Мәдениет

Оқырман конференциясы

Жиенғали — 130

Ембі қалалық кітапханасында жерлес жазушы, драматург, сатирик Жиенғали  Тілепбергеновтің туғанына 130 жыл толуына орай «Жиенғали тағдыры» атты оқырман  конференциясы ұйымдастырылды. Кітапханашылар Т.Ермұхан және Б.Кунаеваның ұйытқы болуымен өткізілген іс-шара аясында «Тұлға. Тағдыр. Теңдессіз туынды» атты презентация жасалып, жазушының өмір жолы мен шығармашылығы туралы ақпарат берілді, кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.

Конференция оқырманға Жиенғали Тілепбергеновтің өмірі мен қолжазбаларын таныту, тарихи деректерді талдау, өлкемізден шыққан тұлғаның шығармаларына  деген қызығушылықты арттыру мақсатында өткізілді.

Іс-шараға Ембі қалалық №2, №3, №4, №7 жалпы білім беру орта мектептерінің 8-9 сынып оқушылары  Сымбат Нұрбаева, Аяна Болатова, Айару Опағали, Іңкәр Темірбек, Айдана Сенгирова, Лунара Ойдан, Нұрхан Зейнелғабылов, Шынар Зейнедулла қатысып, «Зерде мінбері» кезеңінде жазушының әңгіме, фельетон, сатиралық суреттемелері туралы пікірін білдіріп, шығармаларының мазмұнына тоқталды.

«Түйін сөз — терең ой» атты қорытындылау кезеңінде Ембі қалалық көпсалалы қызмет көрсету колледжінің оқушыларына сұрақтар қойылып, қатысушылар жеке пікірі мен көзқарасын білдірді. Іс-шара соңында мектеп кітапханашылары қатысушыларға сертификат табыстады.

М.ТАБЫН.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button