Тұлға

Нұрсұлтан Назарбаев және еуразиялық вектор

1 желтоқсан — Президент күні

 Биыл еліміздің дипломатиялық қызметінің құрылғанына, сол арқылы дербес сыртқы саясатын жүргізе бастағанына 20 жыл толды. Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап еліміздің сыртқы-ішкі саясатының барлық басты бағыттарын айқындап келе жатқан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сыртқы саясатында Еуразия бағыты зор басымдыққа ие.

Бұл ретте Қазақстан басшысы еуразиялық ықпалдастық үрдісінің күллі әлем мойындаған көшбасшысы екенін сеніммен айтуға болады.

Елбасымыз заманауи еуразиялық бірлік идеясының бастамашысы, дем берушісі, әрі жүзеге асырушысы ретінде ықпалдастық қадамдарының басы-қасынан табылады. Ол Еуразия Экономикалық Қоғамдастығы, Кеден Одағы, Еуразия Экономикалық Одағы секілді түрлі формадағы стратегиялық әріптестік қадамдарынан бастап,  еуразиялық сипаттағы түрлі экономикалық және гуманитарлық форумдардың да қолдаушысы.

Естеріңізде болса, 2010 жылдың ақпан айында Кеден Одағын құруға байланысты барлық шаралар аяқталғанда сол кездегі Ресей үкіметінің басшысы Владимир Путин Қазақстан басшысының ұзақ жылдар бойы үздіксіз жалғастырып келе жатқан ықпалдастық ерік-жігері үшін оған шынайы ризашылығын білдіріп: «Мен сіздің осы бастамаларды қаншама жылдан бері қалай алға сүйреп, осы үрдісті қалай жүзеге асырып, бастаған ісіңізді аяғына дейін қалай жеткізгеніңізді өте жақсы білемін», — деген болатын.

Айтса айтқандай, қаншама жылғы қажыр-қайрат пен еңбектен кейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сол жолы: «Уақыттың өзі Еуразиялық Одақ идеясының өміршеңдігі мен қажеттілігін дәлелдеп берді. Ол тек теориялық қағида болып қалмай, іс жүзінде кәдеге асып, өмірге жолдама алды», — деп ризашылықпен қорытынды жасаған еді.

Міне, соның мойындалуының тағы бір куәсіндей, жақында ғана Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев және Ресей Президенті Владимир Путин мен Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко ЕурАзЭҚ пен Кеден одағын құруға қосқан үлестері үшін Орыс биографиялық институтының «Жыл адамы» ұлттық сыйлығымен марапатталды.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті «Экономикалық ықпалдастық Қазақстанның тәуелсіздігіне нұқсан келтірмейтінін, аумақтық тұтастығына қауіп төндірмейтінін және біздің көпвекторлы сыртқы саясатымызға ешқандай да шектеу қоймайтынын, керісінше, елдігімізді нығайтып, индустриялық саясатымызды жүзеге асыруда жаңа мүмкіндіктер ашатынын» айрықша атап өткен.

Соңғы жылдары еуразиялық идея посткеңестік кеңістіктегі көптеген мемлекеттердің зиялылары тарапынан қызу қолдауға ие бола бастады. Нәтижесінде ғалымдардың Еуразиялық клубы құрылды. Ортақ ақпараттық кеңістік құру жолында Еуразиялық медиа-форум мен Еуразиялық телевидение және радио академиясы  жұмыс істейді. Ал білім саласындағы ортақ кеңістікті құру үшін Астанадағы Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті мен Университеттердің еуразиялық қауымдастығы табысты еңбек етуде.

Алайда Қазақстан басшысының ықпалдастық жобаларына көптеген бұрынғы кеңестік кеңістіктегі мемлекеттердің саяси элиталары қырын қарағандықтан, Елбасының еуразиялық бастамасының сындарлы геосаяси және геоэкономикалық әлеуеті уақтылы кәдеге асқан жоқ. ТМД аясында біртұтас экономикалық кеңістік құру ісі қарама-қайшылыққа толы, тіпті кей жағдайда драмалық сипатта өрбіді.

