Жастар

Білімге көңіл бөлсеңіз…

Интеллектуалдар сайысы

Ақтөбе қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Quiz Time» интеллектуалдар сайысы өтті. Білім сайысында қаладағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан 17 команда сынға түсті.

Жастар ресурстық орталығының басшысы Әлішер Садықтың айтуынша,мұндай бастамалар жастардың бос уақытын тиімді өткізіп,  қоғамдағы белсенділігін арттыруға ықпал етеді.

Бұған дейін өткізілген «Quiz Time» сайысы жастар арасында үлкен қызығушылық тудырды. Сондықтан бұл жолғы сайысқа студенттердің өздері бастамашы болды. Бұл кезеңде сұрақ мазмұны да кеңейтілді. Оған мақал-мәтелмен қатар, облыс пен аудандар тарихына қатысты деректер енгізілді. Сондай-ақ әр оқу орнынан жаңа қатысушының шығуы міндеттелді.
Жалпы, сайыстың мақсаты — жастардың интеллектуалдық деңгейін арттыру. Олардың бойында патриоттық сезім қалыптастырып, білімге деген ынтасын, қазақ халқының тарихы мен мәдениетін тануға деген қызығушылығын оятуға негізделген,
— деді Ә.Садық.

Интеллектуалдық ойын логикалық сұрақтар, сатылық кезең, медиа-бөлім, бәс тігу,тапсырмалар және ортақ тақырып сияқты алты кезеңнен тұрды.

Тартысты  сайыста І орынды Ш.Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары аграрлық техникалық колледжінің оқуышылары жеңіп алса, ІІ орындыЕсет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі, ІІІ орынды Дүние колледжі иемденді.Жеңімпаздарға арнайы сыйлық табысталып, Алғыс хатпен марапатталды.
Өткен жолғы сайыста Есет батыр атындағы спорт колледжі жеңіс тұғырынан көрінген болатын. Бұл жолы  тағы да үздік үштіктен орын алды.
Бұл біздің  интеллектуалдық сайысқа алғаш қатысуымыз. Спорт мектебі болғандықтан, көбіне спорттық шараларға мән беретінбіз. Көпшілік спортшыларды тек дене дайындығына мән береді деп ойлайды. Біз сол көзқарасты өзгерткіміз келеді. Қазір колледжімізде 50 студент білім алады. Дзюдо, күрес, тхэквондо, футболдан бөлек, биыл шаңғы спорты бағыты ашылып жатыр, — деді педагог-ұйымдастырушы Жұлдыз Қалдыбай.

А.НАҒАШЫБАЙҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button