Құлағыңызды сақтаңыз!
Есту қабілеті адам үшін қаншалықты маңызды екені барлығына мәлім. Ал енді оның басты жауы — қатты дыбыс. Біздің құлағымыз 40-45 децибел шамасындағы дыбыстарды қиналмай қабылдайды. Күнделікті өмірде түрлі дыбыстар естиміз, оның барлығы бірдей өлшемі қалыпты децибелге сай келмейді. Мысалы, сағатына 30-40 км жылдамдықпен қозғалатын көлік 55 децибел шамасында, оятқыш қоңырау — 80 децибел, мотоцикл — 85 децибел, рок-концерт — 90 децибел, іске қосылған ұшақ қозғалтқышының қуаты 120 децибел шамасында дауыс шығарады. Қорғаныс құралдарынсыз олардың жанында біраз тұрғаннан соң, құлақтың естімей қалуы әбден мүмкін. Алайда, ұзақ уақыт бойы әсер еткен жағдайда қарқыны төмен (85 децибелден кем) дыбыстар да қауіп төндіреді.
Адам күні бойы құлаққаппен жүрсе, есту қабілеті күрт төмендейді.
Құлақты қалай күтуге болады? Біріншіден, құлақты аптасына екі рет тазалау керек. Кәдімгі мақталы таяқшаларды пайдалануға болмайды, себебі олардың диаметрі шамамен есту жолының диаметріне тең келеді, сондықтан олар тазартпайды, керісінше құлықты ішке қарай итереді. Сондай ақ ондағы мақта зарасыздандырылмаған, микробтар болуы мүмкін. Құлақты тазарту үшін диаметрі 2,5 мм болатын арнайы таяқшаларды пайдалану керек немесе оларды зарасыздандырылған хирургиялық мақтадан қолдан жасауға болады.
Екіншіде, мұрын мен тамақ қуысын сақтаңыз.
Үшіншіден, құлаққапты құлақты сақтайтын құралмен ауыстыруды ұмытпаңыз.
Тығындылар кез-келген қатты дауыстан қорғайды. Алайда құлақты сақтау құралы қышып дуылдауға әкеліп соғуы мүмкін, бұл жайт дыбыс жолдары терісінің тыныс алуының бұзылғанын сипаттайды.
Есту өткірлігін тексеріп тұрыңыз. Шамамен алғанда адам құлағына қолсағаттың дауысы естілуі керек. Былай да бақылуға болады: біреуді 6 метр қашықтықтан сөйлетіп, оның сыбырлап айтқан сөздерін қайталап көріңіз. Ести алсаңыз, жақсы. Ести алмасаңыз, дәрігерге қаралыңыз.
Тоқыма өндірісінің жұмыскерлері, тегістеушілер, бұрғышылар отораларинголог-дәрігерлердің тұрақты пациенті болып табылады. Бұл олардың мамандықтарының ерекшеліктеріне байланысты. Бірақ, қазіргі таңда олардың қатарына оқушылар мен студенттердің де қосылғандығын өкінішпен айтуға болады. Қазір жастар құлаққап арқылы музыканы көп тыңдайды. Зерттеуге сүйенсек, күн сайын бір-төрт сағат бойы үзіліссіз әуен тыңдаған адамның есту қабілеті төмендейді екен, ол бірте-бірте кереңдікке апарып соғады.
Жұқпалы аурулар да есту қабілетіне өзінше әсер етеді. Тұмау, паротит, қызылша сияқты аурулар құлақтың қабынуына соқтырады. Қан жолдарындағы ауытқулар да өте қауіпті болып табылады. Қан ұюы салдарынан да адам керең болуы мүмкін.
Мына кеңестерге құлақ түріңіз.
Қатты шудан құлаққап-антифон киіп немесе есту жолдарының пішінін қайталайтын және қауіпті дыбыстардан сенімді сақтайтын силиконды тығындар пайдалану керек. Егер ондай мүмкіндік болмаған жағдайда мақтаны майлап, құлақты тығындауға болады, бұл ағзаны жоғары децибел әсерінен сақтайды.
Көлікте плейерді сирек тыңдауға тырысыңыз. Тұмаулатып жүрген болсаңыз, плейерді мүлдем тыңдамаған жөн. Қан қысымы деңгейін бақылауда ұстаңыз.
Классикалық музыка тыңдаңыз.
Қысқасы, құлағыңызды сақтаңыз!
Құралай АМАНДЫҚОВА,
І дәрежелі лор дәрігері.
Ақтөбе қаласы.




Кулакты оздигимен калай тазалауга болады катты бирнарсе тур