Бірақ мұның ешқайсысы Елбасын ортақ игілік жолындағы ізгі қадамдардан бас тартуға мәжбүр ете алған жоқ. Нұрсұлтан Назарбаев өзінің еуразиялық ұстанымын тек сыртқы саясатта ғана емес, ішкі саясатта да таныта білді. Оның бастамасымен басқа бірде-бір мемлекетте баламасы жоқ Қазақстан халқы Ассамблеясы, сондай-ақ Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының құрылтайы секілді қоғамдық-мемлекеттік институттар құрылды.

Дегенмен, Қазақстан басшысының еуразиялық идеясын жүзеге асыру бағытында атқарылған ең сүбелі жұмыстары оның сыртқы саясаттағы бастамаларына тиесілі.

Мысалы, Еуразия экономикалық қоғамдастығы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес және Шанхай ынтымақтастығы ұйымы, барлық тараптың кең қолдауына ие болған «Еуропаға жол» жобасы, сонымен қатар Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалығы секілді жобалардың қай-қайсысын да осындай табысты қадамдардың қатарына жатқызуға болады.

Нұрсұлтан Назарбаев кезінде өзі ұсынған еуразиялық тұжырымдамасын үнемі алға тартып, оны түрлі геосаяси деңгейлерде табысты жүзеге асырып келеді.

Осындай табысты жүзеге асқан бастамалардың айқын мысалы ретінде Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесті айтуға болады. Бұл туралы ойын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев алғаш рет 1992 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының 47-ші сессиясында жария еткен болатын.

Сол кездерде Қазақстанға шекеден қарайтын шет мемлекеттерді былай қойғанда, елдің ішінің өзінде жас мемлекеттің бұл бастамасын «аймақтың саяси ерекшелігі ғана» деп бағалап, сынға алғандар көптеп ұшырасатын. Дегенмен, уақыт өте келе кезінде тым алыстан мұнартып, қол жетпестей көрінетін бастамалар қол созымға келді, тіпті ол енді қолға алмаса, ертең кеш болатын қажеттілік екені байқалды. Кеңесте талқыланған мәселелердің де өзектілігі арта түсті, сөйтіп, оған мүдделілік танытып, қызығушылықтарын арттырған мемлекеттердің саны да еселеп артты.

Соның нәтижесінде бүгінде Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске жер бетінде барша адамзаттың тең жартысына жуығын қамтитын, Азиядағы 20 мемлекет мүше атанды.

Оның сыртында Қазақстан Шанхай ынтымақтастығы ұйымына да барынша ықпалдаса түсті. Қазіргі таңда Шанхай ынтымақтастығы ұйымының бұрын аталып жүргендей (Ресей, Қытай) екі орталығы емес, үш басты нүктесі  (Қазақстан,Ресей, Қытай) бар екендігін ашық айта аламыз. Бұл өз кезегінде Азия, Тынық мұхиты аймағының геосаяси архитектурасын мейілінше өзгерте түседі.

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың  айтуынша, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес пен Шанхай ынтымақтастығы ұйымы — бір-бірімен бәсекелес, бақталас емес, керісінше бірін-бірі толықтыра түсетін құрылымдар.

Олардың алғашқысы сұхбаттастық пен ақылдастыққа арналған форум болса, екіншісі қарекеттері нақты іске асатын, шешімдері іс жүзінде жүзеге асырылатын әлдеқашан қалыптасқан ұйым ретінде танымал.

Елбасының пайымдауынша, Ұжымдық қауіпсіздік келісім ұйымы мен Халықаралық лаңкестікке қарсы күрес коалициясы да айрықша назар аударуға тұрарлық құрылымдар.

Оған қоса, Мемлекет басшысы барлық мемлекеттердің Біріккен Ұлттар Ұйымының рөлі мен беделін нығайта түсу мақсатында қол қоса жұмыс істеуі керектігін үнемі айтып келеді.

