Денсаулық

Гипертония — қауіпті дерт

7 сәуір — Дүниежүзілік денсаулық сақтау күніне байланысты жақында Ақтөбе қаласындағы «Қазпошта» АҚ облыстық филиалының ғимаратында акция өтті. Шараны облыстық денсаулық сақтау басқармасы, №4 қалалық емхана және қан орталығы ұйымдастырды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау күнінің биылғы басты тақырыбы —
гипертония. Сол себепті де ауқымды шара «Қаныңыздың қауіпсіздігі көпшіліктің өмірін құтқарады» ұранымен өткізілді.

Соңғы жылдары қан айналымы жүйесінің аурулары көбейіп кетті. Өкінішке қарай, Еуропа елдеріне қарағанда, біздің елімізде қан қысымы аурулары көп тіркеліп отыр. Мысалы, 2010 жылы 100 мың адамға шаққанда 913 адам гипертонияға шалдықса, 2011 жылы бұл көрсеткіш 1035-ке көбейді. Мұның себебі әртүрлі. Мысалы, дұрыс тамақтанбау, қимыл-қозғалыстың аздығы да әсер етеді. Басқа ауруларды уақытында емдемеу де гипертонияға шалдықтырады.  Жас ерекшелігіне қарай да гипертониямен ауыратын адамдардың үлесі артуда. Мәселен, 20-40 жастағы 10 адамның біреуі гипертониямен ауырса, ал 50-60 жастағы 10 адамның бесеуі, яғни әрбір екінші адам осы аурумен ауырады.

Қан қысымының көтерілуі түрлі ауруларға (инсульт, инфаркт, соқырлыққа)  шалдықтыруы мүмкін. Сол себептті соңғы жылдары әрбір емханаларда скринингтік тексерулер ұйымдастырылып жатыр, — деді облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының директоры Райхан Ыбыраева.

Акция барысында тұрғындар  қан қысымын, бойын, дене салмағын өлшетіп, холестерин мен қандағы қант мөлшерін білді. Сонымен қатар  дұрыс тамақтануға байланысты мамандардан кеңес алды.

 

Г.БАЗЫЛҚЫЗЫ.

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button