вернейшее сведение о намерении Татарского Полководца; велел даже собирать войско в городах, на всякий случай. Но Эдигей, задержав Юрия, шел вперед с великою поспешностию – и через несколько дней услышали в Москве, что полки Ханские стремятся прямо к ней. Сия весть покалебала твердость Великокняжеского Совета: «Василий не дерзнул на битву в поле и сделал тож е, что его родитель в подобных обстоятельствах: уехал с супругою и с детьми в Кострому» [Карамзин Н.М. История государства российского. 2004,с.239], – деп ұлы князь Василийдің Мәскеу халқын тастап, басын қайттап қашқанын мысқылдай жазады. Князь өзі қашып бара жатып Мәскеу қорғанының қабырғасының беріктігін, зеңбіріктерінің барлығын, қатал қыстың да өздеріне жәрдемдесетінін алға тартып, қаланы жақсылап қорғаңдар, мен сырттан қол жинап әкеліп, сіздерді құтқарамын деген уәждер айтады. Бірақ қала халқы ұлы князь өзі мен әйелін, балаларын құтқарып, бізді жауға тастап кетті деп түсінді. Қала ішінде тәртіпсіздік орнады. Үрей биледі. Н.М.Карамзиннің жазуынша, 30 қараша күні алтынордалықтар Мәскеуге тақап келеді. Бірінші желтоқсан күні Едігенің өзі жетіп, қашқан ұлы князьдің соңынан отыз мың атты әскер жібереді. Қаланы қоршауға алады. Едігенің қоршаудан ауысқан жауынгерлері Ростов, Дмитриев, Переславль Залесски, Серпухов, Нижний Новгород, Городецті басып алады. Тұрғындарын тұтқындап, елді-мекендерді тонауға түсіреді. Бұл жөнінде тарихшы былай деп таңбалайды: «Не было ни малейшего сопротивления. Россияне казались стадом овец, терзаемых хищными волками. Граждане, земледельцы падали ниц пред варварами; ждали решения судьбы своей, и Моголы отсекали им головы или расстреливали их в забаву; избирали любых в невольники, других только обнажали: но сии несчастные, оставляемые без крова, без одежды среди глубоких снегов в жертву страшному холоду и метелям, большею частию умирали. Пленников связывали и вели как псов на смычках: иногда один Татарин гнал пред собою человек сорок» [Карамзин Н.М. История государства российского. 2004,с.240]. Осындай күйге түскен, айналасынан ешқандай көмек жоқ, қоршаудағы Мәскеудің хәлі тым мүшкіл еді. Бұл жөнінде Н.М.Карамзин: «Владимир Андреевич, Князья, Бояре целые три недели тщетно ждали приступа и, не имея запасов хлебных, страшились голода», – деп аққа қарамен таңбалаған [Карамзин Н.М. История государства российского. 2004,с.240]. Бірақ аяқ астынан Едігенің Ордаға оралуына тура келді. Болат ханның жаушысы Ордада төңкеріс болғалы жатқанын хабарлайды. Тоқтамыс ханның баласы Жәлел-әд-Дин Литва князі Витовттан көмек алып, көп әскермен Болат ханмен соғысуға атанған еді. Едігенің Ордаға шұғыл оралуына тура келеді, себебі сол тұста Орданың Едігесіз күні қараң болатын. Мәскеуді тастап кетуге мәжбүр болған Едіге 3000 сом «сатып алу» ақшасын төлеген қаланы қоршаудан босатады. Жолшыбай Рязань князьдігіне ойран салады. Тарихшылардың жазуынша «Едіге Мәскеуді қоршауын тастап, оларға 3000 сом айып төлетіп, Алтын Орда тағынан үміткерлермен күресу үшін Еділге қайтып кетеді. Жәлел-әд-Дин тағы жеңіліп, қайтадан Литваға қашады» [Бегалин Қ. Алтын Орда хандары. – Алматы: «Адамдар» ЖШС, 2007,228-б].
