Ресми

Банкирлердің қолдауы

Өзбекстанда ұсталған ақтөбеліктердің туысқандарының жағдайын түсінген облыс әкімі Елеусін Сағындықов оларға көмектесу үшін барлық жағдайды жасауда. Бейсенбі, 21 мамырдағы соңғы кездесуде материалдық және басқа да көмек көрсету туралы берген уәдесін орындай отырып, келесі күні-ақ екінші деңгейдегі банктердің облыстық филиалдарының басшыларымен кездесті. Банктерден несие алып, ақпаннан бері төлей алмай отырған 17 отбасы бар екені анық болды. Олардың бережағы едәуір өсіп кеткен.

Кездесуді ашқан облыс басшысы Өзбекстанда тұтқында отырғандардың туыстарының қиын жағдайын банкирлерге айтып берді. Әкім банктер басшылары қайғы шегіп отырған адамдарға түсіністікпен қарап, несиені қайтаруды кейінге қалдырады деген үмітте. Банкирлер көмек көрсетіп, бұл мәселені шешуге ықпал етуге уәде берді. Атап айтқанда, несиені өтеу мерзімін 6 айға дейін кейінге қалдыру жөнінде алдын ала келісімге қол жеткізілді. Несиенің пайыздық мөлшерін төмендету туралы өтініш бойынша банктер әрбір азаматпен жеке-жеке жұмыс жүргізетін болады.

Бұдан басқа 6 отбасы демеушілердің қолдауымен материалдық көмек алды.

Тұтқындағы жүргізушілердің кездесуге қатысқан туысқандары облыс әкіміне мұндай қиын уақытта қолдағаны үшін алғыс айтты.

P.S. Қолда бар мәліметтер бойынша дүйсенбі, 25 мамырда Өзбекстанда қамаудағы ақтөбеліктердің үстінен сот басталды. Облыс әкімінің қолдауымен белсенді топ сотқа қатысу үшін Өзбекстанға кетті. Сот процесінің қалай болып жатқаны туралы БАҚ арқылы хабарлап отыратын боламыз.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button