Еуразиялық ықпалдастық бастамаларының табысты жүзеге асуына нақты мысал ретінде Қазақстан басшысының еуразиялық идеясының нақты жемісі саналатын Еуразия экономикалық қоғамдастығы мен Кеден Одағын айтуға болады.

Еуразия экономикалық қоғамдастығының аясында еркін сауда режимі құрылды. Бұл қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің арасындағы өзара тауар айналымын 3,5 есеге, ал өзара инвестиция ағымын 5 есеге арттырды. Еуразия экономикалық қоғамдастығының аясында қаржылық ықпалдастықтың нақты тетіктері құрыла бастады.

Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттер дағдарысқа қарсы бірлескен шаралар шоғырын да табысты жүзеге асырды.

Атап айтқанда, Еуразия даму банкі, Дағдарысқа қарсылық қоры, Жоғарғы технологиялар орталығы табысты жұмыс істеп тұр. Өткен дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың зардаптарын жоюдың аса маңызды тетіктеріне айналған Кеден Одағы толыққанды іске қосылды.

Еуразия экономикалық қоғамдастығы аясында нақты экономикалық жобалар талқыланып, іске асырыла бастады. Мысалы, ортақ энергетикалық жүйенің құрылуы, бейбіт мақсатқа атом қуатын өндіру саласындағы біртұтас желі түзу, Еуразия көлік дәлізін құру секілді жобалар қолға алынды.

Сонымен қатар, күнделікті тіршілікке айрықша қажетті, әрі аса маңызды өмірлік мәселелер бойынша  ТМД мемлекеттерінің ортақ көзқарасты Еуразия стратегиясын ұстануы олардың дүниежүзілік саяси аренада және халықаралық ұйымдардың қабырғасында бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаратын ортақ, біртұтас ұстанымда болуына мүмкіндік беріп отыр.

Қазақстан Республикасының қолға алып, түгелімен орындап шыққан «Еуропаға жол» бағдарламасы да аса жоғары маңызға ие. Ол Еуропа мемлекеттерімен ынтымақтастықты дамытуға, олардың технологиясы мен тәжірибесін елге тартуға, өзінің ұлттық заңдарын жетілдіруге және Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етерінің алдында оның күн тәртібін дайындауына жол ашып, зор септігін тигізді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Еуразия стратегиясын кезең-кезеңімен, сатылы түрде толығымен жүзеге асыруының арқасында халықаралық қауымдастық біздің еліміздің тұтас Еуразия құрлығындағы стратегиялық тұрақтылық пен аймақтық қауіпсіздіктің ең басты кепілдіктерінің бірі екенін ұғынды, әрі мойындады. Бұл ретте ЕҚЫҰ-ының Астана Саммиті айрықша маңызға ие болды.

Қазақстанның сыртқы саясаттағы 20 жылы тынымсыз еңбек пен дипломатиялық табыстардың жылы болды. Бұл салада да өзінің нәтижелілігі мен маңыздылығы жөнінен елдің еуразиялық векторы — Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың векторы бәрінен оқ бойы озық тұр!

 

Е.АРҒЫНБАЕВ.  

Басқа жаңалықтар

One Comment

  1. Ардақты ағайын!
    Бүгін біздің елімізде, барлық қалалар мен ауылдарда ұлы той, біз ұмытылмас тарихи күнді атап өтіп жатырмыз – туған Қазақстанымыздың Тәуелсіздігінің жиырма үш жылдығы.
    Екі онжылдық бұрын мемлекеттік егемендік туралы декларацияны қабылдай отырып, біз тарихи дамуымыздың жаңа белесі – нарықтық экономикаға әлеуметтік бағытталған, халқымыздың сан ғасыр аңсаған еркін және тәуелсіз өмір сүретін, ашық демократиялық мемлекет құруға қадам бастық.
    Құрметті отандастарым, сіздерді осынау барлығымыз үшін ең ұлы, ең қымбат мерекемен құттықтау және қошеметімді көрсету үлкен рахат сыйлайды.
    Жылдар тізбегі, тұтас дәуірлер өтер, бірақ бесмыңжылдық тарихында талайды басынан өткерген халқымыз үшін өміріміз бен санамызды өзгерткен Қазақстан тәуелсіздігі ел тарихында үлкен масштабты оқиға ретінде қалады және ешқашан өзіндік құндылығы мен мәнділігін жоғалтпайды.