Мемлекетінің абыройын асырып, іргесін қайта бекіткен көреген саясаткер, сайыпқыран қолбасы туралы халық эпосы:
Кисмә-кисмә сары алтын Кеспе-кеспе сары алтын
Кисеп улжа кылдырды. Кесіп олжа қылдырды.
Идел-йортны жыйдырып, Еділ-жұртын жидырып,
Өлкән бер туй кылдырды. Үлкен бір той қылдырды.
Агаларны алдырып, Ағаларын алдырып,
Киңәшсез үскән бу йортны Кеңессіз өскен бұ жұртты
Киңәшле йорт кылдырды, Кеңесті жұрт қылдырды,
Каланы кайта торгызды, Қаланы қайта тұрғызды,
Илне илгә тутырды, Еліне үлгі тұттырды,
Уртасына ару урда кундырды Ортасына ару орда
қондырды, – дейді.
Темір Құтлұқтан кейін хан тағына отырған Шәдібек 8 жыл ел басқарады. Бұл жыр версияларында да сәулеленген:
Идегәй углын куганда, Едіге ұлын қуғанда,
Иле берекми торганда, Елі бірікпей тұрғанда,
Хан тәхетенә хан итеп Хан тағына хан етіп
Шадибәкне куйганда, Шәдібекті қойғанда,
Дала букен ду итеп, Дала бүкіл ду етіп,
Дуадак үтте Норадын Ашу етті Нұрадын [Идәгә. – Казан.1988,203-б].
Орыс деректері бойынша Шәдібек, парсы деректерінше – Темір бек Едігенің қызына үйленген [Жирмунский В.М. Тюркский героический эпос.1974,с.24]. Шәдібек өлген соң қайын атасының қолдауымен оның ұлы Темір таққа отырады. Тақты иеленген жаңа хан енді Едігенің көзін құртуды көздейді. Тоқтамыстың баласы Жалил-ад-динмен ауыз жаласады. Едіге Хорезмге ығысады. Одақтастар алты ай бойы Хорезмді қоршайды. Алдыртпайды. Едігені сатқан Темірдің ажалы көп ұзамай Жалил-ад-диннен келеді. Ханның баласы Алтын Орданың билігін басып алады. Кемеліне келген соң ол өзінің талантты қолбасысы Каджулай бастаған қалың қолды Едігені талқандауға жібереді. Саны жағынан бірнеше есе басым Каджулайдың шеріктерін өзінің айрықша әскери таланты арқасында Едіге жеңіп шығады [Греков Б.Д., Якубовский А.1950,с.401-402]. Каджулайды тұтқындайды. Алайда, сайыпқыран қолбасының қайтадан Алтын Ордаға билік жүргізуіне мүмкіндік болмайды. Біздің пайымдауымызша, көп ұзамай Жалил-ад-диннің орнын басқан Қадырбердімен Нұраддиннің татуласып [Трепавлов В.В. История Ногайской Орды. – Москва,с.82], Нұраддиннің әскербасы болуы Едігеге кедергі келтірген. Өз баласына қарсы соғыс аша алмаған.
1416 жылы Тоқтамыс балаларымен ауыз жаласып, қайта күшейген Витовтқа қарсы аттанып, Литва жерінің шекарасынан өтеді. Еуропалық үлгідегі Витовт әскерінің ту-талақайын шығарып, Киевке басып кіреді. Қарсыласқан қалаға ойран салып, өртеп жібереді.
Қорытып айтқанда, 1399 жылы 12 тамызда Борсықтыда, 1408 жылы Мәскеуде, кейінгі Хорезмді қорғау мен Киевке шабуыл жасауда Едігенің басшылығымен өткен майдандар – оның дүние жүзі тарихындағы ұлы қолбасылардың бірі екенін нақтылы айғақтайды.
