Мереке

«Желаяқтар» жарысты

25 қазан — Республика күнінде «Runkids» жарысы өтті.

Балалар арасында жеңіл атлетикадан ұйымдастырылған сайыс Триатлон саябағында болды.

Бұқаралық спортты дамыту әрі салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған жарыс осымен үшінші рет өткізіліп отыр. Ұл-қыздар жасына қарай 60 метрден 2,5 шақырымға дейін жүгірді. Ал қатысушылардың жасы — 3-16 жас аралығында. Бір қуантарлығы, жылма-жыл жарысқа қызығушылық артып отыр. Оны қатысушылардың санынан байқауға болады, — дейді ұйымдастырушы Гүлфина Гатауллина.

Жарыстың қатысу жарнасы — 2 мың теңге. Тиісінше ешбір желаяқ жүлдесіз қалмады: медаль, диплом және естелік сыйлықтар табысталды.

Барлығы 80 бала жүгірді.

«Бұл таза ауада ұйымдастырылған жарыс болғандықтан, баламды арнайы қатыстырып отырмын. Медаль алсын, өзін спортшы ретінде сезінсін деген ой. Жүгіру қашықтығы да соншалықты үлкен емес екен. Тек келесіде ақысыз негізде ұйымдастырылса деген тілек бар», — дейді қатысушының анасы Эльвира Жанарысова.

Айәли АЙБЕК.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button