Мәдениет

Әдия — «Сүйкімді ханшайым»

Көкшетау қаласында өткен халықаралық «Ақкөгершін» байқауында Шалқар қаласындағы №12 балабақшаның тәрбиеленушісі Әдия Жалғасова «Сүйкімді ханшайым» атағына ие болды.

Аталған байқауға Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінен алты жүзге жуық өнерлі бала қатысты. Сайыста бес жастағы  Әдия «Қуыршақ» биін билеп, қазылар алқасын таң қалдырды. Бұған дейін аудан көлемінде өткен сайыста Әдия Бас жүлдені ұтып алған болатын. Ал бұл байқауда қазылар алқасы Әдияны «Сүйкімді ханшайым» атағына лайық деп тапты. Ал биші бүлдіршіннің жетекшісі  Ардақ Мұхтарованы «Үздік би жетекшісі» номинациясымен марапаттаса,  балабақша меңгерушісі Ләтипа Мәжитоваға «Үздік педагог» номинациясы бойынша  Алғыс хат табыс етті.

Жалпы, аталған байқауға Шалқар қаласынан барған төрт бүлдіршіннің барлығы жүлделі орынға ие болды.

 К.ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button