Спорт

Чемпион анықталған тур

Футбол

Премьер-лиганың екі апталық үзілістен кейінгі ойындары чемпионаттың соңғы кездесулеріне қарамастан, биылғы чемпионды мерзімінен бұрын анықтады.

Тағы бір ерекшелігі, қақпаларға барлығы 15 доп соғылса, оның ішінде 9 доп екі команданың ғана еншісіне тиесілі болды.

Енді ретімен баяндалық.

  •  Сонымен «Шахтер» биыл тап өткен жылғы секілді чемпиондық тойды алдын

ала бастап жіберді. «Қайсарды» қабылдаған олар алғашқы минуттарда он бір метрлік айып добын соға алмай бір өкініп қалғандарымен, екінші таймда көш басында бекерге келе жатпағандарын танытты. Үш гол — заңды басымдылық. «Шахтер» — чемпион! Қарағандылықтар екінші жыл қатарынан алтын тұғырды иеленді. Осылай болатынын болжағандар да аз емес еді.

Ал қызылордалық «Қайсар» үшін бұл жеңілістен келер-кетер ештеңе жоқ екені және мәлім.

«Шахтер»-«Қайсар» — 3:0.
Гол авторлары: Мақсат Байжанов, 50-минут (1:0); Мақсат Байжанов, 52-минут (2:0); Жамбыл Көкеев, 80-минут (3:0).

Ойынның 5-минутында Рохер Каньяс («Шахтер») он бір метрлік айып добын соға алмады.

  •  Екінші орында келе жатқан «Ертіс» өз алаңында тек ұтысқа жетуі тиіс еді. Солай

болды да. Бірақ оңай «жан бергісі» келмеген алматылықтардың мығым қорғанысына қайта-қайта тап болып, қарсы шабуылдарға қайта-қайта жанұшыра төтеп берген павлодарлықтар, әйтеуір, бір гол соқты. Гол авторы Ұлықбек Бақаев сұрмергендер көшін бастауды одан әрі жалғастырды. Ұлықбектің биылғы қорытындыда Қазақстан чемпионатының ең үздік мергені атағын төртінші рет иемденуден дәмесі бар. Ал «Ертісті» екінші орын емексітіп тұр.

Бірінші топқа түсіп қалмайтынына сенімді «Қайрат» Павлодарда осылай боларын біліп те келген шығар-ақ. Мейлі ғой. Бірақ ендігі, ақырғы кездесуді Қарағандыда, «Шахтермен» өткізетін «Ертістің» сол ойын қалай боларын біле алмай отырғанына, әрине, ешқандай дау жоқ.

«Ертіс»-«Қайрат» — 1:0.
Гол авторы: Ұлықбек
Бақаев, 51-минут (1:0).

  •  Атыраудағы кездесуде екі командаға да жеңіс керек болғаны даусыз. Бірақ «Тараз» ұтса, үш ұпайды қоржынға салып, күміс жүлдеге бір қадам жақындай түсер еді. Ал «Атырау» жанкүйерлерін қуанышқа бөлеп қана қанағаттанар еді. Бірақ, екі команданың да өкінішіне қарай, екі мақсат та орындалмады.

«Атырау»-«Тараз» — 0:0.

  •  Оралда болған кездесуде «Ақжайықты» үш-төрт минуттың ішінде соғылған үш гол есеңгіретіп тастады. Бұл есепті сол бірінші таймда Нұрбол Жұмасқалиев және еселеді. Ал екінші тайм Александр Андреевтің екі добымен ажарланды. Күміс жүлдеден «Тобыл» да тіпті күдер үзіп тұрған жоқ. Рас, соңғы ойынды сырт алаңда ойнайды, бірақ бұлар өздерінің «Қайраттан» әжептәуір қауқарлы екендіктеріне сенетін шығар.

Ал чемпионаттың бас кезінде алғашқы орындардан түспеген оралдықтар алғашқы алтылықтан да күдер үзді.

«Тобыл»«Ақжайық» 6:0.
Гол авторлары: Сергей Струков, 22-минут (1:0); Анатолий Богданов, 24-минут (2:0); Неманья Йованович, 25-минут (3:0); Нұрбол Жұмасқалиев, 37-минут (4:0); Александр Андреев, 46-минут (5:0); Александр Андреев, 71-минут (6:0).

  •  Алғашқы үштіктің сапында болудан, әрине, «Астана» да үмітсіз емес. Дегенмен сол биікке барар сапарда жолшыбай тайғанақтап кете жаздады. Алдағы күндерде «Сұңқармен» тайталаста мол демеу боларлық ұпайға ие болғысы келген «Жетісу» әзер жеңілді.