Ел билеп, мемлекет басқарған Едіге талантты қолбасы ғана емес, дарынды дипломат еді. Мәселен, Борсықтыдағы жеңістен соң Киевті бір жолата талқандаған жоқ, керісінше жеңістен кейін Литва князьдігінің қайтадан көтерілуіне жәрдемдесті. Екінші жағынан Мәскеу князьдігін әлсіретуге күш салды. Сөйтіп бұл екеуін тепе-теңдікте ұстап отырды. Осы мақсатта 1399 жылы Мәскеу Русіне қарсы жорыққа аттанып, төменгі Новогородты басып алып, он бес күн тонауға салып, әбден әлсіретіп жіберді. Бұның нәтижесінде Новогород князьдігі кейін Литвамен одақтасты. Едіге Мәскеу князі Василиді Тверь, Смоленск, Рязанск, Новогород князьдіктерінен оқшауландырды. Осындай саясаттар негізінде ХV ғасырдың басында ежелгі дұшпандар — Литва мен Мәскеу князьдіктерінің арасы мықтап шиеленісті.
Едіге өзінің оңтүстіктегі қаһарлы көршісі Ақсақ Темірмен арадағы қарым-қатынасты жақсартуды да ұмытқан жоқ. 1398 жылы оған сый-сияпат пен елші жіберіп, бетін бері қаратып қойды. 1400 жылы Темір Құтлық аяқ астынан өлген соң, билік біржола Едігенің қолына көшеді. Алтын Орданың халықаралық беделі одан әрі өседі. Мұны көре алмаған Ақсақ Темір 1402 жылы Ордаға қарсы жаңа жорық ұйымдастыруды көздейді. Едігенің ұтымды жүргізген дипломатиялық әдісі негізінде арадағы қырғи қабақтық тағы да тоқтайды.
Кейбір ғалымдар Едіге Ақсақ Темірді дипломатиялық әдіспен ғана тоқтатты деп есептейді. Ал шындығында Едіге Ордада тұрақты түрде 200 мың әскер ұстаған. Бұл жөнінде: «У этого Едигуя постоянно имеется в Орде более 200000 всадников» [Клавихо Г. История великого Тамерлана // Властелин Евразии Тамерлан. – Алматы: ТОО Издательский Дом «Кочевники», 2003,с.209], – деп жазады сол заманды көзімен көрген білімпаз Р.Клавихо. Сондықтан Ақсақ Темірдің мұнымен де есептесуіне тура келген. Жоғарыда айтқанымыздай, 1391 жылдан кейін екеуінің жолы қайта қиылыспаған, бірін-бірі жек көрген. Ол жөнінде Р.Клавихо: «…а император Тотамих (снова) бежал. Это повергло в уныние всех татар; они стали говорить, что их сеньор потерпел поражение, так как удача его покинула, и (поэтому) он был разбит; и начались между ними раздоры. А один, служивший Тамурбеку по имени Едегуй, заметив, что между татарами начались несогласия, сговорился с ними, что пойдет на Тамурбека и против всех тех, кто будет (их врагами). И они сделали его сеньором; а он восстал против Тамурбека и стал искать случая его убить; (тогда) и его земли, и Тарталия перешли бы к нему и стали бы его (владениями)», – деп жазады [Клавихо Г. История великого Тамерлана.2003,с.165].
Тоқтамыстың өмірінің соңғы жағында Ақсақ Темірге барып, өзінің Алтын Орда басына қайта оралуына жәрдем сұрағаны тарихтан белгілі. Ақсақ Темір Қытай жорығынан соң саған жәрдем беремін деп уәде қылады [Клавихо Г. История великого Тамерлана.2003,с.209]. Бұл уәдесінің алдында Едігені өз Ордасына шақырып көреді. Ол оқиға туралы Р.Клавихо былай деп таңбалаған: «Между тем Тотамих, император Тарталии, и Тамурбек примирились и вместе стараются обмануть Едегуя. Тамурбек послал сказать ему, что ведь ему известно, что он в его власти, что он его любит и прощает, если в чем нибудь против него погрешил, и что хочет быть его другом; а что бы между ними было родство, он предлагает женить своего внука на одной из его дочерей. Говорят, что этот Едегуй ответил ему, что он прожил с ним 20 лет и был тем, кому он более всех доверял, и что знает его слишком хорошо и все его хитрости и что такими уловками его не провести, что он понимает, что все эти доводы только для того, чтобы обмануть, и если они действительно станут друзьями, так только на поле брани с оружием в руках, так он им ответил» [Клавихо Г. История великого Тамерлана.2003,с.209]. Бұл дерек Едігенің Ақсақ Темірден сескенсе де, кейбір тарихшылар айтып жүргендей қорықпағанын айғақтайды.
