Жаңалықтар

Жоба жалғасады

Бұдан соң Қостанай облысынан келген  делегация Достық үйіне ат басын тіреді. Қостанай облысы әкімінің орынбасары Серік Бектұрғанов мәдени-ұлттық орталықтардың көрмесін тамашалап, жылы лебізін білдірді.

Елбасының бастамасымен қолға алынған жобаның мақсаты — этномәдени бірлістіктер арасындағы әріптестікті нығайту. Осы шараның аясында әр облыстағы мәдени-ұлттық орталықтар өзара тәжірибе алмасып, байланысын бекіте түседі. Ақтөбеге Қостанайдан бір топ делегация келіп отырмыз. Оның ішінде грек, орыс, украин мәдени орталықтарының өкілдері бар. Алдағы уақытта бұндай басқосулар өз жалғасын табады деген сенімдеміз, — деді.

Ал Қостанай облыстық мәслихатының депутаты Ибраш Естаев қостанайлықтардың ақтөбеліктерден үйренетіндері көп екенін айтты. Біздің қаладағы Достық үйінің кеңдігі мен әсемдігіне қайран қалғанын жасырмады. Бұдан соң Достық үйінің концерт залында ұйымдастырылған шара барысында Қостанай облысы әкімінің орынбасары Серік Бектұрғанов «Достықтың жол картасы» мега-жобасы эстафетасын Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Сара Нұрқатоваға салтанатты түрде табыс етті. Ал Сара Қайыржанқызы Серік Бектұрғановқа облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің Алғыс хаты мен арнайы сыйлығын  табыстады.

Шара соңында ақтөбеліктер Қостанай облысынан келген өнерпаздардың концертін тамашалады. Ал енді ақтөбеліктер Достық кітабын Батыс Қазақстан облысына жеткізеді.

 

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button