Жаңалықтар

Рухани сабақ

Кездесу

Қазақстанның Еңбек Ері Аманғос Төлеуов Сазды орта мектебінің оқушыларымен жүздесіп, өмірлік  жолы мен еңбек тәжірибесі жөнінде сыр шертті.

Кездесуді мектеп директоры Серік Өтемағамбетов ашып, құрметті қонақтың өмір жолына тоқталды. «Осындай тұлғалармен жүздесу — оқушылар үшін өмір сабағы», — деп кездесудің маңызын атап өтті.

Оқушылар қонаққа көкейіндегі сұрақтарын қойды. Өз кезегінде Еңбек Ері жас ұрпақты уақытты қадірлеуге, білім мен еңбекті қатар ұстауға шақырды.

Ардагер ұстаздар Күнболсын Қазмағамбетова мен Рауза Сағынтаева жүрекжарды тілегін білдіріп, еңбек адамына деген құрметтің ешқашан төмендемейтінін айтты. Олардың даналыққа толы сөздері залда отырған көпшілікке ерекше әсер қалдырды.

Шара соңында мектептің жас ұстаздары Аманғос Сансызбайұлына арнап әсем ән шырқап, кештің көркін аша түсті. Қадірлі мейман жастарға батасын берді.

Бұл кездесу ғана емес, көңілге ой салып, сананы серпілткен рухани сабаққа айналды. Қарапайым еңбектен биік белестерге жеткен тұлғаның әр сөзі жас буын үшін өмірлік бағдар, ертеңге сенім болды.

Әсел НҰРАҚБАЙ,

Сазды орта мектебі директорының орынбасары. 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button