Кей тұста тарихи деректер мен эпос сөзі дәлме-дәл келіп жатады. Мұның айғағы ретінде төмендегі екі мәтінді қатар қойып салыстырайық. Татардың Нығымет Хакім жазып алған нұсқасында Едігенің өлімі баяндалған. Әуелі:
«Идегә Кадыйр Бирдегә кайтарып:
Керпегемә боз туңып,
Эзләп килгән Кадыйр мән
Орышкалы көчем бар, –
диде дә чүригә (бәпкәчкә) ташланган тилгәткән төсле Кадыйр Бирде өстенә ташланды. Кадыйр Бирде Идегәне берничә йирдән яралап өлгергәндә, Идегә аны тупрак ман каралап, дөнья мән исәнләштереп тә өлгерде.
Суғышып арыған, кан китеп хәлсезләнә барган Идегә тотты да тукышлыктан (сугыш мәйданыннан) качты.
Идегә кача барганында якыннан таныш бер кешесен очратты. Үзенең кача барганын, кая барып иптәшләрен көтеп ятачагын әйтте дә үзе яклы булган кешеләр очрап калса, аларга кайда көтеп ятканын әйтеп, юл күрсәтеп йибәргәле үтенде. Таныш кеше: «Баш өсте!» диде. Идегә үз юлына юнәлде, таныш үз юлына китте. Идегәнең үтенеч тапшырган танышы юлда барган вакытта Идегә күз язып, аңардан адашып калганын, аны эзләп каңгырганын әйтте, белә торган булса, Идегәне табу өчен юл күрсәтүен үтенде. Идегәнең әлеге үтенеч тапшырган танышы аның авыр бер хәлдә булганын, кайда барып иптәшләрен көтеп ятачагын әйтеп бирде, юлын да өйрәтте.
Юл сораучы кеше, Кадыйр Бирденең бер бие, Идегәне эзләп баручы бер кеше иде. Бу кеше үзенең эзләп барган 40-50 юлдашына барып хәбәр иткәннән соң, болар Идегә качып яткан күлгә таба юнәлделәр. Идегә яткан күл тирәсенә килеп, аның ат эзен таптылар. Ләкин ат эзе камышлыкка кергән эз түгел, бәлки чыккан эз булганын күрделәр… Керә килгәннәрнең тагы берничәсен камышка сөяп өлгерсә дә, соңыннан кергәннәре белән чәнчешкәле мөмкинлек тапмастан, күлгә ташланды да, икенче ягына таба йөзә башлады. Арадан берәү, йөзә барган Идегәнең башына, жилкәсенә төзәп, ук белән аткалы кереште. Идегә йан ачуы белән су өстенә суга-суга күл яңгыратып ачулангалы тотынды:
– Күлдән чыкканнан соң кәрәгегезне бирәм әле сезгә, – дип, тешләрен кайрады.
