Спорт

Ақтөбелік «Намыс» көш басында

Қол добынан жоғары лигада ойнайтын Ақтөбенің «Намыс» ерлер командасы  еліміздің чемпионы атанды. Жеңімпаз команда Қазақстан Республикасының XXI чемпионатының екінші турының нәтижелері бойынша да көш бастады. Команда барлық кездесуде сенімді түрде жеңіске жетіп, бірде-бір ұпай жоғалтқан жоқ.

Жарыс биылғы қараша айының соңғы аптасында Қызылорда қаласында өтті. Оған 7 команда қатысты. Қарағанды, Астана, Қостанай, Шымкент, Қызылорда қалаларының және Ақтөбе қаласының екі командасы күш сынасты. Біздің облыстан барған «Казхром» ерлер командасының да табыстары жанкүйер қауымға біраздан белгілі. Бұл жолы олар үшінші орынды қанағат тұтты. Екінші орынды Шымкент қаласының «Қазығұрт» командасы иеленді. Қызылорданың  командасы төртінші, Астананың  командасы бесінші орындарға табан тіреді.

Алда әлі үш тур бар. Ол 2013 жылдың алғашқы жартысында өтеді.

Ақтөбенің «Намыс» командасын Қазақстанның қол добының ардагері Есет Әміржанов жаттықтырады. Қазақстанның ерлер командасы арасындағы жоғарғы лигасының 2011-2012 жылдардағы чемпионы өз алдарына өткен маусымдағы жеңіс тұғырына қайта көтерілу міндетін қойып отыр.

Аманқос ОРЫНҒАЛИҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button