Назарбаев зияткерлік мектептері әлемдік деңгейде білім береді
«… 2015 жылға қарай Ұлттық инновациялық жүйе толыққанды жұмыс істеп, 2020 жылға қарай елде енгізілетін талдаулар, патенттер мен дайын технологиялар түрінде өз нәтижелерін беруге тиіс. Білім беру саласында Астана қаласында құрылып жатқан бірегей оқу орындары – «Жаңа халықаралық университет», «Арнаулы Қор» және қазірдің өзінде табысты жұмыс істеп жатқан «Интеллектуалдық мектептер» секілді жобалар ерекше басымдыққа ие болмақ.
Мен олардың менің есімімді алуына келісімімді бердім. Олардың отандық білім беру жүйесінің флагманы болып, осы заманғы оқу бағдарламаларын кейіннен оларды бүкіл республика бойынша енгізетіндей етіп әзірлеу мен байқап көру жөніндегі басты алаңға айналуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасау қажет».
Елбасы Н.Назарбаевтың Жолдауы жолдарынан
(Астана қ. 29 қаңтар 2010 жыл).
«Назарбаев зияткерлік мектебіне оқушылар қабылдау үшін өткізілген іріктеу конкурсының қорытындысында Ақтөбе облысының оқушылары қазақ тілі пәнінің, физика, математика пәндерінің оқу бағдарламаларын жақсы меңгергендігін білдік. Аталған пәндерден өте жақсы білім деңгейін көрсеткен балалар бар». Ақтөбедегі Назарбаев зияткерлік мектебінің іріктеу конкурсы комиссиясы төрайымының орынбасары, Өскемендегі Назарбаев зияткерлік мектебінің директоры Күлфарида Раисова біздің облыстың білім сапасы туралы осындай баға берді. Біз Күлфарида Раисовамен Назарбаев зияткерлік мектептерінің ерекшеліктері туралы әңгімелескен едік.
Ақтөбеде дарынды балалар көп
Жақында біздің облыста оқушыларды Ақтөбедегі Назарбаев зияткерлік мектебіне қабылдау үшін іріктеу конкурсы өткізілгені белгілі. Байқауға қатысуға ниет білдірген 2 мыңнан астам баланың 1500-ден көбі екінші кезеңге өтті.
— Назарбаев зияткерлік мектебіне оқушылар 7-9 сыныптарға қабылданады. Конкурс 2 кезеңде өтті. Бірінші кезеңде үміткерлер қазақ, орыс, ағылшын тілдері бойынша және физика-математика бағытына сәйкес келетін бейінді пәндерден: физика мен математикадан кешенді тестілеуге қатысты. Айта кету керек, бұл сынақ балаларды екінші кезеңге іріктеу үшін ұйымдастырылды. Бұл сыннан 7-сынып оқушыларының арасында 24-тен жоғары ұпай жинағандар, ал 8,9-сынып оқушыларының ішінде 30-дан кем ұпай жинамағандар өтті. Жалпы, 1500-ден астам оқушы екінші кезеңде білімдерін сынады. Сынақтың бұл түрінде мектептің бағытына сәйкес, яғни физика, математика пәндері бойынша жазбаша емтихан өткізілді. 7-сынып оқушылары — математикадан, 8,9-сынып оқушылары физика мен математикадан есеп шығарды. Әр пәннен шектеулі ұпай— 9.
Балды аз жинаған балалар болды. Балаларға ағылшын тілінен қосымша сабақтарды көбірек өткізу керек. Дегенмен, осы іріктеу конкурсының қорытындысында Ақтөбе облысының балалары білімді, дарынды екендігіне көз жеткізе түстік. Әсіресе, қазақ тілі пәнінің, физика мен математика пәндерінің оқу бағдарламаларын жақсы меңгергендігін білдік. Аталған пәндерден өте жақсы білім деңгейін көрсеткен балалар бар, — дейді Күлфарида Бабағұмырқызы.
Зияткерлік мектепке оқушылардың конкурстық іріктеуі Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындаудың ережесіне сәйкес жүзеге асырылады. Яғни, үміткерлердің материалдарын саралау нәтижесінде республикалық комиссия грант тағайындау туралы шешім қабылдайды.
— Конкурстан өте алмаған балалар мойымауы керек. Қайта жігерленіп, алға ұмтылғандары дұрыс. Емтихан тапсырмаларына жауап бергенде, есеп шығарғанда қандай қателік жібергендігін анықтап, білімін жетілдіруі керек.