Атылган уктан башын тайпылдырып калу өчен укчыларга карап чалкан йөзә башлады. Берничә укны юл яздырса да, тоташтан атыла башлаган укларның берсе Идегәнең битен сыдыра тишеп кереп, бер күзен дә чыгарды. Идегә укны суырып алып суга атты. Укчыларга йилкәсен биреп йөзә башлады. Аркасына тагы ике-өч ук кадалды, аларның биленә кадалган икесен суырып алып ташлады, ләкин берсен суыра алмады, инде күп йөзә алмаслык, өч-дүрт минутлардан артык су өстендә тормаслык хәлгә килде. Үлем өзгәләнүләре белән сыкдай аһ ора башлады…» [Идегә дастаны. Нығымет Хакім нұсқасы // Дастаннар. – Казан: Раннур нәшрияты, 2004,328-330-б].
Бұл жерде де эпос тарихи деректерден алшақ кетпейді. Академик В.М.Жирмунский Едіге Тоқтамыстың баласы Қадырбердімен болған соғыста өлді деген қорытынды жасайды. Мұны дәлелдеуде араб тарихшысы әл-Айнидің (Элайнидің) төмендегі дерегін келтіреді: «У Тохтамыша был сын, по имени Кадир-берди, который постоянно воевал с Идики из-за царства. В этом, т.е. 822, году (1419г. н.э.) Кадир-берди (снова) пошел на Идики; а Идики (со своей стороны) выступил против него. Встретились они, и произошли между ними бой великий и сражение ожесточенное. С обеих сторон было убито много народу; Кадир-берди (сам) был убит во время схватки, и соратники его бежали. Идики также был поражен множеством ран, и войска его также обратились в бегство. Идики бежал, предполагая что Кадир-берди победил. Покрытый ранами, он прибыл в одно отдаленное место, спешился там и сказал одному из бывших с ним лиц: «Ступай и разведай, в чем дело; если найдешь кого-нибудь из нашего войска, укажи ему (путь) сюда». Тот отправился и, производя разведки, встретился с одним из эмиров Татарских. Это был один из сторонников Тохтамыш-хана, у которого он был старшим (эмиром). Поведал ему тот человек про дело Идики; тогда он (эмир Тохтамыша) спросил: «Где он?» Тот указал ему (путь), и он пришел к нему (Идики). Увидев его, Идики стал поносить и стращать его. Тогда тот сказал ему: «День был в нашу пользу, и мы сделали свое дело, (теперь) сделай ты все, что можешь» (букв. «что бы ни исходило от рук твоих»). Затем он приказал бывшим при нем людям напасть на него (Идики) с мечами, и они разрубили его на куски» [Жирмунский В.М. Тюркский героический эпос. 1974,с.372-373].
Қадырғали Жалайырдың «Шежірелер жинағындағы» мәліметтер бұл деректі толықтыра түседі: «Кейін он бір жыл өткенде Қадырберді хан Қырым әскерімен келіп, Еділ дариясынан кешіп өтіп, Едіге бимен соғыс қылды. …Едіге би жаралы болды. Қадірберді хан да жарақат алды. Екі жақ әскері бірін-бірі аямай кескіледі. Ичкили ұлы Хасан Едіге бидің ақта атын (ереуіл атын) ұстап тұр еді. [Сол] Қадірберді ханға «Едіге мұнда жатыр» деп хабар берді. Ол жетіп келіп, оны өлтіреді. Қадірберді хан да сол жарақаттан кейін бірнеше күннен соң опат болды» [Қадырғали Жалайыр. Шежірелер жинағы. – Алматы: Қазақстан, 1997,115-б].
Ибн-Арабшахтың жазуынша, Тоқтамыстың ұлы Жалил-ад-динмен болған соғыста батыр жарақат алып, өзен суына кетеді. «Его вытащили из реки Сейхун, у Сарайчука, и бросили на произвол судьбы, да смилуется над ним Аллах всевышний!» [Жирмунский В.М. Тюркский героический эпос. 1974,с.373].