«Астананың» алғашқы төрттікте тұрған командалардан бір артықшылығы — олардан бір кездесуі кем, бірақ сол екі кездесу де сырт алаңда өтеді. Және бұлар тіпті де тым осалдар емес: «Ордабасы» мен «Тараз».

Ал «Жетісу» үшін соңғы кездесуде «Сұңқармен» тең ойнау да жеткілікті, былтырғы чемпион биыл бірінші топқа түсіп қалу абыройсыздығынан құтылады.

«Астана»«Жетісу» 1:0.
Гол авторы: Таңат Нөсербаев, 65-минут (1:0).

  •  Көкшетаудағы кездесу жан алысып, жан беріскен ойындардың бірі болғанын, 6 рет көрсетілген ескерту қағаздарын былай қойғанда, екі рет тағайындалған он бір метрлік айып добы да айқын бейнелесе керек. Бірақ бірінші топқа түсетіні белгілі болған «Оқжетпес» дәл осы кездесудегідей қайсарлықты, мақсаткерлікті ертерек бастағанда басқаша болар еді-ау.

Сондай-ақ бұл кездесуде «Ордабасы» олжалаған үш ұпайдың да көңіл жұбатқаны болмаса, жүлделерге жетелерлік қауқары жоқтығы және рас еді.

«Оқжетпес»-«Ордабасы» — 1:2.
Гол авторлары: Қайрат Әшірбеков, 58-минут, пенальти (0:1); Тимур Досмағамбетов, 70-минут, пенальти (1:1), Мансур Гуйе 83-минут (1:2).

 

*   *   *

25-турда ақтөбеліктер Алматының «Динамо» стадионында қаскелеңдіктермен кездесті. 1500 көрермен тамашалаған ойын тартысты жағдайда өтті. Бұлай болуының себебі де түсінікті. «Сұңқар» — бірінші топқа түсіп қалу қауіп анық төніп тұрған бірден-бір кандидат. Ал «Ақтөбенің» басты мақсаты — алғашқы үштікке іліну.

Алғашқы он минут ішінде қарсыластар қақпасына гол кіргізіп жіберген «Ақтөбе» футболшылары, міне, осындай себептермен есепті еселеуден гөрі ұтысты ұпайды сақтап қалу жағын көбірек ойлады. Сөйтіп аса қажет үш ұпайды олжалап оралды.

«Сұңқар»-«Ақтөбе» — 0:1.

Гол авторы: Тимур Кападзе, 10-минут (0:1).

«Ақтөбе» төменгі құрамда ойнады:

Андрей Сидельников, Петр Бадло, Самат Смақов (капитан), Марат Хайруллин, Эмиль Кенжесариев, Юрий Логвиненко — Арунас Климавичус (75-минут), Сергей Ковальчук, Александр Гейнрих — Сергей Лисенков (69-минут), Марат Бикмаев, Тимур Кападзе, Абат Айымбетов — Лукаш Байер (85-минут).

 

25-ТУРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

Біріншіден, бұл турда 15 доп соғылды.

Екіншіден, төрт кездесуде алаң иелері жеңіске жетіп, екі ойында ғана қонақтар басымдылық көрсетті, бір ойын тең нәтижемен аяқталды. 1:0 есебі үш рет қайталанды.

Үшіншіден, екі ірі есеп нәтижесі тіркелді. Чемпионат бастағалы 6:0 есебі алғаш рет тіркелсе, 3:0 есебі осымен оныншы рет қайталанды.

Төртіншіден, екі футболшы бір ойында екі голдан соқты (Мақсат Байжанов, «Ордабасы»; Александр Андреев, «Тобыл»).

Бесіншіден, екі рет он бір метрлік айып добы соғылып, бір пенальти соғушы мүлт кетті. Тур барысында 26 рет ескерту қағазы көрсетілді.

Алтыншыдан, «Астананың» 25 жастағы жартылай қорғаушысы Таңат Нөсербаев Премьер-лигадағы отызыншы голын соқты.

Жетіншіден, Таңат Нөсербаев та, чемпионаттың сұрмергені Ұлықбек Бақаев та қарсыластар қақпасына соңғы бес тур бойы үзіліссіз гол өткізіп келеді.

Осы кезге дейін Премьер-лигада 173 кездесу өткізіліп, 91 ойында (52,6 %) алаң иелері, 47 кездесуде (27,2 %) қонақтар жеңіске жетті. 35 ойын (20,2 %) тең нәтижемен аяқталды.

Чемпионат басталғалы 416, ал әр кездесуде орта есеппен 2,40 гол соғылды.

