Заң мен тәртіп

Ұмытылмайтын ерлік

Режиссер Дәурен Қамшыбаевтың «Капитан Байтасов» фильмі өмірде болған нақты оқиғаға негізделген.
Бұл — 2011 жылы 12 қарашада Таразда болған оқиға. 40 жастағы полиция капитаны Ғазиз Байтасов террористі тоқтату үшін өз өмірін қиып, ондаған адамның өмірін сақтап қалды. Полиция қызметкерінің соңында ата-анасы, жары мен екі баласы қалды. Ғазиз Байтасовқа «Халық Қаһарманы» атағы берілген, сондай-ақ Тараз қаласында оның ескерткіші тұр.
Өткен жылы көктемде режиссер Дәурен Қамшыбаев капитан Байтасовтың ерлігіне арналған көркем фильм түсіруді қолға алған еді. Қазіргі күні еліміздің көптеген қалаларында осы фильмнің көрсетілімі жүріп жатыр.
Қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен дүйсенбі күні Ақтөбедегі №82 орта мектепте де жоғары сынып оқушыларына «Капитан Байтасов» фильмі көрсетілді. Фильмді көруге 200-ге жуық оқушы жиналды.
Фильм жасөспірімдерге бейбіт күннің батырлары, капитан Байтасовтың өз ісіне адалдығы, жалпы, қоғам алдындағы жауапкершілік тұрғысынан ой салады.

А.САРЫБАЙ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button