    Құрметті достар!
    Құдай берген осы сыйдың, яғни Мемлекеттік тәуелсіздіктің арқасында бізде мыңдаған жылдардан кейін ұлттық түпнұсқалылығымызды, тарихымызды, тілімізді, мәдениетімізді, ұлттық дәстүрлер мен құндылықтарымызды, жалпы, өзіміздің ұлттық болмысымызды өте маңызды миссияны орындау мақсатында, яғни, демократиялық, құқықтық, зайырлы, тәуелсіз және еркін мемлекеттің жаңа қоғамын құру, бүгінгі және келер ұрпақтың бақытты өмірін құру мақсатында жандандырдық.
    Міне, егемен Қазақстанның тәуелсіздік арқасында өз тағдырын құрып жатқанына, өміріміздің жаңа мән-мағынаға ие болғанына, күн сайын пәтер-үйлеріміздің, қалаларымыздың, ауылдарымыздың тыныштығы ұлғайып келе жатқанына 23 жыл. Жасыл қырларымыз бен тауларымыздың тамаша шыңдары тәелсіздік сәулесімен нұрланып тұр.
    Бүгін, еркін мемлекеттің негізгі атрибуты, намыстың, отаншылдықтың нышаны, жайлы өмір кепілі, күнделікті өміріміздің күш-қуаты саналатын тәуелсіздіктің ең асыл және қымбат сый екенін Қазақстанның айтулы да намысшыл халқы терең түсінеді.
    Сондықтан, қуана да мақтана, шын жүректен тәуелсіз және егемен Отанымыздың тұрғындарын, әлемдегі бар қазақты осы айтулы да асыл мерекемен құттықтай отырып, тәуелсіз мемлекетіміздің жұлдызы әрқашан жарқырай берсін деп тілеймін.
    Еркіндіксүйгіш бабаларымыздың мемлекет пен мемлекеттілікке ие болудың сан ғасырлық үміттер мен армандарының бітпес күрестер нәтижесінде орындалып, сіз бен біздің бүгінде тәуелсіз ұлттық еліміздің бар екеніне қуануымыз қажет.
    Бабаларымыздың еркіндік пен тәуелсіздікке бағытталған барлық талпыныстары мен үміттерінің ұрпақтан ұрпаққа берілуі мәңгілік құнды тарихи, мәдени дәстүрлерімізге, тілімізге және әдебиетімізге ие болуға себепкер болды. Біз 21 ғасырдың басында өмір сүріп жатырмыз, ұлтымыздың ең асыл және ең жоғары жетістігі – бостандық пен тәуелсіздік екенін ұмытпауымыз керек және еркіндіксүйгіш және отаншыл бабалар кітабының атаулы беттері мыңдаған ержүрек отаншылдардың қанымен жазылған.
    Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдық кезеңі ежелгі тарихымыздың тереңінен басталады және әрқашан оның қуатымен нәрленеді.
    Тәуелсіздік пен ұлттық бірлік халқымыз бен мемлекетімізге ұлы күш берді, саяси, экономикалық және әлеуметтік өмірдің дамуына игі жағдайлар жасады. Біз бүгін Қазақстанның қысқа уақытта егеменді ел болғанын нық сеніммен айта аламыз.
    Тәуелсіздік Қазақстанды әлемдік қауымдастыққа, ал әлемдік қауымдастықты Қазақстанға жақындатты. Салмақты және жан жақты қазіргі саясат пен өзара тиімді серіктестіктің кеңеюі Қазақстанның әлемдік аренадағы мәртебесі мен бейнесін асқақтатты.
    Қазақстанның көптеген мемлекеттермен, беделді әлемік ұйымдармен және қаржы институттарымен өзара тиімді серіктестігі әлемдік аренадағы тәуелсіз мемлекетіміздің мәртебесінің жоғарылауының берік негізін қалады.
    Қазақстан Республикасының өмірге келуі – біздің көпғасырлық арманымызды іске асыра алатындығымыздың анық дәлелі. Тәуелсіздігімізді жариялау да – біздің алдымызға ең үлкен және қиын мақсаттарды қоя алатындығымыздың және оларды шеше алатындығымыздың дәлелі. Осы күштің тамырлары ғасырлар тереңінен жайылды. Біз өз күшімізге, біріккен талпыныстарымызға, ішкі келісімге, өзара сыйластыққа, кеңпейілділікке сенгенде, осы күштің ағашы гүлдеп, әрқашан жемісін береді.