Мен басшылық ететін Өскемендегі Назарбаев зияткерлік мектебінде 8 рет іріктеу конкурсына қатысып, сегізіншісінде оқуға қабыланған балалар бар. Сондықтан бір рет конкурстан өтпегендері үшін үмітті үзуге болмайды. Назарбаев зияткерлік мектептеріне бос орындар үшін оқушыларды іріктеу конкурсы жыл сайын 4 рет өткізіледі. Жылдық үлгерімі «3-ке» бағаланған оқушылар мектептен шығарылады. Сонымен қатар түрлі жағдайларға байланысты (басқа қалаға қоныс аударуы, денсаулығына байланысты, тағы басқа) мектепте бос орындар болуы мүмкін, — дейді Күлфарида Раисова.
Білім берудің 2 үлгісі
— Назарбаев зияткерлік мектептері базасында білім берудің 2 үлгісі жүзеге асырылып жатыр. Біріншісі — жаратылыстану-математика бағытындағы тәжірибелік ықпалдасқан білім бағдарламасы. Бұл бағдарлама Зияткерлік мектептерге енгізіліп, сынақтан өткен соң елдің орта білім беру жүйесіне трансляцияға ұсынылады. Аталған бағдарлама бойынша оқушылар физика, математика, химия, биология пәндерінен тереңдетіліп, үштілді ортада білім алады.
Екінші білім беру үлгісі негізгі және жоғарғы мектептерде балаларды Халықаралық Бакалавриат бағдарламасы бойынша оқытуды қамтиды. Халықаралық Бакалавриат (International Baccalaureate) бағдарламасы — шетел университеттеріне түсу үшін мақсатты дайындық курсы.
ХБ бағдарламасы барлық мемлекеттер үшін бірыңғай, университеталды білім берудің эталонын жасау мақсатында 1968 жылы Швейцарияда әзірленген. Ұйымға әлемнің 130- дан астам елінің 3000-ға жуық мектептері кіреді. Халықаралық Бакалавриаттың дипломы әлемнің 102 еліндегі 1300- ден астам университеті тарапынан мойындалған. Оның ішінде Оксфорд, Кембридж, Гарвард, Йель, Сорбонна, Лондон экономика мектебі бар. Халықаралық Бакалавриат бағдарламасын Астанадағы Назарбаев зияткерлік мектебі пайдаланады.
Зияткерлік мектептердің 11-сынып түлектері халықаралық SAT-1, SAT-2, SET, IELTS, TOEFL және BCEPT емтихандарын тапсырады. IELTS емтиханы ағылшын тілін білудің академиялық деңгейін анықтау мақсатында өткізіледі, — дейді Күлфарида Бабағұмырқызы.
Ел Үкіметінің 2008 жылғы 12 наурыздағы «Әлеуметтік ортадағы жобаларды жүзеге асыру» атты қаулысына сәйкес, Астана, Көкшетау, Талдықорған, Семей және Орал қалаларында физика және математика бағытындағы, ал Астана, Өскемен қалаларында химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектептері ашылды. Бұл мектептерді ашудағы басты мақсат — үш тілді еркін меңгерген ғылыми көшбасшы бола алатын түлектерді даярлау және Қазақстанның әлемдік ғылым мен техника кеңістігіндегі бәсекеге қабілетті ұлттық элитасын қалыптастыру. 2015 жылдың аяғына дейін елімізде барлығы 20 зияткерлік мектеп жұмыс істейтін болады. Біздің облыста Назарбаев зияткерлік мектебі желтоқсан айында пайдалануға беріледі.
Бағалау тәсілі:
Критериалды бағалау
Әлем бойынша оқушылардың білімін бағалау үшін критериалды бағалау жүйесі қолданылады. Критериалды бағалау жүйесі Назарбаев зияткерлік мектептерінде де енгізіліпті. Бұл туралы Күлфарида Бабағұмырқызы былай дейді:
— Зияткерлік мектептердің тағы бір ерекшелігі — бағалау жүйесі жалпы білім беретін мектептердегі бағалаудан бөлек. Әлемде білім беру ісінің нәтижесін саралайтын өзіндік тәжірибе қалыптасқан. Бұл ретте оқушының қаншалықты білім алғанымен қатар, сол алған білімді пайдалана ала ма, жоқ па деген сұрақ маңызды рөл атқарады. Ал еліміздегі жалпы білім беретін мектептерде оқушының жетістіктері оның құрбы-құрдастарының нәтижелерімен салыстыруға байланысты бағаланады. Критериалды бағалау әрбір оқушының оқудағы жеке траекториясын анықатау үшін қажет.
