Мереке

Атына заты сай құтқарушы

Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында қарапайым қызметімен ерен ерліктің үлгісіне айналған азамат бар. Ол —аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы,азаматтық қорғау майоры Азамат Жаналин.

Көп жыл бойытөтеншежағдайлар кезіндеалдыңғышептежүргенол қазіргі таңдаәріптестері мен жергіліктітұрғындардыңқұрметі мен сеніміне ие.

Азамат Жаналин үшін қызмет — тек кәсіби міндет емес, ол үшін бұл — өмірлік миссия. Әр дабыл, әр шақырту — адам өмірі үшін күрес. Күнделікті тірлігіне қалыпты жағдай ретінде қарағанымен, ол атқаратын әр іс — шын мәнінде ерлік.

МұныМемлекет те ескерусізқалдырмады. Биыл ел ПрезидентініңЖарлығыменАзаматЖаналин «Ерлігіүшін» медаліменмарапатталды. Бұл — оныңжанқиярлықпенатқарғанқызметі, адамөмірінсақтаужолындатынбайеткенеңбегіүшінберілгенбаға.

2023 жылғы көктемде Ырғыз ауданындағы Жайсаңбай мен Құйылыс ауылдарын су басып, ондаған үй мен әлеуметтік нысан су астында қалды. Сол кезде Азамат Жаналин бастаған  құтқарушылар жедел әрекет етіп, жүздеген адамды қауіпсіз аймаққа көшірді. Эвакуацияның нақты жоспармен, жүйелі түрде жүргізілгені сонша, бірде-бір адам зардап шекпеді. Бұл оқиға кезінде тұрғындар оның  шешім қабылдау қабілетіне, командасын ұйымдастыра білу шеберлігіне тағы бір мәрте куә болды.

Былтырғы қыс та қиындықсыз өткен жоқ. «Самара-Шымкент» халықаралық тас жолында қар құрсауында қалған азаматтарды құтқару — бөлек әңгіме. 2024 жылдың 21 қаңтарында тоғыз шетелдік азамат мінген автобус қарға батып қалды. Келесі күні құтқарушылар 84 жолаушы отырған тағы бір автобусты эвакуациялады. Сол түні әйелдер мен балалардың өміріне қауіп төнді. Бірақ Азамат Жаналиннің жетекшілігімен құтқарушылар жедел жетіп, барлығын дін аман жеткізді.«Әр минуттың маңызы барын түсіндік», — дейді оның әріптестері. Шындығында, бұл — құтқарушы үшін басты қағида. Ол үшін уақыт — тек секундтар емес, адам өмірін сақтауағ берілген мүмкіндік.

Азамат Жаналин төтенше жағдай туындағанда ғана емес, оның алдын алу бағытында да белсенді жұмыс істейді.Ол әріптестерімен бірге елді мекендерді аралап, тұрғындарға қауіпсіздік талаптарын түсіндіреді, рейд ұйымдастырады. Өйткенікез келген апаттың ең тиімді шешімі — оның алдын алу екенін жақсы түсінеді.

Құтқарушылар күні — дәл осындай жанқиярлықпен еңбек етіп жүрген азаматтардың еңбегі елеп-ескерілетін, алғыс пен құрметке толы күн. Ал Азамат Жаналин — сол құрметке әбден лайық тұлға.

А.БАЛЖАНАЙ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button