Шеңгелши ауылында спорт алаңы пайдалануға берілді

25 қазан — Республика күні мерекесі қарсаңында Батпақкөл ауылдық округіне қарасты Шеңгелши ауылында жастар мен тұрғындар үшін маңызды жаңа нысан — заманауи спорт алаңы пайдалануға берілді.
Ойын алаңының ашылу салтанатына аудан әкімі Дархан Ермағанбетов, «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС-ның департамент басшысы Асхат Өтегенов қатысып, ауыл тұрғындарын қуанышымен құттықтады.
Жаңа спорт алаңы ауыл жастары мен балалардың бос уақытын тиімді өткізуіне, спортпен шұғылданып, денсаулықтарын нығайтуына мүмкіндік береді. Спорт алаңының құрылыс жұмыстарын әлеуметтік әріптестік негізінде «ҚазақОйл-Ақтөбе» ЖШС-ның демеушілігімен «DIMAS COMPANY» компаниясы жүргізді.
Ойын алаңының ашылу салтанатына орай мектеп оқушылары арасында футболдан жарыс ұйымдастырылды. Жарыстың қорытындысы бойынша жеңімпаз бен жүлдегер атанған командалар дипломмен және медальдармен марапатталды.
Жандос АЙТЖАНОВ,
Мұғалжар ауданы.



