Жаңалықтар

Күндіз-түні бір тынбастан…

Айбек КӨПЕНОВ,

Байғанин ауданының әкімі

 Жаңа жыл—өткенді ой елегінен өткізіп, келешекке үмітпен қарайтын ерекше сәт.  Өтіп бара жатқан жыл облысымыз үшін елеулі жетістіктерге, маңызды бастамалар мен игі істерге толы болды. Экономика, әлеуметтік сала, білім беру мен денсаулық сақтау бағыттарында жүйелі жұмыстар атқарылып, өңіріміздің дамуына тың серпін берілді. Бұл — барша тұрғындардың бірлігі мен еңбегінің нәтижесі.

Келе жатқан жыл әр шаңыраққа шаттық пен береке әкеліп, елге тыныштық, жұртқа молшылық сыйласын. Баршаңызға мықты денсаулық, баянды бақыт, толағай табыс тілеймін.

Жаңа жыл құтты болсын!

Қала

Ақтөбе қаласында жолдарды күтіп ұстау күшейтілген режимде жүргізіліп жатыр.Бұл режимауа райыныңқолайсыздығына байланысты енгізілген.

Қалың қардың тоқтаусыз жаууына орай қала жолдарында екі ауысыммен жұмыс істеу тәртібі енгізіліп, мердігер ұйымдардың тазалаушы бригадалары мен арнайы техникалары тәулік бойғы кезекшілікке кірісті.

Ақтөбе қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тарапынан күнделікті кезекшілікке жауапты мамандар бекітілді. Бөлім басшысы Әліби Аманшиевтің айтуынша, қарлы кезеңде ең алдымен көлік қозғалысы тығыз орталық көшелер, қоғамдық көлік бағыттары, әлеуметтік нысандарға апаратын жолдар мен көпірлер тазартылады. Ал одан кейін екінші деңгейлі көшелер мен елдімекен жолдары ретке келтіріледі. Қала әкімдігі тұрғындарды бұған түсіністікпен қарауға шақырады.

— 29 желтоқсанда төтенше жағдайлар қызметі қарлы боран туралы дауылды ескерту жариялады. Осыған байланысты қала жолдарын қысқы маусымда күтіпұстауға жауапты 13 мердігер ұйымның кезекші бригадалары күшейтілген режимге көшті. Қазір олар жолды қардан тазалап, көктайғақтың алдын алу үшін құм-тұз қоспасын сеуіп, екі ауысыммен атқарып жатыр.Қар тазалауға 300-ден астам техника жұмылдырылған. Шалғай  елді мекендерде 7 жол пайдалану бекеті ұйымдастырылды. Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы  жұмыс тәулік бойы жалғасады, — деді бөлім басшысы.

Сонымен қатар жол қозғалысының қауіпсіздігін қадағалайтын техникалық инспекторлармен тұрақты байланыс орнатылған. Олар қала жолдарының жағдайын бақылап, анықталған кемшіліктер бойынша мердігер ұйымдарға WhatsApp-чаттан жедел ескерту жолдайды. Ал жауапты мердігерлер берілген тапсырмаға сәйкес техниканың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді.

Ауа райының күрт нашарлауына қарамастан, қала жолдарындағы қозғалыс қауіпсіздігін сақтау мақсатындағы жұмыс алдағы күндері де күшейтілген тәртіпте жалғасын табады.

Айнұр ІЛИЯСҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button