Инклюзивті білім беру мәселесі талқыланды

Облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығыменөткен отырыста ерекше білім беруді қажетететін балаларға тең білім алу мүмкіндігінқамтамасыз ету мәселесі талқыланды.
Облыстық білім басқармасының басшысы Бұлбұл Күзембаеваның мәліметінше, өңірде мүмкіндігі шектеулі 9753 бала тіркелген. Олардың білім алуын қолдау мақсатында 31 арнайы ұйым жұмыс істейді. Атап айтқанда, 5 психологиялық-медициналық-педагогикалықконсультация орталығы, 15 түзету кабинеті, 3 арнайы мектеп және аутизмі бар балаларғаарналған орталық қызмет көрсетеді.
Қазіргі уақытта облыстағы 92 балабақшада 547 инклюзивті топ, ал 347 мектепте 1 070 инклюзивті сынып бар. Онда 3 811 бала білімалуда. Сондай-ақ 189 арнайы педагог пен 450-ден астам көмекші маман еңбек етіпжатыр.Соңғы жылдары бірнеше ірі жоба жүзеге асқан. «Ақбота» және облыстық арнайы балабақшағакүрделі жөндеу жүргізілген, 136 орындық«Жұлдыз» жаңа балабақшасы пайдалануғаберілген. Қазіргі уақытта тағы екі нысанныңқұрылысы жүріп жатыр.
Басқарма басшысы бірқатар өзекті мәселегеде тоқталды. Атап айтқанда, дефектологтармен логопедтердің жетіспеушілігі,психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация орталығының шамадан тыс жүктелуі жәнеарнайы балабақшаларға 501 баланың кезекте тұруы — шешімін қажет ететінмәселелер.
Облыс әкімі Асхат Шахаров Ембі қаласындажаңа психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация орталығын ашу жұмыстарын жеделдетуді, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті мен Ақтөбегуманитарлық колледжінде арнайы мамандардаярлау бағдарламаларын қайта қарауды жәнепедагогтерді ынталандыру шараларынкүшейтуді тапсырды.
— Әрбір баланың сапалы білім алу, даму құқығыбар. Бұл — қоғамның кемелдігін көрсететінмаңызды көрсеткіш,— деді А.Шахаров.
Д.ҚАЗИХАН.



