Денсаулық

Жаңа амбулатория ашылды

Маржанбұлақ ауылында заманауи амбулатория ғимаратының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

Айта кетелік, құрылыс прокуратура органдарының тексерісі қорытындысында қайтарылған активтердің қаражаты есебінен жүргізілді.

Жаңа ғимаратта тәулігіне 45 адамды қабылдауға мүмкіндік бар. Мұнда 2 қызмет көрсету учаскесі бар, соған сай 2 дәрігер және 10 медициналық қызметкер еңбек етеді. Амбулатория соңғы үлгідегі медициналық техникамен және заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған, бұл ауыл тұрғындарына сапалы қызмет көрсетуге жол ашады.

Ашылу салтанатына облыс прокурорының орынбасары Айбек Тағыберген, облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Ержан Мұздыбаев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ерлан Сұлтангереев, Алға ауданының әкімі Асланбек Шүйіншәлиев қатысты. Олар ауыл тұрғындарын құттықтап, медицина қызметкерлерінің жұмысына сәттілік тіледі.

А.САРЫБАЙ,

Алға ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button