    23 жылда біз үлкен жолды жүріп өттік – тәуелсіздік жолы, егемендік жолы, еркіндік жолы. Тәуелсіз Қазақстан мәңгілік өмір сүретін болады. Осындай 20 жылдықтар 1120, 3220, 5520 жылдық болып жалғаса береді. Біздің тәуелсіз мемлекетіміз мәңгілік өмір сүреді. Қазақстанның қандай негізде басқарылатыны бізге байланысты. Бүгін қаланған негіздер – тәуелсіздік, егемендік, демократия, мықты экономика, әлеуметтік әділеттілік принциптері – мемлекеттіліктің негіздері болып саналады.Мықты ұлттық идеология, ұлттық рух, ұлттық құндылық – бізге жол көрсететін принциптер. Көп нәрсе бізге байланысты. Тәуелсіз, еркін болу – бұл үлкен бақыт. Алдыңғы ұрпақтар ғасырлар бойы тәуелсіздікті армандап өмір сүрді және өмірден өтті. Оларға осы тәуелсіздікті көру бақыты бұйырмады. Біз, біздің ұрпақ – бақыттымыз. Біз тәуелсіздікті көріп қана қоймай, оны нығайтып жатырмыз. Тәуелсіз мемлекет Қазақстанды алға жетелейміз. Бүгінгі Қазақстан халқымыздың еңбегі мен таланты арқылы қалыптасты. Барлығы бізге байланысты. Әр азамат, Отанын сүйетін әр адам өзінің еңбегі мен кәсіптілігі арқылы туған мемлекетін нығайтуға тырысуы қажет.
    Қазақстан – барлығымыздың, ата-анамыз бен бабаларымыздың армандары елі, балаларымыз бен немерелеріміздің үйі; және осы елдің негіздерін біз нығайтамыз. Қазақстан шын көңілден барлық балаларын сүйеді және оларды бөлмейді.
    Біздің шындыққа айналған арманымызға жиырма жыл. Бүгін еркін де тәуелсіз Қазақстанға жиырма жыл. Бүгін қазақ үшін бұдан асқан абырой мен масаттану жоқ.
    Біз жаңа мемлекет құрып жатырмыз. Мықты дәстүрлерге, мықты құндылықтарға, ұлттық-рухани құндылықтарға негізделген мемлекетті сәтті құрып жатырмыз. Осы 23 жылдар барысында қазақ халқы азаматтық тілектестікті көрсетті. Осы жылдары қазақ халқы өзінің қаншалықты ұлы екенін көрсетті. 23 жылда біз көптеген табыстарға жеттік. Осы табыстарды ұлғайтатынымызға сенімдімін, еліміздің жан жақты дамуы үшін еңбек етеміз, одан әрі күшті және тамаша ел құрамыз. Осы істе барлықтарыңызға табыс тілеймін.
    Бүгінде біз бар даусымызбен еш қобалжусыз тәуелсіздік жолында кездескен талай қиындықтар мен кедергілерді бастан кешірсек те, елге қанша қауіп-қатер төнсе де тәуелсіздік идеясына адал болдық, Қазақстанның құндылықтарын бәрінен жоғары қойдық, таңдаған жолымыздан таймадық және таймаймыз да.
    Жаңа өміріміздің құрылысының алғашқы күнінен бастап шынайы еркіндік пен дербестікке қол жеткізу – ол тәуелсіздікке ие болу ғана емес, оның қалыптасуы, саяси және экономикалық тұрғыдан нығаюы, әлемде лайықты орын мен құрметке ие болуы болып табылады.
    Осындай игі мақсаттардың орындалу жолдары барлығымызға айқын – ол көпті көрген батыр да еңбекқор халқымыздың барлық табиғи ресурстарын, бай өндірістік және зияткерлік әлеуетін, ақылы мен күшінің арқасында әлемдік қауымдастықпен серіктестікке арқа сүйей отырып дамыған демократиялық мемлекеттер тізіміне ену.
    Халқымыздың өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыру жолындағы басты басымдылық – ел өмірінің барлық салаларындағы демократиялық жаңарудың, либерализацияның және модернизацияның жүйелі жылдамдауы.

