Патриоттық рух — ел болашағының кепілі

Ерлік сабағы
Ақтөбе қаласындағы Ж.Тәшенов атындағы №68 мектепте «Ерлік сабағы» ұйымдастырылды.
Басқосуға ҚРҚарулы Күштерінің №20709 әскери бөлімінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі аға офицері, капитан Болат Тұрсынбеков пенжауынгерлер қатысты.
Іс-шараның мақсаты — оқушылардың Отанға деген патриоттық сезімін тәрбиелеу, әскери қызметтің маңызын таныстыру және насихаттау.
Сабақ барысында оқушыларға жауынгердің жеке қорғаныс құралдары, парашюттық жүйе және ҚР Қарулы Күштерінің құрылымы таныстырылды. Кездесуді әскери дайындық пәнінің мұғалімі Саян Насухин ұйымдастырды.
Жас жеткіншектер үшін бұл кездесу рух пен ерліктің, елге деген сүйіспеншіліктің сабағына айналды. Мектепте ерлік сабағының жалғасы ретінде 8-11-сыныптың ер балаларына арналған «Нағыз ер-азамат — ел тірегі» атты танымдық-өнегелік ой бөлісу сағаты өтті. Шараныданалық мектебінің жетекшісі С.Сарқұлова менәкелер мектебі ұйымдастырды.
Кездесуде оқушыларға Ж.Тәшенов, Қ.Сәтбаев, Б.Момышұлы, Б.Құранбек сындытұлғалардың өмір жолы, батырлығы мен елге сіңірген еңбегіүлгі етілді. Оқушылар ерлік, адалдық, әділдік, отансүйгіштік пен қайсарлық туралы ой түйіп, ел намысын қорғаудың маңызын ұғынды.
Самал САРҚҰЛОВА,
Ж.Тәшенов атындағы №68 мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,
педагогика ғылымдарының магистрі.
Ақтөбе қаласы.