Шығарманың барлық версияларында, бас-аяғы бүтін жазып алынған нұсқалардың барлығында дерлік Едіге мен оның баласының арасындағы келіспеушілік, араздық мотиві орын алған. Кейбір нұсқаларда осы араздық, яғни жауларына бірігіп күреспеген соң, ақыр аяғында екі батырдың да өліміне себепші болады. Эпостың ұлттық версияларындағы бұл тұрақты мотив тарихи шындықтан алыс емес. В.В.Трепавлов бұған қатысты былай деп жазады: «В некоторых версиях дастана «Эдиге» говорится, что Нур-ад-дин (Нурадил) возглавил Юрт после смерти отца. То же утверждение встречается и в научной литературе, причем иногда даже называются, без всяких ссылок на источники, даты правление Нур-ад-дина: – 1426-1440 гг. (История 1993, с.182; Кочекаев 1988, с. 19; Очерки 1953, с. 465; Очерки 1967, с. 143; Сафаргалиев 1960, с.228). Но сыновья Эдиге, которых средневековые авторы после его гибели в 1419г. помещали во главе Юрта, – это Мансур и Гази. Значит, правление Нур-ад-дина с большей вероятностью следует отнести ко времени, когда был жив его отец.Именно на склоне лет Эдиге между ними разразился конфликт», — дейді белгілі тарихшы [Трепавлов В.В. История Ногайской Орды. – Москва,с.82].
Жоғарыда, эпостың татар нұсқасында Бодай би айтты делінетін өлең жолдарына қайыра назар аударайық:
Бу жиһанның фетнәсе Бұ жалғанның фәтенесі
Аксак Тимер дошманны, Ақсақ Темір дұшпанды,
Сарайга алып китерден, Сарайға алып келтірдің,
И өз баһадир иреннән, Өз баһадүр жерінен,
Йорт жиреңне бастырдың. Жұрт жеріне бастырдың.
Төлкедәй кызыл чырайлы, Түлкідей қызыл шырайлы,
Авзы төкле княж – Аузы түкті кнъяз –
Ул килеп басты йортымны; Ол келіп басты жұртымды;
Изге шәһре Болгарны, Ізгі шаһар Болгарды,
Астаналы Сиварны Астаналы Сиварды [Идәгә. – Казан.1988,166-б], –
деп Будай би Едігені кінәлайтын. Біз ілгеріде Едігенің Ақсақ Темірден 1391 жылы бөлінгендігіне нақтылы айғақтар келтірдік. Ал Булгар жерінің ойранға түсуі 1395 жыл. Ол туралы жан-жақты зерттеу жүргізген М.Г.Сафаргалиев: «Историки Тимура, хотя и не сообщают о разрушении Тимуром булгарских городов, но города Булгар, Жукатин, Керменчук и другие были, несомненно, разграблены и опустошены Тимуром во время второго похода 1395 года», – деп аққа қарамен таңбалаған [Сафаргалиев М.Г. 1960,с.164].
Жырдағы түлкідей қызыл шырайлы, аузы түкті князь – орыс князі Федор Пестрый. Федор Пестрый 1431 жылы Булгарды басып алған. Байқап отырғанымыздай, бұл уақытта Едіге дүниеден озғалы он бір жыл өткен. Жырда неге бұлай айтылған деп кінә тағуға және болмайды, себебі тарихи негіздері айқын эпостың өзінде тарихтың өзі жоқ, сұлбасы ғана болады. Жоғарыда айтқанымыздай, эпоста жетілу, жетігуіне байланысты әр түрлі уақыттың оқиғалары кездесе береді. Яғни, көп қабатты (полистадиялы) болады. Бұл эпостың өзіне тән хас сипаты. Тіпті эпос пен нақтылы тарихи оқиғалар үндес, сәйкес көрінетін жерлердің өзінде өткен оқиғалар хронологиялық тізбе түрінде көрінбейді. Себебі, біріншіден, эпос көркем шығарма, екіншіден, оның жанрлық белгісіне байланысты заңдылықтары бар. Сондықтан эпостан тарихта өткен оқиғаның нақтылы жылын, кейіпкерлерін, оқиға өткен орнын дәл табу мүмкін емес. Осыдан болса керек, Алтын Ордаға Едіге тұсында хан болған Темір Құтылық туралы эпоста ештеңе жоқ. Аузын айға білеген Ақсақ Темірдің өзі Едігеге жәрдемші ретінде көрінеді. Едігенің Борсықтыдағы қайталанбас ерлігі, сол сияқты Мәскеуге жасаған әйгілі жорығы, сыртқы саясаттағы ірі жетістіктері эпоста айтылмайды.