«Назарбаев зияткерлік мектертері» дербес білім беру ұйымы жаңа жүйені әзірлеп, қолданысқа енгізу үшін Кембридж университетінің Емтихан Кеңесімен (CIE, Ұлыбритания), Пенсильвания штатының университетімен (UPENN, АҚШ), Педагогикалық өлшемдер институтымен (CITO, Нидерланды) және тағы басқа жоғары оқу орындарымен әріптестік қарым-қатынас жасады. 2011 жылдың 1 қыркүйегінде оқу жоспарының 12 пәні бойынша критериалды бағалауды енгізу жөнінде тәжірибе басталды.
Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі — алдын ала ұсынылған бағалау шкаласы, анық, айқындылығы, бағаның әділдігі, баланың өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі. Бұл тәсіл баланың күнделікті алған білімінің меңгеру деңгейін анықтайды. Негізгі бақылау жұмысына дейін білімін жүйелейді. Қателіктерден сабақ алуды үйретеді.
Әр пәннің әр тапсырмасының бірнеше критерийі бар. Мысалы, математика пәнінен берілген тапсырма туралы айтайық. Бірінші критерий бойынша баланың формуланы білетіндігі тексеріледі. Екінші критерий — формуланы пайдалана алтындығын анықтайды. Үшінші критерий — осы формула арқылы графикті қалай сызатындығын білу үшін керек. Төртінші критерий нәтижесінде баланың осы формула арқылы талдау жасай алатындығы тексеріледі. Осы 4 критерий бойынша балл қойылады. Балл шкаласы бағаға ауыстырылады.
Еліміз компьютерді толық меңгеру, ғаламторда жұмыс істеу бойынша Сингапурдан 20 жыл кейін қалған. Біз 10 жылда Сингапурға қуып жетеміз деп жоспарлап отырмыз. Ал критериалды бағалау жүйесінен Англиядан 40 жылға кейін қалғанбыз. Әлем елдері критериалды жүйеге әлдеқашан көшіп кетті.
Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты — мектепте білім беру сапасын көтеру, мектеп бітірушілердің білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру.
Педагогикалық шеберлік орталығы
Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибелерін трансляциялау үшін бұдан тура бір жыл бұрын, яғни былтыр қараша айында Педагогикалық шеберлік орталығы құрылды. Жобаның мақсаты — арнайы деңгейлік оқыту бағдарламасы бойынша жалпы білім беретін мектептердегі мұғалімдердің біліктілігін арттыру. Бұл бағдарлама Кембридж университетінің Білім беру факультетімен бірлесе отырып әзірленген.
— Болашақта бұл орталықта еліміздің барлық мектептеріне отандық және шетелдік тәжірибені таратуға қабілетті мықты педагогтар шоғырланады.
Былтырғы жылдың 1 қыркүйегінен бастап оқушылар үшін онлайн сабақтар мен жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдері үшін онлайн семинарлар өткізіліп келеді. Жоба мектептердегі оқыту сапасын көтеруге бағытталған. Сабақтар математика, физика, химия және биология пәндері бойынша жүргізіледі. Сабақ барысында лабороториялық және тәжірибе сабақтары өткізіліп, қиын тапсырмалар орындалады. Сабақтардың мазмұны — оқушылардың білімін, шеберлігі мен қабілеттерін кеңейту, тереңдету. Ал семинарлардың мазмұны — жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдерін жаңа педагогикалық технологияларға үйрету, — дейді Күлфарида Раисова.
Тьютор деген кім?
Назарбаев зияткерлік мектептерінде академиялық кеңесшілер — тьюторлар қызметі ұйымдастырылады. «Тьютор» — (ағылшын тілінің tutor сөзі) «қамқоршы», «жетекші» деген мағынаны білдіреді.
— Бір тьютор мұғалімге әр сыныптан бірнеше оқушы бекітіліп беріледі. Зияткерлік мектептің оқу-тәрбие процесінде оқушылардың өз бетінше оқуына басты назар аударылып, қосымша ізденуіне көп көңіл бөлінеді. Сондықтан да тьютор — оқушының дербес оқу әрекетін ұйымдастыруда негізгі үйлестіруші. Тьютор оқушылармен, пән мұғалімдерімен жеке сұхбаттасу, кеңестер мен тренингтер жүргізу арқылы әр баланың сұранысын анықтап, оқу материалын игеру деңгейіне сай білімін жетілдіру үшін қосымша жеке сабақтар алуына ықпал етеді, — дейді Күлфарида Раисова.
