Мәдениет

Бәрінен де ол сұлу

Ақтөбе аруы

Сәрсенбі күні Ақтөбе қаласында «Ақтөбе аруы — 2025» байқауы өтті. Дәстүрлі қыз сынында бұл жолы 12 бойжеткен бақ пен бабын сынады.

Аталған шоудың ұйымдастырушысы Маржан Молдахметқызының айтуынша, дайындық жұмыстары осы айдың басынан бері жүргізілген.
— 1999 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан байқаудың биылғы ерекшелігі — қайырымдылық акциясының өткізілуі. 8 баласы бар анаға қаржылай көмектестік. Бұл игі іске ерекше атсалысқан қатысушымызды «Мейірім аруы» аталымы бойынша марапаттадық.
Жалпы саны 70 қыз бала қатысуға ниет білдірді. Солардың арасынан 12-сін іріктеп алдық. 18-24 жас аралығындағы үміткерлердің әзірлігі жақсы, жеңіске ұмтылысы зор, — дейді ол.
Мәдениет қызметкерлері, қоғам белсенділері, спортшылардан құралған қазылар алқасы қатысушылардың білімі, сахна мәдениеті, эстетикалық талғамына баса мән берді. Байқаудың өзі таныстыру, өнерін көрсету, этно-қойылым сияқты кезеңдерден тұрды.
Сұлулық сайысының қорытындысы бойынша Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті дизайн-архитектура мамандығының III курс студенті Дильназ Сәрсенбай «Ақтөбе аруы — 2025» атанды. 19 жастағы жеңімпаз арнайы жасалған тәж, дипломмен марапатталып, Түркияға жолдама алды. Енді ол алдағы қараша айында Алматы қаласында өтетін «Қазақстан аруы — 2025» ұлттық байқауында Ақтөбенің намысын қорғамақ.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button