Білім

Инклюзияны дамыту: өңірде жаңа ПМПК ашу және кадр даярлау жоспарлануда

Облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығыменөткен отырыста ерекше білім беруді қажетететін балаларға тең білім алу мүмкіндігінқамтамасыз ету мәселесі талқыланды.

Облыстық білім басқармасының басшысыБұлбұл Қүзембаеваның мәліметіншеөңірде 9 753 мүмкіндігі шектеулі бала тіркелгенОлардың білім алуын қолдау мақсатында 31 арнайы ұйым жұмыс істейдіАтап айтқанда, 5 психологиялық-медициналық-педагогикалықконсультация (ПМПК), 15 түзету кабинеті, 3 арнайы мектеп және аутизмі бар балаларғаарналған орталық қызмет көрсетеді.

Қазіргі уақытта облыстағы 92 балабақшада 547 инклюзивті топ, ал 347 мектепте 1 070 инклюзивті сынып бар. Онда 3 811 бала білімалудаСонымен қатар, 189 арнайы педагог пен 450-ден астам көмекші маман еңбек етіпжатыр.

Соңғы жылдары бірнеше ірі жоба жүзеге асқан. «Ақбота» және облыстық арнайы балабақшағакүрделі жөндеу жүргізілген, 136 орындық«Жұлдыз» жаңа балабақшасы пайдалануғаберілгенҚазіргі уақытта тағы екі нысанныңқұрылысы жүріп жатыр.

Басқарма басшысы бірқатар өзекті мәселегеде тоқталдыАтап айтқандадефектологтармен логопедтердің жетіспеушілігі, ПМПК жұмысының шамадан тыс жүктелуі жәнеарнайы балабақшаларға кезекте тұрған 501 баланың бары – шешімін қажет ететінмәселелер қатарында.

Облыс әкімі Асхат Шахаров Ембі қаласындажаңа ПМПК ашу жұмыстарын жеделдетудіҚ.Жұбанов атындағы АӨУ мен Ақтөбегуманитарлық колледжінде арнайы мамандардаярлау бағдарламаларын қайта қарауды жәнепедагогтерді ынталандыру шараларынкүшейтуді тапсырды.

«Әрбір баланың сапалы білім мен даму құқығыбар. Бұл – қоғамның кемелдігін көрсететінмаңызды көрсеткіш», – деді өңір басшысы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button