Г.БАЗЫЛҚЫЗЫ
ly:»KZ �l;�����lack;mso-ansi-language:KZ’>астар тәрбиесіндегі діннің рөлі
Облыстық дін істері департаментінің бас маманы Дана ИМАНҒАЛИЕВА:
— Қазақстан дінтанушыларының екінші форумы Астанада Л. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетте өтті. Форум аясында көтерілген тақырыптардың бәрі де жас мемлекетіміз үшін өзекті болып табылады. Республикалық Дін істер агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік-конфессиялық қатынастар: мәселелері мен дамуы» тақырыбында баяндама жасады. Одан кейін мемлекет қайраткерлері, Парламент депутаттары, білім және ғылым саласының, құқық қорғау органдарының өкілдері терроризм мен экстремизмнің алдын алу, жас ұрпақты тәрбиелеу, діни ахуалды жақсарту мәселелеріне байланысты сөз сөйледі. Ресми бөлімнен кейін аймақтардан барған делегациялардың пікір алмасуына мүмкіндік беретін форумның пленарлық отырыстары төрт секция бойынша ұйымдастырылды. Осы жерде аса маңызды тақырыптар қозғалып, барлық сұрақтардың жауаптары облыстарда діни қатынасқа байланысты туындаған проблемаларды шешуге бағытталды.
Әсіресе, жастар тәрбиесіндегі діннің рөлі туралы пікірлер қызықтырды. Дінтану негіздерін мектептен бастаудың маңызы, әртүрлі діни ұйымдардың жетегінде жүрген жастардың таным-түйсігіне әсер етудің тетіктері туралы пікірлердің бәрі де қоғамның діни сауаттылығы деңгейін көтеру керектігіне келіп тоғысады. Бұл жерде дін маманы мен дін ұстанушы адамның екі басқа екенін, білім беру, қандайда бір ақпарат беру кезінде де осы айырмашылық көрінетінін жұрт білуі керек. Жастардың да қазір әр ағымға бір жалтақтамай, діни сауат ашу үшін іздену, оқу, білім алу жолын таңдағаны дұрыс екенін түсінетін уақыттары жетті деп ойлаймын. Форум қорытындысында қабылданған қарарда да қатысушылардың бұл туралы пікірі бір арнаға тоғысады.
Айгүл БАЙМЕНОВА.
ou�$i-H����e;text-autospace:none’>— Егілген жоқпын. Құдайдың бір өзі сақтасын, ауырмай-ақ қояйын. Соңғы жылдары медицина қызметкерлері кеңсеге келіп, тұмауға қарсы егіп жүр. Әрине, әр адам өз қалаулары бойынша егіледі.
Мен бірде-бір рет вакцина қабылдаған емеспін. Мықты иммунитетті бала күннен қалыптастыру керек деп ойлаймын. Бұл тұрғыда мен ата-анама рахмет айтамын. Себебі, мен түшкіріп-пысқырсам да, қатты ауырып көрмеппін. Сосын интернеттен де түрлі ақпарат оқимыз. Меніңше, бойға дәрі енгізгенше, өзіміз күн сайын ауруға қарсы күресуіміз керек. Тұмаудан басқа да қаншама ауру бар. Сондықтан да жағдай болса, бассейнге барып, тренажер залдарына барып тұрған дұрыс.
Ульяна ТЮРНЕВА,
«Ақпан» ЖШС-ның бухгалтері:
— Өз денсаулығыма немқұрайды қарай алмаймын. Көпшілік тұмауды ауру құрлы көрмейді. Алайда оның адамды қалай әбігерге түсіретінін естіп-оқып жүрміз. Сондықтан да мен аурудың алдын алу үшін вакцина қабылдауды жөн көрдім. Ең алғаш осыдан үш жыл бұрын жұмыста жүргенде қабылдадым. Сосын жұмыстастарым вакцинаны үш жыл қатарынан алғанда тиімділігі арта түсетінін айтты. Содан бері вакцинаны үш жыл қатарынан алдым. Егілудің пайдасы көп. Негізі, вакцина қабылдаған адам тұмауратқан жағдайда да ауруы асқынбайды.
Айнұр ІЛИЯСҚЫЗЫ.



