Баспасөз-2026

Әр санын асыға күтеміз

Есенғали КӨПЕНОВ,

Шалқар аудандық ауруханасының бас дәрігері

Жүз жылдық жылнамаға айналған облыстың мемлекеттік тілдегі бас басылымы — «Ақтөбе» газетінің тұрақты оқырманымын. Газеттің әр санын тек дәрігер ретінде емес, осы өңірдің тұрғыны ретінде асыға күтемін. Әсіресе газет шығатын сейсенбі, жұма күндері пошта қызметкерінің жолына қарай елеңдеумен боламыз. Неге десеңіз, Ақтөбедегі оқиғалар туралы ақпараттарды, өзіміз сырттай болса да танитын тұлғалар туралы мақалаларды, тіпті құттықтауларды да осы газеттен оқимыз. Оның үстіне, арасында денсаулық тақырыбындағы танымдық материалдарымыз осында жарияланатындықтан, біз үшін «Ақтөбенің» орны бөлек.

Біздің тілек — аудандағы денсаулық сақтау қызметкерлерін, олардың мақалаларын газет бетіне көптеп шығарып тұрсаңыздар екен. Өз тарапымыздан газетке жазылып, редакция ұжымын қолдауға дайынбыз.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button