Ауыл

Қаражарға газ құбыры тартылады

Көгілдір отын

Жыл соңына дейін Қаражар ауылы тұрғындары көгілдір отынның игілігін көреді. Бұл туралы аудан әкімі Айбек Көпенов Жарқамыс ауылдық округіне жұмыс сапары барысында айтты.

Аудан әкімдігінің ресми мәліметіне сәйкес Қаражар мен Оймауыт ауылдарына жеткізуші және ауылішілік газ құбырының жобалау-сметалық құжаттамасы 2022 жылы әзірленген. Былтыр республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, құрылыс-монтаж жұмысы тамыз айында басталған. Құрылыс жұмысын «Алия-Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізіп жатыр. Жоба ұзақтығы 16 айға жоспарланған.

2007 жылдан бастап көгілдір отынның жеткізілуін күтіп жүрміз. Ендісоларманымызорындалыпжатыр. Жалпыаудан мен ауылбойыншажұмысжүйеліжүргізілуде. Ризамыз,—дейдіауылақсақалыБисенЖақанов.

Жоба аясында Байғанин ауданының 10 ауылын газбен қамтамасыз ету қарастырылған. Қаражар және Оймауыт ауылдарына тартылған магистралды желі арқылы өзге елді мекендерге де газ жеткізілмек.

Рита ТӨРӘЛІ,

Байғанин ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button