Қазірге дейін өз алаңындағы кездесулерде ең көп ұпай жинаған команда — «Тобыл», 32 ұпай. Ең аз ұпай жинаған команда — «Оқжетпес», 8 ұпай.

Сырт алаңда ең көп ұпай жинаушылар көшін «Шахтер» бастап тұр — 22 ұпай. Ең аз ұпай мөлшері тағы да «Оқжетпестің» еншісіне тиесілі — 3 ұпай.

 

Бет қатталып жатқанда

 

Кеше, 24 қазан күні ымырт үйіріле біз үшін маңызы аса зор тағы бір кездесу аяқталды.

«Қайрат» Алматыда «Ақтөбені» қабылдады.

Бұл 19-турдың кейінге қалдырылған кездесуі еді.

Ойын есебі ақтөбелік жанкүйерлерді риза етті (немесе өкіндіріп тастады):

«Қайрат»-«Ақтөбе» — 0:1 немесе 0:0 әйтпесе 1:0.

Гол авторлары: Александр Гейнрих, Тимур Кападзе, тағы басқалар.

Енді (немесе дегенмен) «Ақтөбенің» күміс не қола медаль тағыну үміті тіпті ұлғая түсті (немесе тіпті де үзілген жоқ).

 

Ойын кестесі

 

Командалар           О         Ұ         Т         Ж        Д         Ұп

 

1  «Шахтер»           25         17       2         6          48-14  53

2  «Ертіс»                 25       14        6         5          44-20  48

3   «Тараз»               25       14        3         8          31-29  45

4   «Тобыл»             25       13        6         6          42-26  45

5   «Ақтөбе»           25       14        5         6          42-22  47

6   «Астана»           24         13       5         6          33-23  41

7   «Ордабасы»     24         10       7          7          27-23  37

8   «Ақжайық»         25       9          4         12       32-38  31

9   «Қайсар»            25       8          6         11       21-31  30

10  «Қайрат»           24       6          8         10       22-31  26

11 «Атырау»           25       7          5         13       15-31  26

12 «Жетісу»             25       6          4         15       26-44  22

13 «Сұңқар»            25       5          7         13       15-29  22

14 «Оқжетпес»       25       3          2         20       19-53  11

 

(О — ойын, Ұ — ұтыс, Т — тең, Ж — жеңіліс, Д — доп айырмашылығы, Ұп — ұпай).

 

Сұрмергендер:

 

1. Ұлықбек Бақаев («Ертіс») — 13 (үшеуі —он бір метрлік айып добы)

2. Таңат Нөсербаев («Астана») — 11

3. Игорь Зенькович («Ақжайық») — 10 (3)

4. Бауыржан Жолшиев («(Тобыл») — 8

5. Эдин Юнузович («Жетісу») — 8

6. Сергей Струков («Ертіс») — 7

7. Мирослав Лечич («Тараз») — 7

8. Гедеминас Вичюс («Шахтер») — 7

9. Нұрбол Жұмасқалиев («Тобыл») — 7

10. Мансур Гуйе («Ордабасы») — 7

11. Андрей Финонченко («Шахтер») — 6

12. Игорь Юрин («Ертіс») — 6

13. Обиора Одита («Тараз») — 6

14. Азат Нұрғалиев («Жетісу) — 6 (2)

15. Жамбыл Көкеев («Шахтер») — 6 (2)

16. Йосип Кнежевич («Қайрат») — 6 (3)

 

*   *   *

«Ақтөбе» футболшыларының еншісі:

Сергей Лисенков — 5

Александр Гейнрих — 5

Марат Хайруллин — 5 (үшеуі  — он бір метрлік айып добы)

Тимур Кападзе — 4

Брана Илич — 3

Лукаш Байер — 3

Петр Бадло — 2

Самат Смақов — 2

Эмиль Кенжесариев — 2

Арунас Климавичус — 1

Дарко Малетич — 1

Зоран Костич — 1

Юрий Логвиненко — 1

Сергей Ковальчук — 1

Роберт Праймус — 1

Ислам Қуат — 1

 

*   *   *

Бүгін, 25 қазанда Шымкентте «Ордабасы» «Астанамен» күш сынасады (2-турдың кейінге қалдырылған кездесуі).

Ал 28 қазан , жексенбі күні соңғы, 26-турда «Ақтөбе» өз алаңымызда қызылордалық «Қайсарды» қабылдайды.

Бұл күнгі басқа кездесулер:

«Шахтер» — «Ертіс»

«Қайрат» — «Тобыл»

«Ақжайық» — «Оқжетпес»

«Ордабасы» — «Атырау»

«Тараз» — «Астана»

«Жетісу» — «Сұңқар».

 Бетті әзірлеген Ертай АШЫҚБАЕВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button