Сапалы білім, үздіксіз даму

Аккредиттеу
Ақтөбе қаласындағы Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясында «Білім беру жүйесіндегі аккредиттеу: мақсаттары, рәсімдері және даму перспективалары» тақырыбында республикалық семинар өтті.
Іс-шараға жетекші мектеп директорлары, білім сапасын қамтамасыз ету агенттігінің өкілдері мен әдіскер мамандар қатысты.Семинар барысында аккредиттеудің қазіргі талаптары, сапаны бағалау критерийлері және білім беру ұйымдарының даму стратегиялары талқыланды. Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарын аккредиттеу департаментінің президенті Шолпан Қаланова мен бас сарапшысы Бибігүл Мұқалықова мектебіміздің аккредиттеу үдерісінен өткен тәжірибесімен бөлісіп, сапаны арттыру бағытындағы инновациялық тәсілдерді сөз етті.
Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназиясы облыс көлемінде алғашқылардың бірі болып аккредиттеуден сәтті өткен білім ордасы ретінде тәжірибесін таратуда. Бұл өз кезегінде білім сапасын арттыруға, педагогтердің кәсіби өсуіне және оқушылардың оқу жетістіктерін жақсартуға жол ашты.
Мектебімізде өткен республикалық семинар білім беру сапасын арттырудағы маңызды диалог алаңы болды. Мұндай іс-шаралар арқылы мектептер өз тәжірибесін бөлісіп, аккредиттеу жүйесін жетілдіруге үлес қосады.
Гүлсамал ТӨЛЕУХАН,
Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназияныңқазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.



