Журналистермен кездесті

БАҚ
Облыс әкімі Асхат Шахаров өңірдегі бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесіп, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша жыл қорытындысын баяндады.
Кездесу барысында Асхат Шахаров Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған стратегиялық міндеттер аясында өңірді дамытуға бағытталған жоспарларды, сондай-ақ қазіргі таңда жүзеге асырылып жатқан нақты жобаларды жан-жақты таныстырды.
Аймақтың негізгі даму бағыттары, инфрақұрылым, әлеуметтік сала, инвестициялық жобалар мен халықтың өмір сапасын арттыруға бағытталған жұмыстарға ерекше назар аударды.
Жиы нашық пікір алмасу форматында өтіп, журналистер тарапынан ақтөбеліктерді алаңдатқан өзекті мәселелер көтерілді.
Облыс әкімі БАҚ өкілдері қойған сауалдарға жауап беріп, алдағы уақытта да ашықтық қағидатын берік ұстанып,жұртшылықпен тығыз байланыста жұмыс жасай беретінін жеткізді.
— Бірлік бар жерде—береке, ортақ мақсат бар жерде нақты нәтиже болады,—деген облыс әкімі БАҚ өкілдеріне жауапты жұмыстары үшін алғысын білдірді.



