Мереке

Ән байқауы қорытындыланды

Қарғалы аудандық балалар өнер мектебінде Республика күні мен Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған «Елім менің — әнім менің» атты патриоттық ән байқауы мәресіне жетті.
Байқауға ауданның жалпы білім беру мектептері мен қосымша білім беру ұйымдарынан жиналған өнерлі жастар қатысты. Қатысушылар қазақ әндерін нақышына келтіре орындап, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Іс-шара барысында Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың өмірі мен ерлік жолына арналған тақырыптық көрме таныстырылды.
Қазылар алқасы қатысушылардың орындаушылық шеберлігі мен сахна мәдениетіне ерекше мән берді. Әуелете ән шырқаған жастар байқауға жоғары дайындықпен келгенін көрсетті. Байқау қатысушысы Икрам Танабергенов бас жүлдегер атанды. Нәтижесінде үздіктерге жас ерекшеліктеріне қарай арнайы дипломдар мен естелік сыйлық табысталды.
«Елім менің — әнім менің» байқауы жас буынның бойында елдік рух пен ұлттық мақтаныш сезімін қалыптастырған өнер додасына айналды. Бұл шара ел болашағына сенімді жастардың өнері мен патриоттық сезімін айқындайтын мазмұнды шара іспеттес.

Жұлдыз КЕНЖЕ,
Қарғалы ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button