Тарихшылардың айтуынша, Едіге Алтын Ордадағы ислам дінінің біржола орнығуына зор ықпал еткен тұлға. Италияның көпесі әрі саясаткері Иосафат Барбаро бұл мәселеге байланысты: «Магометанская вера стала обычным явлением среди татар уже около ста десяти лет тому назад. Правда, раньше только немногие из них были магометанами, а вообще каждый мог свободно придерживаться той веры, которая ему нравилась. Поэтому были и такие, которые поклонялись деревянным или тряпичным истуканам и возили их на своих телегах. Принуждение же их принять магометанскую веру относится ко времени Едигея, военачальника татарского хана…» дейді [Барбаро и Контарини о Росии. К истории итало-русских связей в ХV в. – Москва, 1971 г,с.140].
Едігеден кейін Алтын Орданың шаңырағы шайқалып, бұрынғы күш-қуаты кеми береді.
Шығыс тарихшылары оны «Жошы ұлысын өз дегенінше биледі», «Дешті елінің, Сарай мен Қырымның шынайы билеушісі», «Дешті Қыпшақ пен өзбек елінің әміршісі», «патшаларды өз қолымен ауыстырып отырды» деп жазады. Орыс жылнамаларында «Ұлы князь» деп аталады. Яғни Мәскеудің, Литваның ұлы князьдарымен пара-пар есептеледі. Еуропалықтар оны «Дешті Қыпшақ әміршісі», «Татария императоры», «Алтын Орданы билеуші» дейді.
Едігенің есімі Алтын Орда түркілердің есінде ұзақ ғасырлар бойы сақталып келеді. Сүйегі Ұлытауда жерленген деген аңыз бар. Оның басына апарып құрбандық шалу, сыйыну қазіргі күнге шейін жалғасуда. Ол ақылдылық пен қайырымдылықтың үлгісі есебінде жырларға қосылып, бірте-бірте түркі халықтарының қасиетті әулие адамына айналды. «Сего света держава на великих местех, счастливои осподарь, умнои как Бюрека, ум ся у него родил, вере надежа, людем подпора, Богом возлюблен, а от людеи почтен, над судьями судья, а великие люди слову его были рады, иных осподарей вернее был и салтанов – Едигеи князь» (грамота Мусы-бия Ивану ІІІ – Посольская книга, 1984, с. 39).
Тарихи деректерге жүгінсек, Едіге балаларды құлдыққа сатуды тоқтатқан. Бұл жағдай Сирия мен Египеттегі құл базарларына бірден теріс ықпал еткен [Сұлтанов Т.И. Чингиз – хан и Чингизиды. Судьба и власть. – Москва: АСТ, 2007,242-б].
Оны өте жақсы білген сол заманның тарихшысы: «Правил он всеми делами Дештскими около 20 лет. Дни его (царствования) были светлым пятном на челе веков, и ночи владычества его яркой полосой на лике времен»[Ибн Арабшах. Чудеса предопределения в судьбах Тимура.2005,с.37], – деп жазады.
Дағыстанның Ноғай ауданындағы қорғанның орны «Едіге төбе» деп аталады. Шымкент облысындағы Құмкентті қоныс еткен адамдар өздерінің туып өскен жерін «Едігенің майлы жұрты» деп атайды. Ақтөбе облысының Байғанин ауданында «Едігенің жалы» деген төбе бар. Соның қасындағы «Алып ана бейітін» Едігенің шешесінің моласы екен деседі.
Жұбаназар АСАНОВ,
филология ғылымының докторы,
Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының оқытушысы.



