Құқық

Қылмыс дереу ашылды

Үстіміздегі жылдың 21 маусымында Ақтөбе қаласында такси жүргізушісіне шабуыл жасаған қарулы қылмыскерлерді құрықтау кезінде  қайғылы жағдай орын алып, полиция старшинасы Темірбек Жақсылықбаев қаза тапқан болатын.  

Бұл қылмыстың ашылу барысын өңір басшысы жеке бақылауына алды. «Қызметтік борышын атқарып жүрген полиция қызметкерінің өлімі — қылмысты тез арада ашуды талап ететін төтенше жағдай», — деп Архимед Мұхамбетов облыстағы күштік құрылымдар басшыларына ерекше ескертті.

Күндіз-түні көз ілмей жұмыс жасаған құқық қорғау органдарының қызметкерлері өздерінің кәсіби біліктілігін дәлелдеп, жедел тергеу іс-шаралары барысында  кісі өлтірушілердің ізіне түсіп, олар 21 жастағы Ж.Бекбауов, 18 жастағы Ғ.Құрманқұл және 23 жастағы Е.Мырзағали екендігі анықталды. Өткен сенбіде қылмыскерлер «Малышка» ауданындағы үйлердің бірінен табылып, қарулы қарсылық танытқаннан кейін, олардың екеуі арнайы жасақ қызметкерлерінің күшімен жойылып, біреуі жарақат алды. Күштік құрылымдардың білгірлігінің арқасында операция кезінде бейбіт тұрғындар арасынан адам шығыны мен жәбірленуші болған жоқ, арнайы жасақтың бір сарбазы жарақат алды. Қазіргі уақытта тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Облыс әкімінің атынан қаза тапқан Темірбек Жақсылықбаевтың туыстарына орны толмас қайғысына көңіл айтылып, 1 миллион теңге көлемінде материалдық көмек берілді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button