Жаңалықтар

Ғасыр саңлағы

С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымының негізін қалаушы, реформатор-ғалым Ахмет Байтұрсынұлының 140 жылдығына  орай «ХХ ғасыр реформаторы» атты оқырмандар конференциясы өтті.

Оқырмандар конференциясына арнайы «Ғасыр саңлағы»  атты фото-шежіре слайд, сондай-ақ кітап көрмесі ұйымдастырылып, оларға кітапханашы Н.Бердіғалиева библиографиялық шолу жасады.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының доценті Ғ.Ниязова, осы университеттің Отан тарихы және тарихи пәндер кафедрасының аға оқытушысы Ә.Аман, кітапханашы Г.Омарханова,  Ақтөбе қалалық оқыту орталығының қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Д.Сарбаева, облыстық тарихи-өлкетану  мұражайының  бөлім меңгерушісі А.Сарыбай баяндамаларын оқыды.

Университеттің студенттері мен колледж оқушылары да ізденіп, әзірлеп әкелген баяндамаларын көпшілікке ұсынды.

Ақтөбедегі №37 орта мектептің, М.Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың оқушылары ақынның өлеңдерін оқып, №1 музыкалық мектептің оқушысы Аружан Жақсыбай скрипкада Абайдың «Көзімнің қарасы» және А.Жұбановтың «Қарлығаш»  әнін орындады.

№37 орта мектептің ұстазы Қ.Есқұлова оқушыларды Ахмет Байтұрсынов туралы, оның еңбектерін оқуға шақырды.

Шара соңында С.Бәйішев атындағы  облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының директоры Несібелі Жұмағұл белсене қатысқан оқырмандарға Алғыс хаттар табыс етті.

Р.ҚАРАҒҰЛОВА,

абонемент бөлімінің меңгерушісі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button