    Қадірлі отандастар!
    Отан жетістігіннің негізі неде деген сұрақа әрқайсымыз ол ең алдымен Тәуелсіздік, халқымыздың күнделікті жанкешті еңбегі, адамдар санасы мен ойлауы, олардың ертеңгі күнге сенімі, игі армандары мен талпыныстары деп мақтанышпен және сеніммен жауап береміз.
    Осы игі жерде өмір сүріп жатқан отандастарымыздың бүгінде бастарын тік ұстап Отанымыздың қол жеткізген табыстары мен шекараларында оның да еңбегі мен лайықты үлесінің бар екендігін айтуға құқығы бар.
    Осы жоғары мінберден бізге әрқашан қатысты және бізбен қатынасатын, көмектесетін шетелдік достарымыз бен серіктестерімізге, серіктес елдер мен халықтарға үлкен алғыс, бақыт пен гүлдену сияқты игі тілектерімді жеткізуге рұқсат етіңіздер.

    Құрметті қауым!
    Жеткен жетістіктеріміз жайлы, тәуелсіздіктің арқасында алдымызда ашылған жаңа көкжиектер мен мол мүмкіндіктер жайлы көп нәрсе айтуға болады. Тәуелсіз Отанымыздың шежіресінде мәңгілікке жазылатын ұлы жетістіктеріміздің ішінде өлшенбейтіні және құндысы – ол үйлесімді және жан жақты дамыған, еркін, отаншыл, талантты және креативті, физикалық және рухани сау, жаңа білімдер мен мамандықтарға ие, дербес ойлай алатын, өміріміздің шешуші күші саналатын, ең бастысы, елінің болашағы үшін жауапты жас ұрпағымыз.
    Дәл соларға, еліміздің албырт та күшті бозбалалары мен бойжеткендеріне айтарым: жаратқанымыздың нәсіп еткен керемет те қайталанбас Қазақстан сияқты жерінде туу және өмір сүру бақыты барлығына бұйырмаған. Менің ең басты тілегім – осы өмірлік маңызды шындықтың жандарыңыз бен жүректеріңіздің тереңіне бойлауы. Әрқашан туған жерге деген махаббат пен адалдық сезімдеріңіз болсын.
    Біздің киелі парызымыз бен ізетіміз – талай қиын кезеңдерді, сынақтарды бастан кешіп, атамекен бостандығы үшін өздерін құрбан еткен, атамекенді келер ұрпаққа сақтап қалған бабаларымызға, әкелерімізге деген құрмет.
    Әрқайсымыздың құрметті міндетіміз – өзімізді, қажет болса өмірімізді құрметті Отанымызға, оның игілігі мен ұлы болашағына арнау деп айтсам, қателеспеймін деп санаймын.
    Құрметті достар, қадірменді отандастар!
    Сіздерді ойша құша отырып, шын жүректен тағы да мерекелеріңізбен құттықтаймын және денсаулық, бақыт, табыс, отбасыларыңызға молшылық және игілік тілеймін.
    Қасиетті және тамаша Отанымыз мәңгілік жасасын!
    Елімізде әрқашан бейбітшілік пен ашық аспан орнасын!
    Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын!
    Қазақ халқы жасасын!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button