Жаңалықтар

Өзара ынтымақтастық: меморандумға қол қойды

Ақтөбе жоғары политехникалықколледжінде «Білім. Дағды. Болашақ» атты халықаралық форум аясында кездесу өтті. Оған өңірдегі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының өкілдері мен шетелдік оқу орындарының басшылары қатысты.

Кездесу барысында Қытай Халық Республикасы мен Германия мемлекетінен келген білім беру ұйымдарының өкілдері өзара тәжірибе алмасып, Ақтөбе жоғары политехникалық колледжімен халықаралық ынтымақтастықты дамыту бағытындағы меморандумға қол қойды.

Бұл кездесу — жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыруға, білім беру сапасын жаңа деңгейге көтеруге және болашақ мамандардың кәсіби әлеуетін нығайтуға бағытталған маңызды қадам. Форумның алғашқы күнінде Шанхай баспа ісі колледжінің халықаралық департаментінің директорыВан Дан, Нанкин өнеркәсіптік технологиялар институты жанындағы Университеттік кеңес канцлеріСе Юнхуа сияқты басқа да шетелдік меймандарымыз келіп, колледждің материалдық-техникалық базасымен танысты. Ал келесі күні Оқу-ағарту вице-министрі Шынар Ақпарова WorldSkiils чемпионатының жеңімпаздарымен және оқытушылар құрамымен кездесті. Кездесу барысында білікті кадр даярлау, оқу-өндірістік процесті жетілдіру және заманауи оқу кабинеттерін жабдықтау мәселелері талқыланды.Ең үлкен жетістігімізАқтөбе жоғары политехникалық колледжібағдарламалық қамтамасыз ету мамандығы бойынша халықаралық аккредитациядан сәтті өтті.Бұл — ұжымның табанды еңбегінің және білім сапасын арттыруға бағытталған ортақ мақсаттың нәтижесі, — дейді колледждиректорыЖеңіскүл Мұхамбетпайызова.

Ақтөбе жоғары политехникалық колледжі Жұмысшы мамандықтарыжылы аясында ұйымдастырылған байқауларда топ жарып жүр. Биыл колледж түлегі Бағжан Қойшыбаев «EuroSkills — 2025» халықаралық чемпионатына қатысып, «Кәсіби шеберлігі үшін» медальонын жеңіп алған. Чемпионатқа Еуропаның 32 елінен 25 жасқа дейінгі 600-ден астам жас маман қатысқан. Ол осы жарыста көрген-білгенін шетелдік оқу орындарынан келген меймандарға айтып, авторлық жобасын таныстырды.

Биыл халықаралық чемпионатта «Графикалық дизайн» құзыреттілігі бойынша сынға түстім. Чемпионат Дания мемлекетінде өтті. Ал «Графикалық дизайн» құзыреттілігі бойынша 18 мемлекеттен келген білім алушылар жоба құрастыру бойынша тапсырмаларды орындады. Ең алдымен, белгілі бір тақырып бойынша логотип жасадық. Оны жасауға алты сағат уақыт берілді. Одан соң туристерге арналған журнал әзірледік. Жасаған жұмыстарымызды презентация түрінде қорғадық, — дейді ол.

Бағжан бүгінде аталған оқу орнында техник-программист болып жұмыс істейді. Оның ендігі мақсаты — халықаралық чемпионаттан жинаған тәжірибесін шығармашыл жастармен бөлісу.

 Ақмарал МҰҚАШЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button